Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу әдістемелері Орындаған: Бекмағамбетова М. Е

Елестету мен есте сақтау – танымдық процестер

бет2/6
Дата16.03.2023
өлшемі183,92 Kb.
#74914
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу әдістемелері атты тақырыпта жоба

Елестету мен есте сақтау – танымдық процестер
Елестету барлық уақытта бейне түрінде болады, ал есте сақтау көрнекі түрде бейнелеумен қатар, логикалық (ойды есте сақтау), эмоциялық (сезінуді есте сақтау) болып екіге бөлінеді. Адам елестету арқылы шығармашылығын енгізуге мүмкіндік беретіндей әлемді өзбетінше түрлендіре алады. Сондай-ақ алдағы болатын жағдайларды елестете алады.
Елестету адам өмірінде бірнеше арнайы міндеттер атқарады. Нақтылықты елестете алу және оларды қажетті жағдайларда қолдана алу осы міндеттердің бірі болып табылады. Екінші міндет адамның көңіл-күй жағдайын басқара алатындығына байланысты. Үшінші міндет адамның жағдайы мен оның танымдық процестерін еркін басқаруымен тікелей байланысты болады. Төртіншісі – адам өзінің ішкі жоспарын жасап, ойша образдарды манипуляция жасай алатындығында.
Есте сақтау қабілеті адам өмірінде маңызды роль атқарады. Есте сақтау қабілетінсіз балалар меңгергенін және дұрыс әрекеттері мен жіберілген қателері туралы өзінің ой-пікірін есте сақтай алмаған болар еді. Оқушы өзінің есте сақтаған білімін қажет кезінде қайта еске түсіріп, пайдалана алады.
Қоршаған ортаны тануда балалардың есте сақтауы мен елестетуі бір-бірімен келесі бағыттарда әсерлеседі:

  1. бейне мазмұнымен алмасу: елестету материалын өз жадысынан алады, ал жады елестету бейнелерін пайдаланады;

  2. өзара бір-біріне әсер ету: елестету есте сақтауды одан әрі жақсарта түсу процесіне қатысады; есте сақтау елестету процесін шығармашыл, әрі өнімді етеді;

  3. есте сақтау мен елестету басқа да психологиялық процестерге әсерлесе отырып, көрнекі ойлаудың негізін құрайды.

Аз уақыт аралығында ақпараттарды есте сақтау қысқа мерзімді деп аталады. Бірнеше секундтан бірнеше күндерге созылатын уақытта ақпаратты есте сақтау шапшаң немесе оперативті деп аталады. Белгіленген мерзімге ақпаратты есте сақтау ұзақ мерзімді деп аталады. Оны пайдалану ойлау мен жігерді күшейте түседі.
Генотипте сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ақпарат генетикалық деп аталады. Көру қапері (есте сақтау) айналадағы көрінетін денелер мен құбылыстарды есте сақтайды және оларды қажет уақытында қайта жаңғыртады.
Естігенін есте сақтау дегеніміз әртүрлі музыкалық және сөздік дыбыстарды есте сақтау және оларды қайта жаңғырту. Есте сақтаудың бұл түрінің көмегімен оқушы оқыған мәтіндерінің мағынасын түсінеді. Қозғалтқыш есте сақтау барысында оқушы қажетті жағдайда көпфазалы күрделі қозғалысты жеткілікті дәлдікпен есте сақтайды. Баланың өз басынан кешірген қандай да бір жағдайды еске түсіруін эмоциялық есте сақтау дейді. Оған белгілі материалдарды берік есте сақтау негіз болады.
Түйсіну, иіс сезу, дәм сезу адамның биологиялық мен организмінің өзін-өзі қорғауы мен қауіпсіздігін сақтауымен байланысты қажеттіліктерін қанағаттандыруға әкеледі.
Баланың есте сақтау процесі оның жас кезінен бастап белгілі бір бағытта дамиды. Алдымен механикалық есте сақтау бірте-бірте толығып, логикалық есте сақтауға айналады. Ал, тікелей есте сақтау уақыт өте келе әртүрлі мнемотехникалық құралдар мен тәсілдерді есте сақтау мен оларды қайта жаңғырту үшін қолданылатын белсенді, сапалы есте сақтауды байланыстыратын аралық есте сақтауға ұласады. Сондай-ақ жас кездегі еріксіз есте сақтау баланың жасы ұлғая келе еркін есте сақтауға ұласады.
Есте сақтаудың филогенетикалық даму түсінігін анықтауда П.П.Блонский үлкен үлес қосты. Ол ересек адамдардағы есте сақтаудың түрлері өзінің тарихи даму кезеңдері де болып табылады, әрі есте сақтауды жетілдірудің филогенетикалық сатысы деп қарастырды. Бұл айтылған пікірлер қозғалтқыш, аффектілі, бейнелік, лигикалық есте сақтау түрлеріне де қатысты.
Ішкі есте сақтау құралдарының қалыптасуында сөз, сөйлеу үлкен орын алады. Сөйлеу – адамдардың қарым-қатынасының негізгі құралы. Бірақ сөйлеу мен тілді нақты ажырата білу керек. Тіл – адамдар үшін белгілі бір мағына беретін дыбыстардың байланысы берілетін шартты символдар жүйесі. Сөйлеу қатынас құралы болуымен қатар, басқа адамдарды басқару және адамның өз мінезін жүйелеу құралы да болады. Сөйлеу функцияларына қарай ішкі, сыртқы, монолог, жазу, ауызша сөйлеу болып бірнеше түрге бөлінеді.
Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша, баланың ойлауы оның есте сақтауымен тікелей байланысты. Ойлау тікелей есте сақтау мен елестету негізінде дамиды. Адамзаттың қоршаған әлемді тануы ойлау мен сөйлеу болмаса мүмкін болмаған болар еді. Адамның басқа тіршілік иелерінен айырмашылығы – адамдар өздерінің ойлары мен сезімдерін сақтап, басқаларға сөз арқылы бере алады. Олай болмаған жағдайда адам санасының сөздік-логикалық ойлау түрі болмайды. Ғылыми білімдердің барлығы дерлік сөз түрінде сақталған. Адамдардың қажеттілігі мен қызығушылықтары үшін пайдаланатын барлық материалды және рухани құндылықтардың аты бар, олардың барлығы ойлау нәтижесінде пайда болған. Сондықтан оқушылардың сөйлеу, ойлау мәдениетін қалыптастыру – бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі міндеттерінің бірі.
Танымдық процестер: қабылдау, зейін, елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу – балалардың кез келген іс-әрекеттерінің негізгі құраушылары болып табылады.
Адам әңгімелесу, ойлау, оқу, еңбек ету т.с.с. қажілеттіктерін қанағаттандыру үшін қоршаған әлемді қабылдауы, өзінің іс-әрекетін белгілі бір құраушысына немесе сәттеріне көңіл бөлуі, өзінің не істейтінін, нені есте сақтайтынын, ойланатынын, айтатынын, талдайтынын елестете алуы қажет. Сондықтан адам әрекеттерінің бөлінбейтін ішкі сәттері болып табылатын танымдық процестерсіз ешқандай адам әрекеттері болмайды. Танымдық процестер әрекеттер барысында үздіксіз дамып отырады.
Оқушылармен жүргізілетін педагогикалық жұмысқа кірісер алдында ең алдымен баланың табиғи қабілеті мен қоршаған ортаның әсерінен алғанына көңіл бөлуі керек.
Адамның талабының дамуы, оның қабілеттіліктерге айналуы – оқу мен тәрбиелеудің негізгі міндеттері, оларды танымдық процестердің дамуы мен ол туралы мәліметтерді білмей шешу мүмкін емес. Олардың дамуымен қатар қабілеттілік жаңа сатыға көтеріліп жетіледі. Оқыту мен тәрбиелеу әдістерін дұрыс таңдау үшін танымдық процестердің психологиялық құрылымын, оның қалыптасу заңдарын білу қажет. Танымдық процестердің дамуы мен оны зерттеуге Л.С.Выгодский, А.Н.Леонтьев, Л.С.Сахаров, Ж.Пиаже, С.Л.Рубинштейн және т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты. Олар танымдық процестердің қалыптасу теориясы мен әдістемесін дайындаған. Қазіргі кезде оқу әрекетіндегі танымдық процестерді ойдағыдай дамыту үшін оқытудың қазіргі кездегі әдістері мен құралдарын іздестіру керек. Осындай құралдардың бірі – сабақтарда көпсалалы жоғарғы мүмкіндікті компьютерлерді пайдалану.
Өзбетінше ойлайтын, дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін осы жаста танымдық процестерді дамыту өте маңызды. Егер белгілі бір тақырыптарды үйретуге компьютер пайдаланса, онда бейнелеу өнеріне бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесі тиімді болуы мүмкін, себебі:

  1. оны пайдалану мұғалім әрекеттерін оңтайландырады;

  2. қазіргі кездегі видеотехника құралдарын, түсті, графиктерді, дыбысты пайдалану арқылы жағдайлар мен ортаның айырмашылығын модельдеуге болады және оның барысында оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттері дамиды;

  3. ол оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра түседі.

Осындай мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін бастауыш сынып мұғалімдерінің алдына:

  • бейнелеу өнері сабақтарындағы оқыту процесіне компьютерлік оқыту құралдарын пайдаланудың психологиялық-педагогикалық, әдістемелік аспектілерін зерттеу;

  • бастауыш сыныптағы бейнелеу өнері сабақтарына компьютерлік оқыту құралдарын пайдалану тиімділігін тәжірибеде зерттеу;

  • алынған мәліметтер негізінде бейнелеу өнері сабақтарында компьютерлік оқыту құралдарын пайдаланып өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар дайындау міндеттері қойылады.

Осындай міндеттерді шешуге арналған зерттеу барысында

  • зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық, әдістемелік еңбектерге талдау жасалады;

  • бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процестеріне бақылау жүргізіледі;

  • бастауыш сыныптардағы бейнелеу өнері сабақтарында компьютерді пайдаланып оқытуға арналған тапсырмаларды таңдалып, құрастырылады;

  • эксперименттік оқыту және алынған мәліметтерді өңдеу тәсілдері қолданылды.

Сонымен қатар мектепке дейінгі балаларға қарағанда,бастауыш сынып оқушыларында әжептәуір дамыған.Бірақ әлі де болса қабылдау дами қоймаған.Баланың қабылдауы эмоцияға байланысты,көп нәрсе оны қуанышқа немесе ренжуге бөлейді.Бастауыш сынып оқушыларында кеңістікті қабылдауы және уақытты қабылдауы жеткіліксіз дамиды.Баланың қабылдау ерекшеліктерінің қалыптасуында мұғалім негізгі роль атқарады.
Л.С.Выготскиидің айтуынша,бала оқуға келген соң,оның ойы мен интеллектісі үлкен өзгерушіліктерге ұшырайды.Бала қарапайым ойдан,ұғым арқылы ойлауға көшеді.Оның абстрактылы үғымдық ойлауы қалыптасады.
Төменгі сынып оқушыларының таным процестерінің зерттеу кезінде,мұғалім қызметінде белгілі бір мақсатқа бағытталушылықты талап етеді.Мұғалім өзінің нені білгісі келетінің,оқушының жеке басының қай жағы оны қызықтыратынын анық көз алдына елестетуге тиіс.Бұл кең де жеткілікті қойылған міндет болуы мүмкін,мысалы,өз сынып оқушыларының есте сақтау қабілеттерін,немесе оқушылардың бірнеше танымдық процестерін зерттеу.Зерттеу кезінде мұғалім неғұрлым әрбір оқушының өмірін,оның отбасын,отбасы мүшелерінің өзара қарым- қатынасын толығырақ білсе,оның басынан кешкен қиыншылықтарды,қателіктерді немесе табыстар мен неғұрлым толығырақ таныс болса,соғұрлым оқушыларды зерттеу қиынға соқпайды.
Мұғалім балалардың танымдық поцестерін зерттеп білу үшін кейбір қарапайым тәжірибелерді де бөлек пайдалана алады,әңгімелер өткізеді немесе сұрақтардың көмегімен анкета,тест жүргізуге болады.
Оқу,санау,жазу машықтарын игеріп барған баланың өзі,кейде ынтасы түсіп оқуға қызығушылығы болмайтын кездері болады.Оның негізгі себебі,сабаққа зейінін шоғырландыра алмай,селқос,салдыр – салақ,оқу материалдарын қалай болса –солай тыңдайтын,үй тапсырмасын өз бетінше орындау кезінде логикалық ойлауы,есте сақтауы,таным процестері өз дәрежесінде толық дамып,жетілмегендіктен,яғни оқу әрекетін меңгермеген деп есептелінеді.
Сол себепті балалардың танымдық белсенділігін,зейінділігін пайымдауын,талдап салыстыру,жалпылау мен ерекше белгілеріне қарап ажырату дағдыларын қалыптастырудың олардың қабілеттерін диагностика негізінде анықтап және оарды дамытудың маңызы ерекше.12 жылдық білім беру кезінде оқушылардың танымдық процестерінің көрсеткіштерін төмен болдырмау үшін көптеген жұмыс түрлерін ұсынып отырмын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет