А.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегенділікке балайды, идеяларды іске асыру (генерция жасай білу), болжай білу қабілеттерін атайды
И.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, нысанның жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді
Ал психологтар шығармашылықты қабілет, ойлау, даму, бейімділік ұғымдарымен байланыста зерттеген
Л.С. Выготскийдің тұжырымдауынша, шығармашылық – бала дамуының қалыпты жағдайы, шығармашылыққа бейімділік барлық балаларға тән қасиет. Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда психологиялық-педагогикалық ықпалдар үлкен әсер етеді. Сол сияқты шығармашылық қабілет балалардың ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбиесін жетілдіруде үлкен рөл атқарады.
В. В. Давыдов «Жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр, жеке тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа мұқтаждығына және қабілеттігіне байланысты».
Оқыта отырып, баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар Ш.Амонашвили, И.Волков, О.Газман еңбектерінде қарастырылды.
Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал, баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын оқыту мен тәрбие. Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді жасы үлкендер жеткілікті бағаламаса, ол «өзгелер сияқты» болып қалып қоюы мүмкін», – дейді.
«Қабілет – іс — әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі орындаудан көрінетін адамның жеке қасиеті», – дейді Т.Тәжібаев.
Н.Лейтес қабілетке: «Іс-әрекеттің белгілі бір түрінде жетістіктерге жеткізетін психологиялық қасиет», - деген анықтама береді.
«Қабілет – білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері», – дейді А.В.Петровский.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың жолдары, құралдарын анықтау ертеден зерттеліп келеді. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту дегенді ғылыми тұрғыдан түсіндірудің негізі қабілет ұғымының мәнін ашудан бастау алады.
Психологтар шығармашылық ұғымын «жалпы интеллектуалдық қабілет» деп қарастырады. Қабілеттілікті репродуктивті, шығармашылық деп екі салаға бөледі:
Бірінші дәрежедегі қабілеті дамыған адам – білімді әрі жаңа жағдайды, іс – әрекетті тез қабылдайды.
Екінші дәрежедегі қабілеті дамыған адам – өзінің жеке іс – әрекетімен жаңалық ойлап табады, жаңаны қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |