Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу


Сөйлемге синтаксистік талдау жаса



бет10/12
Дата29.12.2023
өлшемі47,06 Kb.
#144718
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу-emirsaba.org

Сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
Ар-ұят, намыс, кек – бәрі ортақ болған соң, әскер достығы терең бір мағына табады.


ЖАУАБЫ:
Ар-ұят, намыс, кек (бастауыш) – бәрі (бастауыш) ортақ болған соң (баяндауыш), әскер достығы (бастауыш) терең бір мағына табады (баяндауыш).
Екі компоненттен құралған cебеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Айтылу мақсатына қарай хабарлы сөйлем.

Ар-ұят, намыс, кек – бәрі ортақ болған соң – қиыса байланысқан етістікті сөз тіркесі;

Әскер достығы мағына табады – қиыса байланысқан етістікті сөз тіркесі;
Терең бір мағына – анықтауыштық қатынасқа құрылған, қабыса байланысқан, есімді сөз тіркесі.

4.

Қазақ тілі



Мәтінде қарамен берілген сөздер мен сөз тіркестеріне морфологиялық талдау жаса.
ЖАУАБЫ:
Арланып: ар – түбір, -лан – етістік тудырушы жұрнақ, -ып – көсемшенің жұрнағы;
Күйімен: күй – түбір, -і – тәуелдік жалғауының 3-жағы, -мен – көмектес септігінің жалғауы;
Сілтеген: сілте – түбір, -ген – есімшенің жұрнақ;
Ылақпай: ылақ – түбір, -па – болымсыз етістік жұрнағы, -й – көсемше жұрнағы;
Екенін: е – түбірі, -кен – есімше жұрнағы, -і – 3 жақ тәуелдік жалғауы, -н – табыс септігі жалғауы;
Болғандықтан: бол –түбір, -ған – есімше жұрнағы, -дық – сөз тудырушы жұрнақ, -тан – шығыс септігінің жалғауы;
Сыншылығы: сын – түбір, -шы – сөз тудырушы жұрнақ, -лық – сөз тудырушы жұрнақ, ы – тәуелдік жалғауының 3-жағы;
Жарайтындығын: жара – түбір, -йтын – есімшенің жұрнағы, -дық – сөз тудырушы жұрнақ, -ы – тәуелдік жалғауының 3-жағы, -н – табыс септігінің жалғауы;
Қойылмағандық: қой – түбір, -ыл – ырықсыз етіс жұрнағы, -ма – болымсыз етіс жұрнағы, -ған – есімше жұрнағы, -дық – сөз тудырушы жұрнақ;
Жатырқайды: жатырқа – түбір, -й – көсемше жұрнағы, ды- жіктік жалғауының 3-жағы.


5.

Тіл мәдениеті







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет