Шығармашыл ойлау жаңа идеяларды туындатуға бағытталады, оның нәтижесінде қандай да мәселе, проблеманың соны, қайталанбас шешімі табылып, не бұрыннан бар шешімнің жетілген әдісі жүзеге келеді. Шығармашыл ойлау барысында танымдық іс-әрекеттің төркін, ішкі мән-мағынасына, құнына, мақсатына сай жаңа ой-пікір құрылымдары пайда болады.
Ғалымдардың шығармашылыққа берген ой-пікірлерін саралай, зерттей, анализ, синтез жасай келе шығармашылыққа жаңадан анықтама енгізілді:
шығармашылық – оқушының алынған білім, білік дағдысын жаңа жағдайға тасымалдай білуі, ақпаратты түрлендіріп, жиі тапқырлық танытып, бірегей ойларды қорытып, оралымды және көп нұсқалы ойлау қабілеттерінің, зерттеушілік белсенділігінің ең жоғары формада көрінуі.
Пән мұғалімі оқытудың дидактикалық ұстанымдарын білуі керек. Диплом жұмысында оқушының өзіндік ойлауын қалыптастыруда оқытудың саналы білім беру және оқушылардың белсенділігін арттыру ұстанымы, теорияны практикамен байланыстыру ұстанымы, түсінуге оңай және жеңіл болу ұстанымы, оқытуды грамматика, орфография, пунктуация және әдебиетпен байланыстыра жүргізу ұстанымдарының тиімділігі дәлелденді.
Осы мәселеге орыс ғалымдары
Е.Л.Яковлева , М.И.Махмутовтың , М.М.Поташниктің
Д.Б.Богоявленская, В.Н.Дружинин, И.В.Страхов, С.О.Грузенберг, В.А.Моляко
Болашақ мамандарды мектептің шығармашылық іс-әрекеттерін жүргізе білуге дайындаудың арнайы аспектілері мен әдістемелік негіздерін
Бүгінгі күні ұжымдық оқытуда да, жеке оқытуда да оқушының шығармашылық дамуын қалыптастырудың түрлері, әдістері, құралдары мен негізгі іс-әрекеттер жүйесін жасаудың тиімді жақтары қарастырылуда. Бұл мәселе өзінің өзектілігі мен көптеген жұрт назарын аударып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |