Жоба өнімінің сипаттамасы
Бүгінгі заман талабына сай сапалы білім болу үшін әр оқушының танымдық процестері жақсы даму керек.Сынып оқушыларының танымдық әректтері бірдей емес.Осы ерекшеліктерді есепке ала отырып,оқу процесін құру педагогтың шеберлігіне байланысты ол үшін педагог жас ерекшеліктеріне қарай әдіс тәсілдерді қолданып,таным процестерін зерттеу керек.Жас ерекшелік психологиясын меңгеру керек.Сонда ғана әр жасқа байланысты нақты зерттеулер жүріп,нақты нәтиже қолданылады,Сол себепті «сандарды есте сақтау » әдістемесін жұмыс ұсынамын.Бұл әдістеме баланың аз уақытта сандарды қаншалықты көріп,есте сақтауын бағалауға арналған.Тапсырмада 10-15 екі орынды сандар жазылады.20 секундтан соң кесте алынады,ал зерттеушілер естерінде қалған сандарды қағазға түсіру керек.1-2 сыныптарға -5сан,3-4 сыныптарға 10 сан беріледі.
Сандарды есте сақтау әдістемесіне материал
13
|
91
|
47
|
51
|
65
|
83
|
19
|
87
|
23
|
94
|
71
|
11
|
15
|
90
|
39
|
27
|
Бала қиялының дамуы деңгейін анықтау әдістеріне арналған шығармашылық тапсырма
5 минут ішінде тірі жан туралы ермек сазбен мүсін жасау керек.Ойлауға 1 минут беріледі.Бұнда кез келген тірі жандарды ермек сазбен бейнелеу керек.Бұл 10 ұпайлық жүйемен бағаланады.
0-1 ештеңе жасай алмаса;
2-3 таяқша,домалақ,текше сақина жеңіл түрдегі зат үшін;
4-5 ұпай 2-3 құралған жарайтын мүсін;
6-7 ерекше фантазия байқалмайды,бірақ қызықты зат жасаса;
8-9 ұпай жасалған зат тамаша,бірақ бөліктері толық емес;
10 ұпай өте тамаша,толық ойластырылған,көркемдік жағынан жоғары деңгейде;
Техникалық құрал арқылы балалар кез келген жануарлардың,тениканың аңдардың дыбыстарын естиді,бұл кезде бала бір минут ішінде естілген дыбыстар қай жануарға тән екенін айту керек.
Бұл тапсырма арқылы сабаққа оқушылардың зейіні қалыптасады.
Жадының түрін зерттеу
Шам
|
Кеме
|
Ұшақ
|
Қасқыр
|
Алма
|
Ит
|
Шәйнек
|
Бөшке
|
Қарындаш
|
Парта
|
Көбелек
|
Конки
|
Найзағай
|
Етік
|
Аяқ
|
Ара
|
Үйрек
|
Таба
|
Бөрене
|
Ескек
|
Шеңбер
|
Тоғай
|
Май шам
|
Жұмбақ
|
Дейірмен
|
Саңырауқұлақ
|
Журнал
|
Кітап
|
Тоты құс
|
Шөп
|
әріп
|
Көз
|
Қағаз
|
Сабын
|
Жіп
|
Көмір
|
Сиыр
|
машина
|
Қару
|
ән
|
Зерттелуші оқушыларға рет-ретімен есте сақтаулары үшін төрт топтағы сөздерберіледі.Мұғалім бірінші қатардағы сөздерді ретімен,арасына 4-5сек. Салып оқиды.(дыбыстық есте сақтау) 10cек. Соң оқушылар естерінде сақталған сөздерді жазады.10 мин. Кейін мұалім екінші қатардың сөздерін тақтаға жазады.Оқушылар үнсіз оқып,соңынан есте сақтағандарын жазады (көріп есте сақтау) 10 мин.соң оқушыларға үшінші қатардың сөздері беріледі:мұғалім сөзді оқиды,ал оқушылар осы сөздерді іштерінен қайталап жазады,содаң соң есінде қалғағандарын қағаз бетіне түсіреді.(моторлық дыбыстық есте сақтау).Аз ғана үзілістен соң төртінші бағандағы сөздер беріледі.Бұл жолы мұғалім тақтада жазылған сөздерді оқиды,ал оқушылар әрбір сөзді сыбырлап қайталайды.Содан соң естерінде қалған сөздерді қағазға түсіреді.(көру,есту- моторлық есте сақтау)
1-2 сыныптарға 5 сөз
3-4 сыныптарға 10 сөз
Нәтижелерін өңдеу
Жады түрінің коэффициентін есептеп,оқушыдан жадының қай түрі басымырақ екендігін анықтауға болады.
С=А х 100% / В,мұндағы А дұрыс жазылған сөздердің саны
В берілген сөздердің саны
Оқушылардың қай қатардығы сөздерінің саны бірлікке (100%) жақын болса,оқушыда жадының сол түрі жақсы дамыған.Сыныптағы оқушылардың басым көпшілігі оқу материалын жақсы есте сақтап қалуы үшін сыныпта жадының қай түрі басымырақ екенің анықтап алу керек.Бұл үшін жадының әрбір түрі коэффициенті есептеледі.
К= С1+С2+С3+С4/n,мұндағы С1,С2,С3,С4 жадының берілген түрінің жеке көрсеткіштері.n оқушылардың саны.
Міне,осындай бірнеше танымдық процестерге байланысты зерттеулерді қолданғанда сұрақтар туындайды.Зерттеу не үшін қажет,мұғалімнің оқу үрдісінде қандай нәтижеге жеткізеді.Оны схема арқылы көрсетемін
Баланың ішкі жан дүниесінен ақпарат алады
Сонымен қатар оқу жылы аяғында оқушы келесі сыныпқа көшер кезде,әрбір оқушыларға мінездеме беріледі.Мына берілетін мінездемені психолог,мектеп медбибісімен бірігіп отырып ұстаз мінездемені жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |