|
Сөйлемге синтаксистік талдау жаса
|
бет | 2/11 | Дата | 21.04.2023 | өлшемі | 138,5 Kb. | | #85507 |
| Байланысты: kll-2-solСөйлемге синтаксистік талдау жаса.
Қолымдағы допты тарс еткізіп босағаға тастай бердім де, мен сол екпініммен тор үйге қарай беттедім.
ЖАУАБЫ:
Қолымдағы (анықтауыш) допты (толықтауыш) тарс еткізіп (пысықтауыш) босағаға (пысықтауыш) тастай бердім (баяндауыш) де, мен (бастауыш) сол екпініммен (пысықтауыш) тор үйге қарай (пысықтауыш) беттедім (баяндауыш).
Екі компоненттен құралған, салаласа байланысқан құрмалас сөйлем, ыңғайлас салалас. «Де» жалғаулық шылауы арқылы байланысқан. Айтылу мақсатына қарай хабарлы сөйлем.
Мен беттедім – қиыса байланысқан етістікті сөз тіркесі;
Сол екпініммен беттедім – пысықтауыштық қатынасқа құрылған, жанаса байланысқан етістікті сөз тіркесі;
Қолымдағы доп – анықтауыштық қатынасқа құрылған, қабыса байланысқан, есімді сөз тіркесі;
Үйге қарай беттедім – пысықтауыштық қатынасқа құрылған, жанаса байланысқан, етістікті сөз тіркесі;
Босағаға тастай бердім – пысықтауыштық қатынасқа құрылған, қабыса байланысқан, етістікті сөз тіркесі;
Тарс еткізіп тастай бердім – пысықтауыштық қатынасқа құрылған, жанаса байланысқан, етістікті сөз тіркесі;
Допты тастай бердім – толықтауыштық қатынасқа құрылған, меңгеріле байланысқан, етістікті сөз тіркесі.
4.
|
Қазақ тілі
|
Мәтіндегі қарамен берілген сөздерге морфологиялық талдау жаса.
ЖАУАБЫ:
Күзде: күз – түбір (зат есім), де – жатыс септігінің жалғауы;
Аралығындағы: ара – түбір, -лық – сөз тудырушы жұрнақ, -ы-тәуелдік жалғауының 3-жағы, -нда – жатыс септігінің жалғауы, -ғы – сын есім тудырушы жұрнақ;
Бардық: бар – түбір, -ды – жедел өткен шақ, -қ – жіктік жалғауының 1 жағы;
Дірілдей: дір – түбір (еліктеуіш), -іл – зат есім тудырушы жұрнақ, де – етістік тудыршы жұрнақ, -й – көсемшенің жұрнағы;
Отыратын: отыр – түбір, -атын – есімшенің жұрнағы;
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|