Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу


Отыратын: отыр – түбір, -атын – есімшенің жұрнағы; Денсаулығының



бет3/12
Дата29.12.2023
өлшемі47,06 Kb.
#144718
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу-emirsaba.org

Отыратын: отыр – түбір, -атын – есімшенің жұрнағы;

Денсаулығының: денсаулық – түбір, -ы – тәуелдік жалғауының 3-жағы, -ның – ілік септігінің жалғауы;
Қаладан: қала – түбір (зат есім), -дан – шығыс септігінің жалғауы;
Отырғанбыз: отыр – түбір, -ған – есімшенің жұрнағы, -быз – жіктің жалғауының көпше түрінің 1-жағы;
Әріптерін: әріп – түбір (зат есім), -тер – көптік жалғау, і – тәуелдік жалғауының 3-жағы, -н – табыс септігінің жалғауы;
Жазар: жаз – түбір (етістік), -ар – есімшенің жұрнағы.

5.

Тіл мәдениеті



Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап бер.
Күзде оқу басталып, жеті менен он жастың аралығындағы өңшең бірөңкей балалар бірінші класқа бардық. Бізді Иманжанов деген шашы аппақ қудай, қолы-басы тоңған адамша дірілдей қалшылдап, көзі қып-қызыл боп жасаурап отыратын қарт кісі оқытты. Бұл кісі – денсаулығының нашарлауы себепті қаладан көшіп келген мұғалім екен. Бізге күн сайын үйінен әкелген қағазды бір-бір парақтан үлестіріп беріп, әріптерді үйрете бастады.
Аян екеуміз бір партаға отырғанбыз. Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен көзге түсті. Мұғалімнің тақтаға жазған әріптерін айна-қатесіз қағазға түсіріп, тез жаттап алып жүрді. Тіпті келе-келе күніне бір-екі әріптен ғана өткенімізге көңілі толмай:
– Барлық әріптерді тезірек неге үйретпейді екен. Шіркін, ағама хат жазар едім, – деп күңкілдейтін.

  1. Мәтін қай жақта баяндалған?


  2. Мәтін қай стильде жазылған?


  3. Мәтіндегі негізгі ойды екі-үш сөйлеммен жинақтап жаз.




ЖАУАБЫ:


  1. Бірінші жақтан




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет