Оқушылардың шығармашылығын қалыптастырудың әдіснамасы Шығармашылық «Оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады»



бет7/12
Дата07.01.2022
өлшемі1,78 Mb.
#17453
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Қалымбек Гүлайым

ақыл-оймен табысқа жету

эвристикалық оқыту әдісі

Білім беру үрдісінде соңғы кезде шығармашылық іс-әрекеттерді жеделдете дамытудың түрлі әдіс-тәсілдері пайда болды, оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады, бірінші топқа іздену процесіндегі енжарлықты, немқұрайлықты болдырмауға негізделген арнайы психологиялық әдістерді жатқызамыз. Бұлардың ішіндегі ең тиімділері:



Ақыл-оймен табысқа жету әдісін ХХ ғ. 30-шы жылдарының соңында американдық А. Осборн ойлап тапты. Мұның мәнісі – мәселені көп болып шешу, көптеген идеяларды жинақтап отырып, белгілі бір табысқа жету, яғни ұжымдық жұмыс формасы ретінде пайдалану тиімді. Бұл әдістің басты мақсаты ойына келген идеяларды еркін сыннан қорықпай, мұғалім мен сыныптастарының ара қатынасы нашарлап, күлкіге қаламын деп ойламай, батыл айту.

Мұғалім өз пәнін оқыту барысында эвристикалық әдісті қолдана отырып, әр түрлі деңгейдегі міндеттерді шешеді; дайын күйінде меңгерілетін оқу материалы мен оқу-ізденіс әрекетінде ғана меңгерілетін зерттеу материалының барынша үйлесіміне қол жеткізеді; жұмыстың ауызша және жазбаша, жеке және ұжымдық формаларының өзара үйлесімін тудырады.

Эвристикалық оқыту барысында қалыптасатын шығармашылық әрекет бұрын болмаған, сапалық немесе сандық жағынан жаңа нәрсенің жасалуымен сипатталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет