Оқушылардың шығармашылығын қалыптастырудың әдіснамасы Шығармашылық «Оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады»



бет5/12
Дата07.01.2022
өлшемі1,78 Mb.
#17453
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Қалымбек Гүлайым

Шығару

Іздену

Ойлап табу

Оқушыларының шығармашылық қабілеттері жайлы теорияларды, тұжырымдамаларды талдай, қайта өңдеу, жаңа жағдайларды пайдалану нәтижесінде төмендегідей қорытындыға келеміз:

1. Шығармашылық - өмірді, қоршаған дүниені, өзіңді тану болғандықтан, ол сабақтан, сыныптан тыс уақыттарға жылжытылмай, әр сабақта, таңдаулы пәндерде өтілетіндей оқу бағдарламаларының, оқулықтардың, әдебиеттердің мазмұнында болуы шарт.

2. Есейе келгенде баланың үлгі - қалыпқа үйреніп, тоқырауын болдырмас үшін, шығармашылық қабілеттерді дамыту ісін неғұрлым ерте қолға алып, әр оқушының қол жеткен нәтижелері мен даму дәрежесіне үнемі «қадағалап» отырып, оған талапты өсіре беру қажет.

Тілдік материалды меңгеру кезеңіндегі оқушылардың ойлау қабілеттерін эмприкалық ойлау (I кезең), теориялық ойлау (II кезең), шығармашылық ойлау (III кезең) деп қарастыруы – балаларға білімді игертудің ұтымды жолы. Ғалымның әдістемелік жаңалығы бүгінгі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Себебі теориялық ойлау мен шығармашылық ойлау – ең жоғарғы ойлау сатысы. Ол эмприкалық ойлаудың негізінде болады.

Жантану ғылымында ойлау–бұл тұлғаның шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге бағытталған танымдық әрекеті.Түйсік пен қабылдаудан бастау ала отырып, ойлау тікелей сезімдік біліктер аймағынан шығып, нақты қабылдаумен білуге мүмкін болмаған дүние құбылыстарын жанама қорытындылау арқылы біліп, танымдық шектерімізді кеңейтуде жәрдемдеседі.

Шығармашылық бағыттағы іс — әрекеттің негізгісі – шығармашылық ойлау. Себебі оқушы «ойша» әрекеттене отырып, нәтижесінде не алатынын көзіне елестете алады.

Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың «ойша» әрекеттену қабілеті үздіксіз дамиды. Сондықтан өз іс - әрекетіне қадам жасаған сайын оның шығармашылығы арта түседі.

Шешілуі қажет мәселелердің қайталанбастығы мен жаңалығына орай ойлау шығармашыл (өнімді) және қайта жаңғыртушы (қайта жасаушы) болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет