Реферат Жеке дамыту модулі (Академиялық хат және ойлау дизайны) Тақырыбы: менің мамандығым



Дата18.10.2023
өлшемі26,78 Kb.
#118317
түріРеферат

Каспий қоғамдық университеті
Реферат
Жеке дамыту модулі (Академиялық хат және ойлау дизайны)
Тақырыбы: менің мамандығым


Орындаған: Аманбаева Аружан
Тексерген: Жумасейтова А.Б


Алматы,2023


Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………2
Сәулет дегеніміз не?………………………………..3
Сәулетшілер не істиді?…………………………….4
Қорытынды………………………………………………5

1


Кіріспе
Менің қалап таңдаған мамандығым ол- сәулетші мамандығы яғни архитектура. Мектептің соңғы жылдарында мамандық таңдаудан қиналып, не таңдарымды білми жүрген кезде өзімнің ішкі жан дүнием сызуды, суретті жақсы көретін болғандықтан осы мамандықты таңдадым десемде болады. Архитектура негізінен үйдің, ғимараттың дұрыс салынуымен қатар әсем, көзге әдемі көрінуін қамтамасыз ететін мамандық түрі. Ал сәулетшілер үйдің салыну, сыртқы және ішкі кеңістіктің әдемі болуын қамтамасыз етіп отырып, бөлек оймен яғни фантазияны қоса отырып ғимаратты ерекше сызып, планын ұсыну. Бұл мамандық негізінен шығармашылыққа тікелей байланысы бар деп ойлаймын. Себебі, бұл мамандыққа тапқырлық, ерекше ой, фантазия керек. Ғимараттың бастапқы планын сызғанда ерекше дизайнмен салсан ол көзге әдемі көрінеді.
Сәулетші мамандығы қазіргі таңда ең сұранысқа ие, керекті мамандықтардың бірі, себебі айналадағы алып жатқан кеңістігіміздегі заттардың бәрі архитекиураға тікелей байланысты.
Сәулет өнері — тастан қаланған саз деп Иоганн Вольфганг айтқанда шынымен архитектура бұрынғы заманнан келе жатқан бізге дейін жеткен мұра деп айта аламын. Мысалыға алатын болсам ежелден келе жатқан құпиясы ашылмаған архитектуралық ғимараттар әлемде көп.

https://kk.eferrit.com

2
Сәулет дегеніміз не?


Сәулет - құрылыс өнері; жобалау және құрылыс салу өнері.Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді.Архитектура туындылары адамның күнбе-күнгі тіршілік ортасын қалыптастырады. Олар: әр түрлі қажеттіліктерді атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына жауап бере алатындай болып салынған тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар, өнеркәсіптік кешендер. Сәулет өнері – техниканың, ғылымның және өнердің тоғысқан жері. Адамзат баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес.


(https://kk.m.wikipedia.org)

3
Сәулетшілер не істиді?


Сәулетті әр түрлі элементтерді ескере отырып, сұлулық, геометрия, эмоционалды күш, интеллектуалдық мазмұн, берік құрылыс және ыңғайлы жоспарлау қасиеттері бар инфрақұрылымдар жасау өнері мен ғылымы деп сипаттауға болады: берік материалдар, жағымды декорациялар, жақсы пропорциялар, тыныштық пен динамизм. Сәулетші өзін кез-келген күрделі құрылымды жобалап, жиектейтін және инфрақұрылымның эстетикалық мазмұнының жоғары болуына кепілдік бере алатын, құрылыс жұмыстарының жоғары стандарттарға сәйкес жүргізілуін қадағалайтын құрылыс өнерінің шебер шебері ретінде анықтайды. жобалау стандарттары. Сәулетшінің функциялары өте кең және басқалармен қатар аумақты стратегиялық жоспарлау және бөлу, қала дизайны, алдын-ала зерттеулерді дайындау, тұжырымдамасын, дизайнын, модельдерін, сызбаларын, ерекшеліктерін және техникалық құжаттама, келісімшартты басқару, құрылысты қадағалау және жобаны басқару. Сәулетшінің негізгі міндеттерінің бірі - жоба талаптарын анықтау үшін мүдделі тараптармен жұмыс жасау. Барлық талаптарды үйлестіру және құжаттау үшін жауапты болмауыңызға қарамастан, сіз инженерлік қызметке қойылатын талаптармен айналысуыңыз керек. Жоба жоспарланғаннан кейін сәулетші клиенттің талаптары мен құрылыс нормаларын сақтай отырып, стилі бар және жобаның қажеттіліктеріне бейімделген өте егжей-тегжейлі жоспарлар құруға мүмкіндік беретін шабыт табуы керек.


https://kk.warbletoncouncil.org
4
Қорытынды
Қорытындылай келсем мен бұл мамандықты таңдағаныма өкінбеймін және бұл мамандық маған ұнайды. Болашақта нанымды осы мамандық арқылы тауып жеймін деп ойлаймын. Маған кішкене кезімнен сурет салған ұнайтын, осы қабілетімді одан әрі шыңдап осындай дәрежеге дейін әкелгеніме қуанамын. Осы оқуымды яғни сәулетші мамандығын бітіргеннен соң жақсы құрлыс компаняларына жұмысқа тұрып, неше түрлі еліміздің көркейуіне үлес қосатындай зәулім ғимараттарды жоспарлап салғым келеді.
Негізінен мамандық таңдағанда жанның қалауымен таңдаған дұрыс деп ойлаймын. Себебі көбі мамандық таңдағанда қателесіп жатады немесе оқып жүрген мамандықтарын жарты жолдан тастап кетіп жатады. Сондықтан мамандық таңдағанда асықпай, мұқият таңдаған дұрыс.

5
Қолданылған әдебиеттер

  1. https://kk.warbletoncouncil.org/que-hace-un-arquitecto-1652

  2. https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D3%99%D1%83%D0%BB%D0%B5%D1%82%D1%88%D1%96

  3. https://kk.eferrit.com/%D1%81%D3%99%D1%83%D0%BB%D0%B5%D1%82%D1%88%D1%96-%D0%B4%D0%B5%D0%B3%D0%B5%D0%BD-%D0%BD%D0%B5/


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет