Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу әдістемелері Орындаған: Бекмағамбетова М. Е


IY.Жобаны тиімді түрде жүзеге асыруда кездесетін кедергілер, болуы мүмкін қиындықтарды болжау



бет6/6
Дата16.03.2023
өлшемі183,92 Kb.
#74914
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу әдістемелері атты тақырыпта жоба

IY.Жобаны тиімді түрде жүзеге асыруда кездесетін кедергілер, болуы мүмкін қиындықтарды болжау
Білім беру мекемесіндегі психологиялық қызмет жүйесінің жолға қойылмауы ең бірінші кедергі болып табылады.
Мектеп психологының функционалдық міндеттерінің дұрыс анықталмауы, психолог мамандардың жетіспеушілігі, бар болған жерде оның кәсіби деңгейінің төмендігі оқушыларды жеке тұлға ретінде танып, білуге бөгет болатын басты қиындықтар.


Y.Глоссарий


Зейін-адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс
Жеке тұлға-әлеуметтік ортада қалыптасып, өзіндік ерекшеліктерімен ( талғам, мұратымен) қабілет, мінез-құлық, мүдделерімен) сипатталатын адам.
Даму-заңды , тек ілгері бағытталған өзгерістер. Оның нәтижесінде нысан жаңа сапалық қасиетке ие болады.
Жады-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында жатталып, сақталып, қажет кезінде қайтадан жаңғыртылуын бейнелейтін психикалық танымдық процесс


YI.Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.ҚР «Білім туралы» Заңы, Астана 2007.
2.ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана 2010.
3.М.М.Жанпейісова Модульдік оқытк технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде Алматы, 2002.
4.А.А.Аманжолова, Г.Ш.Абитаева Мектепалды және бастауыш сынып оқушыларының психологиялық педагогикалық диагностикасы Жезқазған, 2004.


YII.Қосымша
Оқушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу мақсатымен мынадай жаттығулар өткізеге болады:

  1. «Көңіл-күй суреті» атты жаттығу. Адамның қарым-қатынасы оның көңіл-күйінен білінеді, көңіл-күй адамның ішкі дүниесінің құбылысы. Олай болса көңіл-күйімізді біліп алайық. Тақтадағы гүлге назар аударсақ. Сендер әрбір үйдің өсіп келе жатқан гүлдерісіңдер. Енді осы гүлге көбелек қондыруымыз керек. Мына қағаздан қиылған көбелекке өз көңіл-күйімізді жазып тақтадағы гүлге қондырамыз.

  2. Өзін-өзі бағалау. Мен қандаймын?

Оқушылар 10 жағымды қасиеттерді оқи отырып, өз өздерін қалай қабылдап бағалайтынын анқтайды.



Мен қандаймын?

иә

жоқ

кейде

білмеймін

1

Мен жақсымын













2

Мен қайырымдымын













3

Мен ақылдымын













4

Мен тиянақты, ұқыптымын













5

Мен тілалғышпын













6

Мен ықыласты, ---------













7

Мен сыпайымын













8

Мен ақылды, қабілеттімін













9

Мен еңбекқормын













10

Мен шыншылмын































Нәтижесін бағалау:


«иә» - 1 ұпай; «білмеймін» - 0,5 ұпай;
«жоқ» - 0 ұпай; «кейде» - 0,5 ұпай;

10 – ұпай - өте жоғары;


8 - 9 ұпай – жоғары;
4 – 7 ұпай – орташа;
2 – 3 ұпай – төмен;
0 – 1 ұпай - өте төмен.

  1. Талым процестерін диагностикалау:

а) суретке мұқият қарап, естеріңе сақтап алыңдар. Енді еске сақтағандарыңды алдарыңдағы параққа жазыңдар (көріп есте сақтау);
ә) мен 12 сөз оқимын, тыңдап естеріңде сақтағандарыңды жазасыңдар (есте сақтау);
б) қиалының дамуын зерттеу. Үш сөз беріп (аю, қалам, балық) осы сөздерден бір сөйлем құрау керек.

12 жылдық білім беру мәселелері РҒПО мамандары Қағазбаева Ә.К.. Тәңірбергенова А.Ш. 12 жылдық білім беруде оқыту мен тәрбиелеудың жеке тұлғаға бағдарлануы басты орынға шығуына байланысты, мұғалім баланың қызығушылығын, бейімін, таным процестерінің даму деңгейін білуі маңызды деп санайды.


Зейіннің аумағын анықтау әдістемесіне арнап мынадай тапсырма ұсынады.
Эксперимент жүргізуші балаға төмендегі нұсқау береді: «қазір екеуіміз» «есіңде сақтап, нүктелерді дұрыс орналастыр» ойынын ойнаймыз. Мен саған нүктелер салынған карточкаларды бірінен соң бірін көрсетемін, сен оларды алдындағы шаршыға көргеніңдей етіп, жаңылыспай торға орналастыруға тырыс. Бұдан соң карточкалар үстінен астына қарай орналасу ретімен (яғни нүктелер біртіндеп көрінбейтіндей) әрқайсысын бір – екі секунд көрсетіліп, әрбір көрсетуден соң баладан көргенін бос шаршыға он бес секунд ішінде бейнелеп беру сұралады. Зейіннің аумағы 10 ұпайлық жүйемен бағаланады:
10 ұпай – берілген уақыт ішінде 6 және одан да жоғары нүктелерді жаңғыртты;
8 – 9 ұпай – берілген уақыт ішінде 4 – тен 5-ке дейінғі нүктелерді жаңғырта алды;
4 – 7 ұпай - берілген уақыт ішіндегі 2 –ден 4-ке деййінгі нүктелерді жаңғырта алды;
0 – 3 ұпай – берілген уақыт ішінде 2 нұктеден төмен нүктелерді жаңғырта алды.

Зейіннің аумағы туралы қорытынды:


10 ұпай – дейін аумағы өте жоғары;
8 – 9 ұпай – дейін аумығы жоғары;
4 – 7 ұпай - дейін аумағы орта;
2 – 3 ұпай – дейін аумағы төмен;
0 – 1 ұпай – дейін аумағы өте төмен немесе жеткіліксіз.

Зейіннің ауысуы мен тұрақтылығын ақыл – ой әрекетінде зерттеу эксперимент жүргізуші оқушыға екі қатардағы бір таңбалы сандарды көрсетеді, бірінің астына бірі жазылған сандарды өз ара қосу керектігін түсіндіреді. Бұл әрекет барынша шапшаң, яғни 10 минут ішінде орындалуы керек және қосу екі түрлі тәсілмен жүргізіледі. Әр минут сайын қосу тәсілін өзгертіп отыру керек.


Бірінші тәсіл. Зерттеуші жоғары жән төменгі санды қосады да қосындының мәніне бірді қосып, нәтижені жоғары санның тқсын жазады. Ал осының алдыңғы жоғарғы қатардағы санды төменгі қатарға түсіреді. Пайда болған сандарды тағы өз ара қосып, оған бірді қосады да жоғарғы қатарға жазады. Жоғарғы қатардағы санды төменгі қатарға түсіреді, сөйтіп жұмысты 10 минут жалғастырады.
Екінші тәсіл. Бұл жағыдайда бірінші тәсілдегі жоғары сан мен төмендегі сан қосылады, бірақ қосындының мәнінен бір саны шегеріліп, ол төменгі қатарға жазылады да, төменгі қатардағы алғашқы сан жоғарғы қатарға көшіріледі. Осы ретпен атқарылған жұмыс 10 минут жалғастырылады.
Дайындық кезенінде эксперимент жүргізуші кез келген 2 санды беріп, 5 минут бойы тек қана бірінші тәсілмен қосуды ұсынады. Одан соң екінші тәсілмен 5 минут жұмыс жасайды. Бұдан соң 1 минут ішінде істелінген есептеу оперициясының орта саны табылады. Эксперименттің негізгі бөлігінде зерттеуші эксперимент жүргізушінің белісінен соң берілген екі санды бірінші тәсілмен қоса бастайды. Бір минут өткен соң эксперимент жүргізуші «уақыт» деген сөзбен белі береді, оқушы соған сәйкес жазып жатқан санының тұсына тек сызық қойып, сол санақ бастап әрі қарай екінші тәсілмен қосуға көшеді.


Оқушының жеке тұлғасын зерттеу үшін әдістерін қолданудың маңызы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет