5. Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Арман күш-жігерлі бала болып өсті. Барлық балалар одан қорқатын. Қорықпауға амал бар ма? Ол жолдастарын ұрып-соғып, қыздарды айырсадақпен ататын. Ақтөс атты күшігінің құйрығын басып, мысығының мұртын жұлып, кішкентай кірпіні төсек астына қуып, тіпті өзінің әжесіне дөрекі сөйлейтін. Арман ешкімнен қорықпайтын және осы қылығын өте мақтан тұтты.
Ұлдар Арманмен ойнамайтын болды. Ол қыздарға барып еді, бірақ олар теріс бұрылды. Арман Ақтөс атты күшігіне жақындап ойнағысы келді, күшік көшеге қарай қашып кетті. Ол енді мысығымен ойнағысы келді. Мысық Арманнан қашып, шкафтың ішіне кіріп кетті. Диванның астынан кірпіні шығаруға тырысты, еш нәрсе шықпады. Кірпі басқа үйге көшіп кеткен еді. Арман әжесіне жақындады, ол немересіне мүлдем назар аудармады. Бөлменің бір бұрышында жарма сұрыптап, көздерінен аққан жас тамшыларын сүртіп отыра берді. Арман үшін аспанға қара бұлт төнгендей болды. Арман жападан жалғыз қалды.
Mәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал
Жақсы мінез – сүйінтер, жаман мінез – күйінтер
Бала – қымбат, немере – ыстық
Досы көпті жау алмайды
Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады
Әжесі Арманға не үшін ренжіді?
Арман үй шаруасына көмектеспейтін.
Арман серуеннен үйге кеш келетін.
Арман әжесіне жиі дөрекі мінезін көрсететін.
Арман кішкентай кірпіні үйден қуып шыққан.
Арман неге жалғыз қалды?
Әжесі Арманды үйге қамап қойды.
Арман бәрінің мазасын алып, дөрекі мінезін көрсетті.