Оқушылардың өзіндік жұмысының қалыптасуы, даму тарихы мен бүгінгі жағдайы



бет4/4
Дата20.09.2022
өлшемі56,17 Kb.
#39612
1   2   3   4
Байланысты:
1-2 лекция озиндік

Тәрбие мақсаты – нақты тәрбие міндеттерінің жүйесі, ол педагогикалық процесс пен қоғам қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Тәрбие мақсаты қоғамның әлеуметтік сұранысына байланысты және оның табысты орындалуы ұстаздың кәсіби даярлығына байланысты, мұраттарға қол жеткізуге бағытталған. Тәрбие мақсаты – педагогиканың ең маңызды мәселесі.
Мақсат – тәрбиенің жалпы мақсаттылығын, тәрбие жүйесінің сипатын айқындаушы ретінде көрінеді. Мақсат пен міндет бүтін және бөлшек ретіндегі арақатынаста, жүйе мен оның компоненттеріне тәуелді болады.
Тәрбие мақсаты жалпы және жеке болып келеді. Біріншісінде барлық азаматтардың сапалық құндылықтары қарастырылса, екіншісінде жеке тұлғаның қалыптасуы көзделеді. Тәрбие мақсатын тұжырымдауда міндетті түрде табиғат, адам, қоғамның объективті даму заңдылықтары міндетті түрде есепке алынады.
Тәрбие мақсатының негізгі компоненттерін философиялық категориялардың тізбегімен сипаттауға болады: мотив қажеттілік – қызығушылық – мақсат.
Сонымен, мақсат – іс-әрекет нәтижесін күні бұрын ой-тұжырым арқылы болжау болып табылады.
Жалпыадамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты – тұлғаны жан-жақты және жарасымды, үйлесімді етіп тәрбиелеу. Тәрбие мақсатына байланысты балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттердің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиелеудің нақты әдістері қарастырылады.
Тәрбиенің мақсаты – үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың, және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.
Тәрбиенің міндеттері:
• білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруна ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
*балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтарымен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
• өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру;
*мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;
*жеке тұлғаның өзін - өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;
•қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру;
•Қоғамда орнықты қалыптасқан дәстүрлер негізінде этникалың және діни толеранттылықты тәрбиелеу;
• балалар мен жастардың бойында Қазақстанда сырттан енуші этнодіни экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар қалыптастыру;
• отбасылық тәрбие жүйесін қайта жандандыру және отбасын білім беру мекемелерінің тәрбие жүйесіне араластыру.
Тәрбие мақсаттары мен тәрбие жұмысыныә міндеттері білім беру үдерісінде сабақтан тыс уақытта және білім алушылардың бос уақытында жүзеге асырылады.
Қоғамдық дамудың қазіргі процесі, жаңа әлеуметтік тапсырыс ретінде білім беру жүйелерінің алдына өз болашағын өзі айқындайтын, өзін-өзі билейтін, өз ісіне жауап беретін жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселелерін қойып отыр. Бұл мәселелерді шешу білім берудің ұлттық кеңістігінде де, әлемдік кеңістікте де проблемалардың бірі болып саналады.
Шет тілдер сөздігінде гуманизм- латынның «humaus» -адамгершілік адам мен адамдық қасиеттерге құрметпен қараудеген сөзін білдіреді.
Ізгілік - бұл адамның жеке тұлғасының нақты адамилық сипатының көріну жүйесі бола тұра, теңдік және әділдік қағидаларын сыйлауымен ерекшеленетін адамды білдіреді.
Іізгілендіру – баланың жеке тұлғасына батыл бетбұрыс, оның құқығы мен қызығушылығын қорғау, оның қабілеті мен бейімділігін дамыту, қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай туғызу болып табылалы.
Ізгілікәдеп санаты; адамның қоғамдық және жеке өміріндегі құбылыстарың мұратқа қатысы жағымды адамгершілік мәнін бейнелейді, моральдық қоғамдық сананың неғұрлым жалпы ұғымдарының бірі. Ізгілікке қарама-қарсы ұғым – зұлымдық. Нақ ненің бағамдалып отырғанына (жеке адамның қылығы, моральдық сапасы, адамдардың қарым-қатынастары не әлеуметтік қызыметі) орай, ізгілік неғұрлым нақты ұғым нысанын алады – жақсылық, қайырымдылық, әділеттік және т.б. Әдеттегі ұғынуда ізгілік ұғымының мазмұны моральдық құбылыстарға қоса басқа да жағымды құндылықтарды қамтиды; бұлар игілікпен теәдестіріліп, жағымдыны, пайдалыны, белгілі бір әлеуметтік топтардыә мүдделеріне сай келетін мақсатқа лайықтыны білдіреді. Бірсыпыра жағдайларда жеке және жалпы мүделерді қанағаттандыруға бағытталған іс-қимылдар арасындағы, өткінші жағдайлардың ықпалымен жасалған бағымдаулар мен жалпы адамзаттық негізі бар пайымдаулар арасындағы, субъективтік тілектерден туындаған шешімдер мен мұрат жолындағы құлшыныстар шешімдер арасындағы шектерді дұрыс анықтау қиынға соғады. Тарихи тұрғыда ізгілік адамдар арасындағы бытыраңқылық пен жатсынуды жеңуге, өзара түсіністікті, моральдық теңдік пен туысқандық бірлікті орнықтыруға жәрдемдесетін іс-қимылдар мен қоғамдық бастамаларды білдіреді. Ізгілікті бұлайша ұғыну – мұратқа ұмтылған адамның өз нәпсілерінен, материалдық мұқтаждықтан, жеке адамға жасалатын топтық және қоғамдық қысымнан тәуелсіз болуына себептесіп, ізгіліктің тарихи және жағдаяттық нақтылықтарына гуманистік тиянақтылық береді. Идеяда ізгілік адамның кемелділікке құлшынысып бейнелейді. Ізгілік зұлымдыққа антитеза ретінде ұсынылғанда жеке тұлғаныә іс-әрекетінде, қасиеттерінде бейнеленеді. Зұлымдыққа қарсы қойылғанда ізгіліктің мазмұны іс жүзіндегі бағыттылыққа ие болады. Адам ізгілікті таңдағанда зұлымдыққа қатысын анықтап алуға, оны жою қажеттігін, ізгілік пен зұлымдықтыә осы қарама-қарсылығын туғызған себептерді жеәу керектігін ұғынуға тиіс. Ізгілік идеясы зұлымдыққа қарама-қарсыланған болғандықтан ғана емес, адамның басқа адамдар алдындағы және өзінің алдындағы міндеттері жүзеге асырылғандағы өзінің әлеуметтік нақты мәніне ие болады. Ізгілік пен парыздың қатынасы проблемасын сонау классикалық философия қойған болатын. Бұл ұғымдар идеялық түрде адамдардыә мінез-құлқын реттеу амалдарының әр алуан, өзара тәуелді сәттерін бейнелейді. Ізгілік мақсат ретінде адамдардыә мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасайды да, осы арқылы әлеуметтік талап, міндеткерлік түрінде көрінеді.
Ізгілік білім беру – оқушыларға ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде білім беру.
Ізгілік тәрбиесі – ұрпақты құндалақтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өз жауапкершілігін арттыруға тәрбиелеу.
Баланың бүгіні мен ертеңі бір-тұтас даму үрдісінің әр сәтінен тағылым алады және ол неғұрлым айналасындағы болып жатқан оқиғаларға тез әсерленген сайын соғұрлым жедел қарқынмен тәрбиеленеді. Бүгін оқушы өз мүддесін ата-анасының, сыныптас жолдастарының мүддесімен ұштастыра ойласа, ол ережеткен кезде де өзініә өмірлік жоспарларын қоғам мүддесімен сабақтастыра біледі. Баланың өзін ізгі адам ретінде көрсетуіне жағдай жасап, өзгелерге жақсылақ, қайырымдылық жасау оның да қолынан келетінін ұғындырып отырған жөн.
Ізгілік – адамныә әдептілік, сыпайылығы, өнегелік, өзара пайымдылығын білдіретін қасиет. Ізгілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық сапалық көзқарасын, сөз бен істің бірлігін адамгершілік нормасынан ауытқуларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады. Адамгершілік тұрғыдан жетілуді айқындап беретін тәрбиенің өзегі оқушылардың көзқарасы мен өзара қатынастарын қалыптастыру негізгі мәселе болып табылады.
Ізігілік және адамгершілік тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болмасын өзекті мәселесі болып табылады. Қоғамдағы заман туғызған қажеттіліктер ұрпақ тәрбиесін ұлттық рухани қазына, өнеге-әдеби, әдеп-ғұрып, салт-сана дәстүрлерінің озық үлгілері жүйесімен толықтыруды өзекті етуде. Осы көкейтесті мәселелерге байланысты еңбектерде қазіргі білім мен тәрбие жүйесіндегі оқушылардың ізгілендіру арқылы адамгершіліке тәрбиелеу болып отыр.
Тәрбиені ізгілендіру принципі баланы адамдар қатынасы жүйесіндегі ең басты құндылық деп қарауды талап етеді, оның негізгі нормасы болып ізгілік ұғымы табылады. Бұл принцип әрбір адамға құрметпен қарауды, сондай-ақ ар-ұят, дін ұстану және дүниетанымдық көзқарас таңдау еркінділігін, маңызды міндеттер қатарына баланың физикалық әлеуметтік және психологиялық денсаулығына қамқорлық жасауды талап етеді.
Аталмыш принципті жүзеге асыру шарттары болып мыналар табылады:

  • баланы осы немесе басқа іс-әрекетке өз еркімен қосу;

  • балаға алға қойған мақсатына жету құралдарын таңдау талғамына сенім білдіру, әрбір баланың дінге негізделген мүмкіндігіне және өзінің дініне сенім арту;

  • тәрбие міндеттерін айқындауда оптимистік бағыт ұстау;

  • педагогикалық ықпал процесіндегі кері әсерлерді алдын-ала ескеру;

  • оқушылардың қызығушылығын, олардың жеке талғамы мен қалауын есепке алу, жаңа көзқарастар тудыру және дамыту;

  • әлеуметтік мұқтаждықтарын өз бетінше қорғауға дайындау, оның дұрыс қорғалуын қамтамасыз ету.

Бұл принцип практика жүзінде педагогикалық іс-әрекет барысынан төмендегідей ережелер арқылы көрінеді:

  • баланың белсенді әрекетіне, өз күшіне және ынтасына сүйену керек

  • баламен сөйлескенде оған деген құрмет сезімі үстем болып тұруы тиіс;

  • педагог баланы тек жақсылыққа шақырмау керек өзінің ашық, ақ жарқын болуына үндеу керек

  • педагог баланың мүддесін қорғауы және оның маңызды проблемаларын шешуге көмектесуі керек

  • педагог тәрбие міндеттерін кезегімен шеше отырып, оның көп жағдайда әр балаға пайдасын тигізу жолдарын іздеуі керек

  • баланы қорғау педагогикалық іс-әрекеттің басым міндеті болуы керек

  • педагогтар класта, мектепте, топта және оқушылардың басқа да бірлестіктерінде баланың жеке қасиетін төмендетпейтіндей, ізгілікті қатынас қалыптастыруы керек

Тәрбие процесі ұйымдасатын әлеуметтік ортаның тәрбиелік мазмұны мен әдісінің сәйкес келуін талап етеді. Тәрбие міндеттері нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайға бағытталады. Балалардың әртүрлі әлеуметтік қажеттіліктерді жүзеге асыру дайындығына болжам жасайды.
Бұл принцип әлеуметтік ортаның әр түрлі ықпалын ескеру негізінде жүзеге асырылады.
Осы принципті жүзеге асыру шарттары: тәрбие міндеттері мен демократиялық қоғамның әлеуметтік даму міндеттерінің өзара байланыстылығы; баланың жеке тұлғасына әсер ететін әлеуметтік институттардың өзара байланысын реттестіру; балаларды әлеуметтік-педагогикалық көмекпен қамтамасыз ету; педагогикалық процесті социумның шын мүмкіндіктеріне қарай ұйымдастыру; қоршаған әлеуметтік ортаныә әр түрлі факторларын есепке алу (ұлттық, аймақтық, басқа жерден көшіп келу, оқу орныныә ерекшелігі және т.б.); оқушылардың әр түрлі ақпарат көздерінен алған, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарынан алған жаңалықтарын, мәліметтеріне түзету енгізу.
Бұл принцип педагогтың практикалық іс-әрекетінде төмендегідей ережелермен көрінеді: тәрбие процесі әлеуметтік қатынастар, экономиканың, саясаттың, қоғамның, рухани-адамгершілік мұраттарының негізінде құрылады; мектеп бала тәрбиесін тар көлемде емес, әлеуметтік өмір факторларымен жан-жақты дамытып, социумның барлық мүмкіндіктерін мол пайдалануы керек; педагог қоршаған ортаның балаға тигізер кері әсерлерін реттестіріп отыруы керек; тәрбие процесіне қатысушылардың барлығының өзара байланысын қамтамасыз етуі керек.
Әрбір оқушының әлеуметтік дамуының индивидуалдық траекториясын анықтайды, әр оқушының жеке қабілеттеріне сәйкес арнайы бөлек тапсырмалар беруді ұсынады, әр түрлі жұмыс түрлеріне қабілет ерекшелігіне қарай қосуды, сабақта және сабақтан тыс уақыттарда жеке тұлғалық қабілетін ашуды, әрбір оқушы үшін өзін-өзі көрсетуі және өзін-өзі ашуы үшін жағдай жасауды мақсат етеді.
Жекелік принципін жүзеге асыру шарттары:
Балаларды әлеуметтік шыдау принципі тәрбиеленушілерді ерік-жігер талап ететін социум жағдайларына, оның кедергілерін жою жұмыстарына араластыруды мақсат етеді, сондай-ақ осы кедергілерді жою дағдыларын адамның жеке ерекшеліктеріне тән келетін мінез-құлықтарды, әлеуметтік қарсы тұру үшін, стресс беріктігін қалыптастырады.


Негізгі әдебиеттер: 2, 5, 14, 27, 37, 49, 51, 53
Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,,4, 7, 10, 18,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет