Денсаулығының: денсаулық – түбір, -ы – тәуелдік жалғауының 3-жағы, -ның – ілік септігінің жалғауы;
Қаладан: қала – түбір (зат есім), -дан – шығыс септігінің жалғауы;
Отырғанбыз:отыр – түбір, -ған – есімшенің жұрнағы, -быз – жіктің жалғауының көпше түрінің 1-жағы;
Әріптерін: әріп – түбір (зат есім), -тер – көптік жалғау, і – тәуелдік жалғауының 3-жағы, -н – табыс септігінің жалғауы;
Жазар: жаз – түбір (етістік), -ар – есімшенің жұрнағы.
5.
Тіл мәдениеті
Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап бер. Күздеоқу басталып, жеті менен он жастың аралығындағыөңшең бірөңкей балалар біріншікласқа бардық. Бізді Иманжанов деген шашы аппақ қудай, қолы-басы тоңған адамша дірілдей қалшылдап, көзі қып-қызыл боп жасаурап отыратын қарт кісі оқытты. Бұл кісі – денсаулығыныңнашарлауы себепті қаладан көшіп келген мұғалім екен. Бізге күн сайын үйінен әкелген қағазды бір-бір парақтан үлестіріп беріп, әріптерді үйрете бастады.
Аян екеуміз бір партаға отырғанбыз. Бірінші күннен-ақ ол зеректігіменкөзге түсті. Мұғалімнің тақтаға жазған әріптерін айна-қатесіз қағазға түсіріп, тез жаттап алып жүрді. Тіпті келе-келекүніне бір-екі әріптен ғана өткенімізге көңілі толмай:
– Барлық әріптерді тезірек неге үйретпейді екен. Шіркін, ағама хат жазар едім, – деп күңкілдейтін.
Мәтін қай жақта баяндалған?
Мәтін қай стильде жазылған?
Мәтіндегі негізгі ойды екі-үш сөйлеммен жинақтап жаз.