Оқушының аты-жөні: 9 «Ә» сынып ббжм оқу сауаттылығы №1


Домбыраның орта ғасырлардан белгілі болғандығы жөнінде қай азат жолда айтылады?



бет3/10
Дата25.05.2023
өлшемі68,8 Kb.
#97427
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ББЖМ 2022

4. Домбыраның орта ғасырлардан белгілі болғандығы жөнінде қай азат жолда айтылады?
А)А
В)Б
С)Ә
D) А
E)Ә
5. Кинотеатр көрерменге ешқашан азық немесе баспана, дүкен секілді пайда келтірмейді. Осыған қарамастан, әр елде миллиондаған адам кинозалдарды толтырады.Тіпті көрермен бір киноны көру үшін, билет қымбат болса да алады, соған уақытын жұмсайды. Неге? Өйткені кино көру адамға бақыт сыйлайды, көңілін көтереді. Көрерменнің кинодан алатын бір пайдасы осы ғана. Бұл да адам үшін аз ғана нәрсе емес шығар деп ойлаймын.
Мәтін не туралы?
А) Кинотеатр
В) Кино жанры
С) Көрермен
D) Пайда
E) Баспана
6. Домбыра-ежелде қазақтың қандай музыкалық аспаптарының бірі болды?
А) мұңын баяндаған
В) жырын баяндаған
С) тарихын баяндаған
D) дәстүрін баяндаған
E) сөзін баяндаған
7. Өзбектердің домбыраға өте ұқсас аспабы қалай аталды?
А) екі ішекті музыкалық аспап
В) екі ішекті домбыра
С) екі ішекті аспап
D) екі ішекті сүймелдеуші
E) екі ішекті дутар


8. Мәтін мазмұнына сай келетін қатарды белгілеңіз
А) ХІХ ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті дутар болатын.
В) ХІХ ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын.
С) ХХ ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын.
D) ХІХ ғасырда өзбек халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын.
E) ХІХ ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап жоқ болатын.
9. Домбыра кейіннен қандай жанрдың қалыптасуына ықпал етті?
А) күй
В) ән
С) жыр
D) толғау
E) айтыс
10. Домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет кімнің «Музыкалық канон» деген трактатында ауызға алынды?
А) әл-Таразидің
В) әл-Бирунидің
С) әл-Фарабидің
D) әл-Хусейнидің
E) әл- Хорезми

Кілт

1. А) Жыр, толғауларды сүйемелдеуге


2. С) Қазақтың күй өнерінің дамуына үлес қосқан кім?
3. E) Домбыраның қазақ өнеріндегі орны 4. В) Б
5. D) Пайда
6. С) тарихын баяндаған
7. E) екі ішекті дутар
8. В) ХІХ ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын.
9. А) күй
10. D) әл-Хусейнидің

4-нұсқа
Тест 9 « » сынып


1.Жүсіп Баласағұнды ақын ретінде танымал еткен дидактикалық поэмасы?
A) Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы
B) Ақиқат сыйы
C) Құтты білік
D) Оғызнама
E) Диуани хикмет
2.1105-1225 жылдар шамасында өмір сүрген қазақ халқының төбе биін ата
A) Қазыбек би
B)Мөңке би
C)Әнет би
D)Төле би
E) Майқы би
3. Жүсіп Баласағұнның қосымша лауазымдары
A) бас уәзір, ұлы кеңесші
B) ұлы кеңесші, елші
C) әдебиеттанушы, аудармашы
D) ғалым, ұстаз
E) әскербасы, дәрігер
4.Ж.Баласағұн «Құтты білік» еңбегі үшін қандай атақ алды?
A) Хас Хажыб
B) Хикметші
C) Ұлы білімгер
D) Падишах
E) Уәзір
5. «Құтты біліктегі» әділдік бейнесі кім?
A) Күнтуды
B) Өгдүлміш
C) Одғұрмыш
D) Айтолды
E) Жүсіп
6.Қазақ шешендік өнері кімнен бастау алған?
A) Ахмет Йүгінеки
B) Майқы би
C) Жүсіп Баласағұн
D) Махамбет
E) Абай Құнанбайұлы
7. «Қазақтар шешен келеді, олар мақалдап сөйлейді, жай сөзінің өзі өлең боп құйылып жатады» - деген ғалымды ата
A)В.В.Радлов
B) А.Н.Кононов
C) В.В.Бартольд
D) М.Горький
E) А.Белинский
8. Абылай ханның тұсында жазылған заңдар жинағы?
A) Жеті жарғы
B) Дара жол
C) Заңдар жинағы
D) Әдеп қағидалары
E) Мемлекет заңдары
9. Хат, хабар, халық, қаһар, жаһан сөздерін қай принципке жатқызуға болады?
A) дәстүрлі принцип
B) фонетикалық принцип
C) морфологиялық принцип
D) орфографиялық норма
E) орфоэпиялық норм
10.Қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де, көркем бір саласы
A) шешендік сөздер
B) роман
C) поэма
D) пъеса
E) драма
12. «Ел тізгінін ұстайтындар» тіркесінің мағынасы
A) әкеден өте туғандар
B) айтыскерлер
C) ештеңе шешпейтіндер
D) құлдар
E) әкеден кете туғандар
13. «Үдеріс» сөзінің мағынасы
A) құбылыс
B) жүйе
C) байланыс
D) кері кету
E) ғаламдық жойылу
14.Термин мен анықтаманы сәйкестендір
Оқиғаның әбден шиеленісіп, шегіне жеткен кезі
А )Шарықтау шегі
B) Байланысы
C)Шешімі
D)Шиеленісі
E)Қорытындысы
15.Шешендік сөздердің қай стиль түріне жататынын анықта
А )Көркем әдебиет
B) Ғылыми
C)Ресми
D) Ауызекі
E)Публицистикалық
16.«Хас Хажыб» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
A) ханның ең жақын, ең сенімді кеңесшісі, ұлы уәзір
B) бас уәзір
C) ұлы ұстаз
D) елдің сүйіктісі
E) батыр
17. Мәтін
Кез келген мемлекетті дамытатын, халықты арманына жетелейін күш – идея, идеология. Идеология деген – сол елдің бағдаршамы. Егер ол болмаса, кеме мұхитта, ұшақ көкте, адам жерде адасады.
Арғы-бергі тарихта «елім мәңгі болсын» деп армандамаған бірде-бір мемлекет жоқ. Ұлы далада «Мәңгілік Ел» орнату идеясы бүгін ғана туа қалған жоқ. Ықылым замандардан бері ел орнап, билік пайда болғалы бері жалғасын үзбей келе жатқан әлемдік құбылыс. Адам баласы өмір бойы жұмақ жерді, бақытты, еркіндікті іздеумен, армандап-аңсаумен келеді. Ол арман -татулығы, береке-бірлігі жарасқан «Мәңгілік ел» орнату идеясы. Ол – қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман. Асанқайғы желмаяға мініп, шарқ ұрып іздеген жерұйық, баянды тіршілік.
Қытайлар өзін «Аспан асты елміз» десе, жапондар өздерін «Күншығыс еліміз» дейді, біз – Ұлы дала еліміз. Қазақ – осы Ұлы далада туып, өсіп-өркендеген, талай ұлыс, талай қағанат орнатқан көнеден келе жатқан халық.
«Күлтегін» жырында «Егер сен Өтүкен қойнауында отырсаң, Мәңгі ел орнатар едің» деген сөз бар. Яғни Мәңгі ел орнатуды Бумын, Естеми қаған сынды бабаларымыз VII ғасырда-ақ аңсаған. Өкініштісі, басараздықтың, алауыздықтың кесірінен қағанат құлап, олар арманына жете алмаған. Демек, Мәңгі ел орнату үшін алдымен жер тұтастығы, ел ынтымағы керек, ата тарихын ұрпақ санасына сіңіру керек.
«Ұлы дала елі – Мәңгілік ел» идеясы сан қырлылығымен, күрделілігімен ерекшеленеді. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін, байыпты тұжырымдама керек. Оның ең басты шарттары мынадай: 1)мемлекет аумағының тұтастығы; 2)мемлекеттің қорғаныс қабілеті, ұлт қауіпсіздігі; 3)мемлекеттік тілі; 4)діні; 5)ізгілік, даналық ілімі, ұлы эпостары; 6)ата дәстүрі, атакәсібі; 7)халқының ынтымақ бірлігі
Б.Омарұлы «Жүректің көзі» кітабынан
Оқылым мәтіні не туралы?
A) мәңгілік ел орнату
B) идеологияны дәріптеу
C) өткен тарихымыз туралы
D) даңқты бабаларымыз туралы
E) бостандық, тәуелсіздік туралы
18.Идеология дегеніміз не?
A) мемлекетті дамытатын күш, идея
B) рухани баю
C) халықты басқарудың түрі
D) ежелгі мәдениетімізге қатысқы термин сөз
E) бір елдің даму жоспары
19.«Күлтегін» жырындағы қағандар нені аңсаған?
A) мәңгілік ел орнату
B) бай болып, күллі әлемге аты шығу
C) көрші елдермен татулық
D) мәңгілік өмір сүру
E) бүкіл әлемді бағындыру
20.Мәтін қандай стильде жазылған?
A) публицистикалық стиль
B) ғылыми стиль
C) көркем әдебиет стилі
D) ресми іс қағаздар стилі
E) ауызекі сөйлеу стилі
21.Мәңгілік ел- қандай ел?
A) мемлекеттік тілі, діні, ата дәстүрі мен ата кәсібі сақталған, ынтымағы берік ел
B) халқы ұзақ өмір сүретін ел D) жерінің аумағы үлкен мемлекет
E) тарихы терең ел C) дәстүрі ұмытылмайтын ел
Жауабы
1. C) Құтты білік
2. E) Майқы би
3. D) ғалым, ұстаз
4. A) Хас Хажыб
5. A) Күнтуды
6. B) Майқы би
7. A)В.В.Радлов
8. A) Жеті жарғы
9. A) дәстүрлі принцип
10. A) шешендік сөздер
11.
12. A) әкеден өте туғандар
13 A) құбылыс
14 А )Шарықтау шегі
15 А )Көркем әдебиет
16 A) ханның ең жақын, ең сенімді кеңесшісі, ұлы уәзір
17 A) мәңгілік ел орнату
18 A) мемлекетті дамытатын күш, идея
19 C) көрші елдермен татулық
20 A) публицистикалық стиль
21 A) мемлекеттік тілі, діні, ата дәстүрі мен ата кәсібі сақталған, ынтымағы берік ел

5-нұсқа
Мәтінмен жұмыс


Мәтінді мұқият оқып,мәтінге берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы 1 наурызда құрылған. Ассамблеяның мақсаты- қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып ,қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру үшін,республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету. Ассамблеяның негізгі міндеті- этносаралық қатынастар саласында органдарман және азаматтық қоғам институттарымен өзара тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттылығы одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту. Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік органдарға экстремизм мен радикализм көріністеріне қарсы әрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына негізделген саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді.Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін, этномәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын және дамуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сайтынан


1.Қазақстан халқы Ассамблеясы қашан құрылған?
A) 1995 жылы 1 наурызда
B) 1991 жылы 16 желтоқсанда
C) 1995 жылы 30 тамызда
D) 1993 жылы 1ақпанда
E) 1997 жылы 1 наурызда
2.Мәтінге сәйкес мақал-мәтелді табыңыз?
A) Ынтымақтың түбі-игілік
B) Отан оттан да ыстық
C) Туған жердей жер болмас
D) Жамандық көрмей жақсы болмас
E) Отан қуат-отбасы шуақ
3. Ел бірлігін нығайту,қоғамдық келісімді қолдау және дамыту туралы қай абзацта айтылған?
A) екінші
B) бірінші
C) үшінші
D) айтылмаған
E) төртінші
4. Ассамблея қандай мағына береді?
A) Жиналыс
B) саяхат
C) мейрам
D) тәуелсіздік
E) талқылау 5.Сөйлем түрін анықтаңыз?
Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы 1 наурызда құрылған.
A) жай сөйлем
B) құрмалас сөйлем
C) хабарлы сөйлем
D) салалас құрмалас
E)аралас құрмалас
6.Мәтін қай стильде жазылған?
А) көркем әдебиет стилі
В) ауызекі сөйлеу стилі
С) публицистикалық стиль
Д) ресми іс- қағаздар стилі
7.Мәтін идеясын анықтаңыз
А) халықтар достығы
В) ұлтаралық келісім
С) Қазақстан халықтарының бірлігі
Д) саяси мәдени құқық
Е) тілдерді дамыту
8.Мәтіннің мақсатты аудиториясы
А) қариялар
В) жастар
С) қонақтарға
Д) барлық оқырманға
Е) студенттерге
9. Есімше сөзді тап.
А) құрылған
В) дамыту
С) көрсетеді
Д) жасау
Е)қамтамасыз ету
10.Мәтін қай түрі?
А) пайымдау
В) баяндау
С) сипаттау Д) әңгімелеу
Е) суреттеу

Жауабы
1 A) 1995 жылы 1 наурызда


2 A) Ынтымақтың түбі-игілік
3 A) екінші
4 A) Жиналыс
5 A) жай сөйлем
6 С) публицистикалық стиль
7 В) ұлтаралық келісім
8 Д) барлық оқырманға
9 А) құрылған
10 В) баяндау

6-нұсқа
9-сынып,


А) Мәтін
Ең алғаш ЭКСПО өткізу туралы идеяның авторы Ұлыбританияның қазіргі ханымының арғы атасы Альберт ханзада еді. Алғашқы Бүкіләлемдік көрме Лондонда 1851 жылдың 1 мамырында Гайд саябағында ашылған. 20 аптаның ішінде оған 6 млн адам келген (сол кезде Лондонда 3 млн адам тұрған болатын). «Ең үздік сәулет өнері жобасы» байқауында Хрусталь сарай салуды ұсынған Джозеф Пакстонның жобасы жеңіске жеткен. Пакстон кәсіби архитектор емес, жылыжайда гүл өсіретін бағбан болған. Сарай бір мезгілде 14 000 адамды қабылдай алатын еді. Алғашқы көрмеде сол кезде әлемде өндірілген заттардың барлығын көруге болатын. Құрал-жабдықтар бөлімі ең үлкен әсер қалдырған: бу қозғалтқыштары, стерео-фотосуреттер, американдық Чарльз Гудиер ойлап тапқан ысытылған резеңке, қойытылған сүт, консервіленген азық-түлік, мүгедектерге арналған протездер, шыны көздер, стоматологиялық креслолар, «веналық» деп аталатын орындықтар және басқа да заттар. Көрмеден түскен пайда қомақты болған: шамамен, 186 000 фунт стерлинг. Осы ақша бірнеше музейдің құрылысына, солардың ішінде әйгілі Виктория мен Альберттің музейінің бой көтеруіне жұмсалған.
1.Мәтін бөлімдерін ретімен қойыңыз.
1. Жеңіске жеткен жоба 2.
Тың идеяның туындауы 3.
Әйгілі музейдің дүниеге келуі
А) 2, 1, 3
В) 3, 1, 2
С) 3, 2, 1
D) 1, 2, 3
Е) 1, 3, 2
2. Көрмеде қай затты кездестіре алмайсыз.
А) Стерео-фотосуреттер, ыдыстар
В) Бу қозғалтқыштары, қойытылған сүт
С) Шыны көздер, веналық орындық
D) Протездер, стоматологиялық креслолар
Е) Консервіленген азық-түлік
3. БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық мәжілісінде Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына қашан қабылданғанын көрсетіңіз.
А) 1993 жылы 2 наурызда
В) 1992 жылы 3 қаңтарда
С) 1991 жылы 16 желтоқсанда
D) 1995 жылы 29 сәуірде
Е) 1995 жылы 1 наурызда
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қай жылы Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді қабылдады?
А) 1994 жылы 6 шілдеде
В) 1997 жылы 10 желтоқсанда
С) 1998 жылы 6 мамырда
D) 1998 жылы 10 маусымда
Е) 1999 жылы 10 қаңтарда
5. ЭКСПО өткізу туралы идеяның авторы кім?
А) Альберт ханзада
В) Джозеф Пакстон
С) Чарльз Гудиер
D) Александр Грэм Белл
Е) Томас Альва Эдисон
6.Мәтіннің стиль түрін анықтаңыз?
А) Публицистикалық стиль
В) ғылыми стиль
С) көркем әдеби стилі
D) ресми стиль
Е) ауыз екі сөйлеу стилі
7.Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз
А) Алғашқы көрме
В) құндылық
С) стиль
D) қызығушылық
Е) байқау
8.Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз
А) көрме
В) заттар
С) қалалар
D) азық-түліктер
Е) суреттер
9.Көрмеден түскен пайда қайда жұмсалды?
А) музейдің құрылысына
В) көше жөндеуге
С) қала құрылысына
D) қайырымдылыққа
Е) көгалдандыруға
10.Қазақстанда ЭКСПО қай жылы өтті?
А) 2017ж
В) 2015ж
С) 2019ж
D) 2020ж
Е) 2016ж

Жауаптары:


1.А
2.А
3.А
4.А
5.А
6.А
7.А
8.А
9.А
10.А

7-нұсқа
Сырым жас кезінде Есентемір Бөкен биге батасын алайын деп және ақыл сұрайын деп ат, шапан алып барады. Барып қонақ болғаннан кейін Бөкен Сырымнан келген жұмысын сұрайды. Сонда Сырым:


— Менің сізге келген жұмысым — біріншіден, сіздің батаңызды алайын деп келдім, екіншіден, ақыл сұрайын деп келдім,— дейді.
Сонда Бөкен: «Саған батамды берейін, сен жас болғанмен елге бас болғандай екенсің»,— деп бата береді:
Арқаң қара нардай жауыр болсын,
Мінезің қара жердей ауыр болсын.
Өкпең жоқ — бауыр болсын,
Құлағыңнан сыбыр кетпесін,
Жасың алпысқа жетпесін,— дейді.
Батасын бергеннен кейін: «Мен не десем де бәрінің де мағынасы бар, қалай түсіндің, өзіме айырып бер»,— дейді Бөкен қарт. Сонда Сырым:
— Арқаң көп мінгеннен жауыр болсын дегенің — халық үшін жұмыс жаса, халықты өзіңе ерте біл — дегенің. Мінезің қара жерден ауыр болсын дегенің — беріден ойлама, әріден ойла, салмақты бол, жеңіл болма дегенің. Өкпең жоқ бауыр болсын дегенің — не болса соған өкпелеп, инені жіпке тізіп өкпешіл болма — дегенің. Құлағыңнан сыбыр кетпесін дегенің — ел арасында дау-жанжал көп кездеседі, сол мәселені өзің шешіп, ақ-қарасын айырып, дұрыс төресін бере біл — дегенің. Жасың алпысқа жетпесін деген батаңызға мен түсіне алмадым,— депті.
Сонда Бөкен қарт Сырымға ақырған екен:
— Мен сенен құдайдың берген жасын қызғанам ба, жүз алпысқа кел. Менің жасым сексен төртке келді. Алты бәлеге тап болдым. Мен сені сол алты бәледен аулақ болсын деп едім. Ол мыналар: үлкен үйге кіре алмадым, кіші үйге сия алмадым. Қара сақалды әкем болды, қара шашты шешем болды. Ауру келді, кәрілік жеңді,— міне, алты бәле деген осы. Бұған қалай түсіндің? — дейді.
Сонда Сырым батыр:
— Үлкен үйге кіре алмадым дегеніңіз, адамның қатары кетеді, баратын үйі таусылады. Кіші үйге сия алмадым дегеніңіз өзінен жасы кіші адамдардың үйіне жасы үлкен адам шақырусыз бара алмайды. Қара сақалды әкем дегеніңіз өзіңнен туған кей бала, есейген соң әкенің тілін алмайды, әкені дұрыс баға білмейді. Бір сөз айтсаң бетіңді қайырып тастайды. Қара шашты шешем дегеніңіз сол баланың әйелі, келінің. «Осы шалға не керек екен, берген асты ішіп жата бермей»,— дейтін шығар. Ауру мен кәрілік түсінікті ғой, ата»,— депті. Сонда Бөкен қарт: «Бақытты бол, балам, жақсы шештің»,— дейді. Сырымға қарап Бөкен басын шерткен екен.
Сырым оған аузын ашып, тілін көрсетіпті. Сырымның қасындағы жолдастары: «Бөкең саған неге басын шертті, оған сен аузынды ашып, тіліңді шығардың, ол не сөз?»— дейді. Сонда Сырым: «Ол кісі маған басын шерткені — басқа бәле қайдан келеді»,— деген жұмбағы еді; менің оған тілімді көрсеткенім: «Басқа» бәле қызыл тілден келеді дегенім»,— депті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет