Үзінді кімнің өлеңінен келтірілген? Бұл туындыда не туралы айтылатынын қысқаша баяндап беріңіз. ЖАУАБЫ: Бұл үзінді Абай Құнанбайұлының «Ескендір» деген поэмасынан алынған. Тақырыбы – Шығыста Ескендір, орыс пен Европа елдерінің атауынша Александр Македонский туралы аңызды өмір шындығына жақындатып өзінше толғаған.
3. Жанр түрі – поэма (дастан)
4. Негізгі идеясы – ізгілік пен бейбітшілікті, ғылым мен білімді, яғни рухани биіктікті дәріптеу. Зұлымдық пен қатыгездікті, мансапқорлықты әшкерелеу.
5. Шумақ саны – 42
6. Тармақ саны – 168
7. Буын саны – 3 бунақты
8. Ұйқас түрі – қара өлең ұйқасы (ааба)
9. Шығарманың композициялық құрылысы:
9. 1. Сюжеттің басталуы. Филипп патша қайтыс болған соң Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы.
9. 2. Сюжеттік байланыс. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім - талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі.
9. 3. Шиеленісуі. Алтын қорған. «Бұл – Құдайға бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый.
9. 4. Шарықтау шегі. Алғаш сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек.
9. 5. Шешімі. Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда.
10. Шығарма кейіпкерлері
Абай дастанында әділдік, данышпандық, жауыздықтар сөз болады. Бірақ мұндағы әділ де, данышпан да, философ та Ескендір емес, Аристотель. Дастанда екі образ бар. Бірі - Ескендір, екіншісі - Аристотель. Көлемінің шағындығына қарамастан, дастанның идеясына сәйкес, екеуі де көркем жасалған образдар.
2.
Қазақ әдебиеті
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де, етім көр.
Қар үстіне қан тамар
Қанды көр де, бетім көр.
1. Өлеңнің бірыңғай дауыссыз дыбыстан басталуы, оның ережесін айтыңыз
A) аллитерация
B) метанимия
C) литота
D) гипербола
E) эллипсис
2. Өлеңде қолданылған айшықтаудың түрі A) шендестіру
B) метанимия
C) аллегория
D) гипербола
E) полемика
3. Өлеңде қолданылған ұйқастың түрі A) қара өлең
B) шалыс
C) шұбыртпалы
D) аралас
E) ерікті
ЖАУАБЫ: 1 А, 2 А, 3 С
Аллитерация (лат. allittera-дыбыстас) - дауыссыз дыбыстардың, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздердің қайталануы арқылы әдеби тілді әдемі жеткізудің көркемдік тәсілдерінің бірі.
Шендестіру (грек. antіthesіs — қарама-қарсылық) мүлде қарама-қарсы ұғымдарды, жағдайларды, образдарды салыстыра не қарама-қарсы қоя отырып, ой мен сезімді әсерлі жеткізуге ұмтылатын стильдік, эстетикалық бейнелеу құралын көркемдік әдісінің бірі.
Шұбыртпалы ұйқас - АААА