Дамыта оқытудың ЕРЕКШЕЛІГІ:
оқушыларды еріксіз және қыстамай оқыту;
оқушылардың білім алуға деген қызығушылықтарын дамыту үшін тақырыптарды жаңа бір қырынан қайталауды ұсынып отыру;
білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру;
оқушыларға берілетін білімнің саралануы;
оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьева, С.Л. Рубенштейн) және басқа да психиканың функциясы зерттелген (Б.Г. Ананьев, Г.С. Костюк, А.А. Люблинская, Н.А. Менчинская) және т.б. іс –әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н. Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданады.
Нәтижесіндеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В. Занков басқарды.
Дамыта оқыту белгілері: Педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.
Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
Балаға іс – әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Дамыта оқытудың тиімділігі Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:
түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады
Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.
Ø Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.
Ø Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру.
Ø Жеке бас дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану.
Ø Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.
Аталған талаптардың бәріне жауап бере алатын технология ретінде дамыта оқыту технологиясын таңдадым. Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілі мөлшерден шығып, саналы іс – әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С Выготский, М.Я. Лернер, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген [1,124 б.].
В.В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» – дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы:
Ø Оқу міндетін қою сабағы
Ø модельдеу сабағы
Ø түсінікті нақтылау сабағы
Ø нақтылау сабағы
Ø бағалау сабағы
Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде ---- оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды
---- проблеманы шешу жолын іздестіреді
---- жаңаны өздері табады
---- ақылдасады, кеңеседі.
Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар қолданылады.