Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу



бет1/11
Дата21.04.2023
өлшемі138,5 Kb.
#85507
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
kll-2-sol


Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу (облыстық кезең)

ІІ тур
9-сынып


(Қазақ тілі мен әдебиеті)


Екінші турға бірінші турға қойылатын ұпайдың кемінде жартысын (25ұпай) жинаған оқушылар қатыса алады. Екінші турға қатысушыларға қазақ тілі мен әдебиеттен 5 сұрақ қойылады.


Екінші турдың сұрақтарына берілген жауаптарды бағалау тәртібі:
Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 10 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:
9-10 ұпай – жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;
7-8 ұпай – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;
5-6 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;
3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;
1-2 ұпай – сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.
Екінші турдан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50. Олимпиаданың екі турынан да жоғары ұпай ала білген оқушының 100 ұпай жинауға мүмкіндігі бар.





Пән атауы

Мазмұны

1

Қазақ әдебиеті

Жұлдызың туды оңыңнан,
Жан біткен ерді соңыңнан.
Он сан Алаш баласын
Жусатып қойдай өргіздін,
Жұмсап жүрсің қолыңнан.....


Үзінді қай автордың өлеңінен алынған? Бұл туындыда не туралы айтылатынын қысқаша баяндап беріңіз.


ЖАУАБЫ:
Бұл Бұқар жырау Қалқаманұлының «Әй, Абылай, Абылай» өлеңінен немесе толғауынан алынған үзінді. Ол ХҮІІІ ғасырда жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы, атақты Абылай ханның ақылшысы. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Бұқар жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері – жақсылық пен жамандық, ездік пен ерлік, ізгілік пен зұлымдық, әділдік пен әдептілік, жастық пен кәрілік, татулық пен араздық, достық пен дұшпандық, адалдық пен арамдық, тектілік пен азғындық, тұтастық пен бірлік. Бұқар жырау «Әй, Абылай, Абылай» атты толғауында өзі куә болған Сабалақ атпен жүріп, Әбілмәмбет төренің түйесін баққан Абылайдың он бір жасынан бергі өмірінен деректер береді.



2.

Қазақ әдебиеті

Кеуделері кепедей,
Мұрындары төбедей,
Күрек тісі кетпендей,
Кеңірдегі жүһіттің көріндей...

1. Өлеңде қолданылған ажарлаудың түрі және оның ережесін айтыңыз


A) инверсия
B) метафора
C) аллегория
D) ассонанс
E) теңеу

2. Затты барынша ұлғайта суреттеу деген не және ережесін айтыңыз


A) гипербола
B) метафора
C) аллегория
D) ассонанс
E) литота


ЖАУАБЫ: 1 Е, 2 А
Теңеу - затты, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Теңеу -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Гипербола - күшейту деген мағынаны білдіреді. Гипербола қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады.



3.

Қазақ тілі



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет