Оқушылардың жүйке жүйесінің анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы.
Жүйке жүйесінің маңызы
Жүйке жүйесі денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек пен бұлшықеттердіңөлінің бөлінуі және т. б. Осы әрекеттердің барлығы да тікелей жүйке жүйесінің қатысуымен жүреді.
Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің байланысы үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. Мысалы, адам жүгіргенде аяқ бұлшықеттерінің жұмысы күшейетіндіктен, зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді; тынысалу мен жүрек соғысы жиілейді; қан аз баратындықтан, асқорыту мүшелерінің жұмысы баяулайды.
Жүйке жүйесі ағза мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Сыртқы ортаның әр түрлі құбылыстарынан қорғану әрекеті адамның жүйке жүйесінің әсерінен болады. Мысалы, жақын келген көлікті (машина, трамвай, троллейбус және т. б.) өтіп кеткенше тоқтап күтіп тұру; аса ыстық немесе суықтан қорғану; денені зақымдайтын заттарға жоламау және т. б. Адамның ойлауы, саналы мінез-құлқы жүйке жүйесінің күрделі дамуына тәуелді (бағынышты).
2. Жүйке жүйесінің ақпаратты қабылдау, өндеу, өткізу, психикалық қызметтерін атқару кездеріндегі рөлі. Жүйке жүйесі мидың , жұлынның және күрделі нейрондардың желісін қамтиды. Бұл жүйе органның барлық бөліктерінен ақпарат жіберу, қабылдау және түсіндіруге жауапты. Жүйке жүйесі ішкі органның функциясын бақылайды және үйлестіреді және сыртқы ортадағы өзгерістерге жауап береді. Бұл жүйені екі бөлікке бөлуге болады: орталық жүйке жүйесі және перифериялық жүйке жүйесі .
3.Нейронның құрылысы мен қасиеттері. Жүйке жүйесінің құрылысы мен әрекеттік негізі - нерв жасушасы немесе нейрон. Орталық жуйке жүйесінде (ОНЖ) нейрондарды қосымша жасушалар – глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар нерв ұлпасын құрайды. Нейронның денесін сома деп атайды. Оның пішіні әртүрлі: сопақша, ұршық тәрізді, жұлдыз тәрізді және т.б. Денесінен ұзынды-қысқалы өсінділері – нерв талшықтары шығады.Ұзын талшығын аксон (грек тіліннен- тірек деген мағынаны білдіреді), қысқа талшықтарын дендриттер деп атайды (дендрон-ағаш). Аксон арқылы нерв жасушасының денесінен басқа нейрондарға, жұмысшы мүшеге нерв импульстері тасылады. Дендриттер-тармақталған қысқа өсінділер. Олардың ұштары сәл жуандап бұдырланады. Бұл – нейрондардың басқа жасушалармен ұштасу ауданын үлкейтеді. Дендриттердің бүртіктері бала тұғаннан кейін көбейе түседі.
Нейрондардың бір-бірімен байланысы синапс деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады. Нерв талшықтары ағзада топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен қапталып нервтерге айналады. Бір нервтің құрамында қозуды ОЖЖ өткізетін және орталықтан жұмысшы мүшеге әкелетін талшықтар болады. Қозуды орталыққа өткізетін нервтерді орталыққы тепкіш немесе афференттік нервтер деп атайды, ал қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге таситын нервтерді орталықтан тепкіш немесе эфференттік нерв дейді. Нервтердің көпшілігі аралас нервтер. Олардың құрамында афференттік және эфференттік нервтер болады.