2.Әр оқушыға диагностикалық зерттеу картасын құру.
3. Баланың дамуын анықтау.
4. Баланың жас ерекшелігіне сай әдістерін таңдап алу.
Күтілетін нәтиже:
1.Сынып оқушыларының танымдық процестерін зерттеуге арналған ғылыми механизмдері анықталады.
2.Оқушылардың танымдық қабілеттері анықталады.
3.Ақпарат жинақталады.
4.Әр оқушыға диагностикалық зерттеу картасы құрылады.
5 Балалардың жас ерекшелігіне сай әдістер таңдалады.
Жобаның негізгі мазмұны
Теориялық негіздемесі
Түрлі білім саласының өкілдері: биологтар, медиктер, философтар, өнер зерттеушілері, саясаткерлер және т.б. адамдардың түрлі типологияларын, адамды ғылыми түрде қарастырғанда бір типті адамды, немес жеке тұлғалар арасында қайталанатынын байқаған.
Мұндай типтерге бөлуге негіз болған нәсілдік, мәдениеттілік, түпкі жаратылысы және психологиялық жүйке жүйесінің ерекшеліктері болды. 1921 жылы толық суреттеп, танымал тұлғаның типологиясын ең алғаш жариялаған психолог К. Юнга болатын
Әлемге танымал болған типологияны, психолог мамандар әлі күнге дейін бар қызығушылықпен зерттеп келеді. Немістің романсист жазушысы О. Шмиц К.Юнганың бұл жүйесі психоанализдің адамзат дамуына қызмет етуге мүмкіндік беретіндігі айтса, ал атақты профессор – Р. Вильгельм Юнганың жұмыс туралы былай деп жазды: «Юнга негізін тапты ма, жоқ па, қазіргі кезде онымен салыстыратын психолог жоқ екенін мойындау керек, оның практикалық өткірлігігіне, теориялық тереңдігіне, шешімді батылдығына ешкім де тең келмейді».
Француз сыншысы Э. Берль «көптің ішінен Юнгадан басқа ешкім мынадай үлкен табысқа жеткен емес, психологияны терең грамматикалық зынданнан шығару үшін Канттың айтқан пікірін қолдап, Юнганың психологиясы – ежелгі заманнан бастап жан-жақты, мәдениетті зерттеулерге сүйенгендігі жайында айтады.»
Психодиагностикалық тәжірибеде әлеуметтік – психологиялық зерттеулер нәтижесінде социометриялық тест пайда болды, оны ең алғаш рет американдық психолог Дж. Морено ойлап тапты.
Психикалық процестердің тәжірибе арқылы құрылуын ең алғаш рет Л.С:Выготский ойлап тапқан.
Зейін психикалық процестердің бастыларының бірі болып табылады. Оның сипаты арқылы баланың танымдық деңгейң анықталады., оның оқу іс-әрекетінің сапасына әсер етеді. Оқытудың бастапқы кезінде пайда болған қиындықтардың бәрі зейіннің дамуындағы жетіспеушіліктерін байланысты болады. Оларды дер кезінде анықтап жоюға болады.
Төменгі сынып оқушыларының зейінінің деңгейін Ландольт сақиналары арқылы анықтауға болады. Мектепке келетін балалардың зейінін, мектепке оқуға дайындық деңгейін анықтауға биіктігі әліппедегі әріптердің көлемінде сақиналар ұсынылады.
Баланың мектепке дайындалу әдісі педагогикалық психология жағынан жақында ғана орын алды.
Педагогика және психологияның проблемаларын талқылауда, ең біріншіден мектепке дайындалу барысының шешімін анықтау үшін екі түрлі жолдама қажет, ал кей кездерде оған қарама-қарсы көзқарастар да пайда болады.
Баланы зерттеу мұғалім қызметінде белгілі бір мақсатқа бағытталушылықты талап етеді. Педагог өзінің нені білгісі келетінін, оқушының жеке басының қай жағы оны қызықтыратынын анық көз алдына елестетуге тиіс. Бұл кең де жеткілікті қойылған міндет болуы мүмкін. Болуы мүмкін, мысалы, өз класындағы оқушылардың өзара қарым-қатынасының немесе оқушының ерекшелігін зерттеу. Міндет өте тар көлемде болуы да мүмкін.мысалы, кейбір оқушыларда болатын грамматиканы меңгерулеріндегі тұрақты қиыншылық тардың себебін ашу.
Қойылған міндетке сай мұғалім фактілер жинау әдісін таңдап алады. Өзінің мүмкіндіктерін қарай, мұғалімге ең қолайлысы байқау әдісі болып табылады.
Байқау – қабылдаудың жоспарлы да жүйелі., дәл бағытталған процесі.
Мұғалім балаларды зерттеп білу үшін кейбір қарапайым тәжірибелерд іде пайдалана алады, әңгңмелер өткізеді немесе сұрақтардың көмегімен сауалдама жүргізеді.
Оқушыларды зерттей отырып, мұғалім әдетте бір негізгі мақсатты – әрбір балаға, оның әрі қарай дамуына, қуаныштырақ та толық бағалы және перспективті өміріне – ең жақсы жағдайлар жасауды көздейді. Сондықтан оның оқытушы мен тәрбиеші ретіндегі бүкіл зерттеу жұмысының балалар өмірлерінің әлі де қызықтырақ болып, олардың мектептегі оқуды әрқайсысы үшін қуанышты да маңызды еңбек болсын, сынып ұжымы өмірінде, спорттық секцияда, әрбір оқушыныңғ, оның жеке дара ерекше сипаттарымен қоса, адамзаттың ең жақсы белгілері болып саналады.