Оқушылардың өзіндік жұмысының қалыптасуы, даму тарихы мен бүгінгі жағдайы



бет3/4
Дата20.09.2022
өлшемі56,17 Kb.
#39612
1   2   3   4
Байланысты:
1-2 лекция озиндік

Тәрбие процесініә заәдылықтары.
Тәрбие – педагогикалық құбылыс. Сондықтан педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін қарастырып, оның кейбір заңдылықтарын атауға болады:

  1. Тәрбие қоғамның мұқтаждығына және жағдайына байланысты. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік-экономикалық әлеметтік мүмкіншілігі өзгермелі өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерініә дамып, қалыптасуына әсер етеді.

  2. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Тұлғаның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі сапа жағынан ішкі факторға айналады. Тәрбиеленуші тек айналадағы дүниені танып қана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне үңіле білулері қажет, яғни бір жағынан оқушы – тәрбие объектісі, ал екінші жағынан оның субъектісі болады.

  3. Тәрбие іс-әрекетінің және қарым-қатынастыә шешуші ролі. Іс-әрекеттің процесінде қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас оқушыларды мінез-құлқы, іс-әрекеттері, білім, әдебиет, өнер, қоршаған орта туралы мол хабарламалармен байытып, ой-өрісін дамытады.

  4. Педагогикалық процесте оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу.

Жас ерекшеліктері мынадай жағдайда еске алынады:

  • организмнің дене және психикалық дамуына байланысты;

  • тәрбие және қоғамдық пайдалы жұмыстардың процесінде;

Жеке адамның дербес ерекшеліктерін есепке алу:

  • темперамент, оның типтері .

  • мінез, қабілет, оның түрлері, жалпы және арнайы қабілеттер.

  1. Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара байланысы. Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі – ұжым болып табылады. Тәрбие процесінде ұжымның ең басты борышы - әрбір адамның түлеп ұшуына қамқоршы болуы тиіс.

  2. Тәрбиенің, оқытудың, білім берудің және дамудың өзара байланыс заңдылығы.

Қазіргі таңда Қазақстан үшінші онжылдыққа тәрбиеленушілерді жастардың жаңа толқыны өздерінің түбегейлі өзгерген тұлға сапасымен, құндылық қылыпымен және өмірлік бағдарымен алғашқы қадамын бастады. Демократиялық қоғамның жаңару, білім беру жүйесінің жетілуі мен мазмұнының ұлғаюы, саналы да, тәрбиелі болашақ маманның қалыптасуына көптеген талаптар қояды. Жаңа ұстанымдардың айқындама қөзқарастары негізгі мектептің білім беру үрдісіндегі тәрбие беру мәселесіне заманауи бағыттар мен модельдерді енгізуді баян етеді. Бүгінгі тәрбиені Қазақстандағы модернизациялық үрдістер жетістігінің факторы ретінде және де тұлғаның өзін-өзі дамыту мүмкіншілігінінің тәсілі ретінде қарастыру қажет. Тәрбие жұмысы бір жағынан динамикалық, яғни әрқашан алға басушы және жетілдіруші үрдіс, ал екінші жағынан, ол қоғамның ерекше бағыттарына сай тұлғаның батылды да, мақсатты әрекеті болып табылады. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру дағдысын оқушылар оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымында алуы қажет. Ол өз кезегінде мектепте тек тәрбие ортасын ғана емес, сонымен қатар жастардың біліктілігін, дағдысын, шығармашылығын дамытуға жағдай жасайтын кеңістіктің құрылуына мүмкіндік береді. Осы үрдісте ерекше маңызды рольді оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы алады.
Тәрбиеленушілердің өзін-өзі басқару ұйымының негізгі бағыттарын келесідей қарастыруға болады:
1. тәрбиеленушілерді ақпараттық, ұйымдастырушылық және әдістемелік мәліметтермен қамтамасыз ету;
2. тәрбиеленушілерде қазақстандық патриотизм сезімін көтеру, идеялық-саяси сананы қалыптастыру;
3. тәрбиеленушілерде салауатты өмір салтын насихаттау және спорттың жалпылық көпшілік түрлеріне баулу;
4. тәрбиеленушілерде әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету, әлеуметтік қызмет көрсетулерді ұйымдастыру аясында азаматтық қатысу мен көшбасшылық қабілет деңгейін арттыру;
5. тәрбиеленушілерде адамгершілік-мәдени, эстетикалық және этномәдени құндылықтарды қалыптастыру, талантты жастарға қолдау көрсету, шығармашылық потенциялын дамыту;
6. тәрбиеленушілердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру;
7. тәрбиеленушілер арасында құқықбұзушылықты ескерту мен алдын алу, құқықтық қарым-қатынастарға бағытталған азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру;
8. тәрбиеленушілер арасында ұлттар бірлігін нығайту.
Осы аталған бағыттардың жүзеге асырылуы, оладың тиімді, әрі сапалы атқарылуы үшін тәрбиеленушілердің өзін-өзі басқару ұйымы тәрбие жұмысының «Тәрбие кеңістігін» қалыптастыру қажет.
Тәрбиелеу үрдісінің әлеуметтік кеңістігі сындарлы іс-әрекет үрдісінде пайда болады және оның негізінде дамиды. Тәрбиелеу үрдісінің әлеуметтік кеңістігі – ол тәрбие тиімділігін жоғарлату мақсатында жүзеге асырылатын іс-әрекеттіә нәтижесі мен тәсілі. Бұл ретте, іс-әрекет тек қана жасампаз ғана емес, сонымен қатар ықпалдасушы. Бұндай түсінікте тәрбие кеңістігінің әсер ету «механизмі» тәрбие үрдісі субъектілерініә бірлескен іс-әрекеті ретінде көрініс табады.
Тәрбие кеңістігін құрудың тиімділігі бірін-бірі толықтыратын бірнеше деңгейлерге байланысты. Осы деңгейлердің жиынтығын – тәрбие траекториясы деп қарастыруға болады. Тәрбие траекториясының негізгі элементтерінің бірі болып тәрбие әдістері , саналады.
Тәрбие құралдарына көрнекі құралдар, көптеген коммуникация құралдар және тағы басқалар жатады. Ал тәрбие жұмысының инновациялық әдістері ретінде «Сенім», TBO, BS, полимофтық, амбиваленттік, рефлексия және тағы басқа қолдануға болады.
Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану абзал.
Тәрбие жұмысында тәрбиелеу үрдісінің әлеуметтік кеңістігі ретінде «Тәрбие кеңістігін» құрып, тәрбие траекториясын әрбір негізгі мектептің әрбір сыныбын ескере отырып, тәрбиенің әдіс-тәсілдерін модель ретінде қарастыру жалпы білім беретін оқу-тәрбие жұмысын жандандыру мен көркейту мақсатында қолдану абзал.
Тәрбиелеу үрдісінің әлеуметтік кеңістігі аспектісі ретінде жалпыадамзаттық мәдениетті қарастыруға болады. Жалпыадамзаттық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет мұрасы) – адамдардың іс-әрекетін үйлестірудегі және иньеграциялаудағы үлкен маңызды шара, сонымен қатар тәрбие мақсатын анықтаушы болып табылады. Э.С.Маркарянның айтуынша әр адам философияда дәлелденген мәдениеттіә үш түрін – материалдық, рухани және социо-нормативті немесе адамгершілік мәдениетін меңгеруі тиіс. «Мәдениет» сөзі латын тілінен аударғанда өңдеу, баптау деген ұғымды білдіреді.
Адамзат тарихының қай кезеңінде болмасын, тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келеді. Бұл істі жүзеге асыру процесі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттіліктеріне бағындырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет