Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын әдіс-тәсілдер



бет4/4
Дата25.11.2023
өлшемі51,58 Kb.
#127576
1   2   3   4
Байланысты:
Оқушылардың

Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс-әрекеттер атқара білу.
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады.Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады. «Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін ( Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары « дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды.Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді [3, 24б.]

Білім беру жүйесін жаңарту қоғам дамуының ажырамас бөлігі болып табылатын болғандықтан, білім беру үрдісіне қойылатын жоғары талаптар оны жаңа тұрғыдан ұйымдастыруды қажет етеді. Жаңа ұлттық 12 жылдық мектептің алдындағы негізгі міндеттердің бірі – жоғары білімділікке ие, құзыретті, өз бетімен маңызды шешімдерді қабылдай алатын, ізгіліктіктігі мен жауапкершілігі мол тұлғаларды қалыптастыру [1] (Білім беруді дамыту тұжырымдамасы…, 2003). Қазіргі білім беру тұжырымдамасында әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістер ағымында өзін-өзі анықтауға және өмір жолын құруға қабілетті адамды тәрбиелеу міндеті барған сайын маңызды бола түсуде. Бұл міндеттер мектепте тиянақты білім беруді ғана емес, сондай-ақ оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған әрекеттерді талап етеді. Құзыреттілік ұғымы – «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды қамтиды. Бірақ бұл білім, білік және дағдының жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен қатар ол оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен біліктерді іс жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі болып табылады. Ол ең әуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды, білім беру барысында оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын білім беру орындарындағы педагогикалық тәжірибеге енгізу білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді және де ісәрекет түрлерін нақтылауды талаптайды. Оқытудың зерттеушілік тәсіліне қадам жасау: біріншіден, мектептегі оқу үдерісіндегі, оқушылардың білімдері мен дағдыларына, жаңа заман талабынан туындайтын; екіншіден, оқытудың әдістері мен мазмұнының және ғылым деңгейіндегі алшақтықтарын жою сұранысына байланысты туындайды. Зерттеушілік тәсілге бұл кезеңде педагогтардың ерекше назар аударуының мәні – ол танымдық әрекетті қарқынды, ал өз бетінше танымды арттыру және шығармашылық ойлауды дамытуға қолайлы тәсіл еді. Сол жылдардың педагогикалық әдебиеттерінде зерттеушілік тәсілді: «өмір талап еткен жағдайда баланың қажетті біліммен қарулана алар құралы» деп көрсетеді. Сол кезеңдегі әдістемелерде «зерттеушілік әдіс» деген термин пайда болды. Биологияны оқыту практикасында Н.М. Верзилин және В.М. Корсунский жасаған әдістер жүйесі кең тараған, бірақ жалғыз емес [2] (Кенжебеков, 2004). Алғаш шыққан әдістемешілердің бірі Б.Е. Райков оқыту әдістерін жүйелеуге, топтастыруға талпынған [3] (Rickheit, 2008). Өз жүйелеуінде ол әдістердің көптүрлілігінің көрсеткішін, олардың бір-бірімен өзара қалай қатысты екенін ашқысы келген. Осы негізде ол әдістердің бинарлық номенклатурасын (қосарлы аталу) енгізген. Қабылдау сипатына қарай ол (сезім мүшелері мен қимыл мүшелерінің), әдістер тобын үшке бөлген: ауызша, көрнекі және моторлы (қозғалтушы) әдістер, оқушының білімді игеруіне қарай тағы да екі әдіс тобын бөлген. Олар: көрсетуші және зерттеуші әдістер. Бірінші әдістер тобында оқушылар көрнекі құралдарды пайдалану арқылы мұғалім сөзінен немесе кітаптан білімді дайын күйінде игереді; екінші әдістер тобында оқушылар тікелей оқу нысанынан білімді өздері игереді. Райковтың әдістер жүйесі Н.М. Верзилиннің әдістер жүйесінің негізінен алынды [4] (Зимняя, 2003). Қазіргі таңда коммуникативті құзыреттілікті биология сабағында қалай дамытуға болатынын зерттеу – оқытудағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі: коммуникативтік құзыреттілік биология сабақтарында қазіргі оқыту әдістәсілдері жемісті болуы үшін қажет критерийлерге жатады. Өйткені мектептердегі биология пәнінің басты қызметі – оқушыларды баяндама түрінде ғана дайын біліммен қамтамасыз ету емес, сондай-ақ олардың топтық, тәжірибелік жұмыстарда бір-бірімен қарым-қатынасқа түсе отырып, бірлескен нақты дұрыс шешімдерге келе алуына жағдай жасау. Мұндағы өзекті мәселе: «Оқытудың ұтымды әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру». Бұл мәселені алған себебіміз қазіргі кезде мектеп оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігінің сапалы дамытылуы басты нысанаға айналып отыр, әрі білім беру үрдісінде құзыреттілік мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Бұл мәселенің тағы бір ерекшелігі оқу нәтижесінде оқушылар өтілген материал шеңберінде зерттеушілік жұмыстарын жүргізіп, өзара бірлескен қарым-қатынасқа түсе алады, яғни жағдаятқа байланысты жұмыстар жүргізіп, тақырыпқа қатысты сөйлеп, сол тақырып төңірегінде өз көзқарасын білдіре алумен қатар, қойылған сұраққа жауап беріп, өздері де сұрақ қойып қызықтырған мәселелердің жауаптарын ала алады, яғни еркін түрдегі байланыс орнатылады. Осыған байланысты жұмыстың мақсаты: Оқушылардың биология сабақтарында зерттеушілік әрекеттері арқылы қоммуникативтік құзыреттіліктерін дамытып, қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздемесін жасау. Осы мақсатқа жету үшін алдымызға келесі міндеттер қойылды: • Оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау; • Оқушылардың зерттеушілік әрекеттері арқылы қоммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың педагогикалық шарттарын белгілеу; • Оқушылардың зерттеушілік-тәжірибелік әрекеттерінің тиімділігін тексеру; Коммуникативті құзыреттілік – өмірдің кез келген саласындағы адамның практикалық ісәрекетінің негізі. Адамның сөйлеу қабілетінің рөлін асыра бағалау қиын. Кәсіби, іскерлік байланыстар, тұлғааралық өзара әрекеттесулер қазіргі адамнан ауызша да, жазбаша да көптеген түрлі мәлімдемелерді шығарудың әмбебап қабілетін талап етеді. Мектеп оқушыларын ауызша және жазбаша сөйлеу қарым-қатынасына баули (коммуникативтік құзыреттілікке) оқыту қоғам дамуының қазіргі жағдайында ерекше мәнге ие. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерге сәйкес коммуникативтік құзыреттілік келесі компоненттерді қамтиды: • эмоционалды (эмоционалды жауаптылық, эмпатия, басқаға сезімталдық, жанашырлық, серіктестердің іс-әрекеттеріне назар аударуды қамтиды); • танымдық (басқа адамды білуге байланысты, басқа адамның мінез-құлқын алдын ала білу, адамдар арасында туындайтын түрлі мәселелерді тиімді шешу қабілетін қамтиды); • мінез-құлық (баланың ынтымақтастыққа, бірлескен іс-әрекетке, бастамашылдыққа, қарым-қатынастағы барабарлыққа, ұйымдастырушылық қабілеттерге және т.б. қабілеттілігін көрсетеді).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет