Оқушының аты- жөні: Пәні: Әдебиеттік оқу Күні: Бір үзім нан


- Бай мен кедей ағаштың басына не себепті көтерілді?



бет2/6
Дата27.11.2023
өлшемі34,84 Kb.
#129979
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
МОДО оқу сауаттылығы-1

- Бай мен кедей ағаштың басына не себепті көтерілді?

  1. қарақшылардан қашты

  2. су тасқыны болды

  3. малға қасқырлар шапты

  4. жер сілкінісі болды



- Қарны ашқан бай кедейге бір үзім нан үшін не ұсынды?

  1. мал

  2. ақша

  3. бір қап алтын

  4. бір кесек алтын



- Mәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін мақал

  1. Су – ырыстың көзі, еңбек – кірістің көзі.

  2. Алтынды тот баспайды.

  3. Кедейдің қолы қысқа.

  4. Бақыт – қолға қонған құс, байлық – қолға ұстаған мұз.



2. Суықторғай
Суықторғай - қыста ұшып келіп, қар жамылған ағаштарға қонатын құс, шын мәнінде, қысқы табиғатқа сұлулық береді.
Суықторғай өлшемі жағынан кәдімгі торғайдай, денесінің ұзындығы шамамен 18 см. Төбесі, қанаты, құйрығы қара, мойнының үсті мен арқасы сұрғылт, бауыры (аталығында) қызғылт, ал аналығында қоңыр, сұр түсті. тұмсығы шомбал, көлемді, қысқа, қара түсті болып келеді.
Суықторғайлар әдетте шағын үйірімен мекендейді. Алғашқы қар жауғаннан кейін, суықторғайлар туған ормандарын тастап, еліміздің барлық аймақтарына дерлік ұшып бара бастайды. Олардың суықторғай аталуы да қар түскеннен кейін адамдар өмір сүретін елді мекендер мен қалалардың, бақтардың, саябақтардың маңында пайда болуымен байланысты болу керек. 
Аяз неғұрлым күшті болса, суықторғайлар үйірі соғұрлым тыныш отырады. Кейде орнынан ұшып барып жидекті жұлып жеп, содан кейін біраз уақытқа дейін қайтадан қозғалыссыз отырады. Күні бойғы әрекеті сол. Қараңғылық түсісімен барлық үйір бұталарға немесе ағаштарға қонып, сол жерде түнейді. Олар жақсы ұшады, ағаштар мен бұталардың түбінде тез қозғалады.
Қалың тұмсығымен ол жидектердің немесе кішкентай жаңғақтардың тұқымын шағады. Суықторғайлар шетен жидектерімен, мамыргүлдің, қалақайдың тұқымдарымен, немесе бүршіктермен, сондай-ақ басқа да жемістермен қоректенеді, оларды тұмсығымен сым кескіштер сияқты тістейді. Шетеннің жидегін жегеннен кейін тұмсығын тазартады, себебі шетен тұқымдары оған жабысып қалады. Тұмсығын тазалау кезінде шетен тұқымдары жерге түсіп, көктемде өніп шығады.
Суықторғай - сенімді және көпшіл құс. Үйірден бір құс қақпанға түсіп қалса, қалғандары дереу құтқаруға асығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет