Оқушының аты-жөні: 9 «Ә» сынып ббжм оқу сауаттылығы №1


Мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз



бет5/10
Дата25.05.2023
өлшемі68,8 Kb.
#97427
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
1990 жылға дейін Қазақстан халқының демографиялық жағдайы тұрғындар санының ұдайы қарқынды өсуімен, қалада тұрушылар үлесінің шұғыл артуымен, ұлттық құрамының қарқынды араласуымен, халық тығыздығының біркелкі болмауымен сипатталды. 1990 жылдан кейінгі кезеңде славян, герман тектес тұрғындардың тарихи Отанына қоныс аударуы көбейіп, республика халқы едәуір азайды, қазақ және басқа түркі тектес халықтардың үлесі артты. Сондай-ақ нарықтық қатынастарға байланысты ішкі көші-қонның әсері мен қала тұрғындарының саны өсе бастады. 1917 жылға дейін Қазақстан қалаларында жалпы халықтың 9,7%-і тұрды. Соғысқа дейінгі жылдарда қала халқының өсуіне Қазақстанның минералдық шикізат қорларын игеру, ірі теміржол құрылыстарын салу факторлары әсер етті. 1939 жылы қала халқы 3,3 есе өсіп, қалалық елді мекендер саны 81-ге жетті. Соғыс жылдарын да жаңадан 28 қалалық елді мекен пайда болды.
1) 1990 жылдан кейінгі болған өзгерістер
А) Славьян, герман тектес тұрғындар Отанына қоныс аударды.
B) Шикізат қорлары азайды.
C) Ірі теміржол бекеттері салынды
D)Адамдар аңшылыққа жиі шыға бастады
E) Тұрғындар саны артты
2) Халықтың демографиялық жағдайы артып, тұрғындар саны қай жылы ұдайы өсіп отырды?
А) 1991 жылдан кейін
B) 1990 жылға дейін
C) 2000 жылдар
D) 1997 жылдан кейін
E) Тәуелсіздік жылдарында
3) Қала халқының өсуіне әсер еткен факторлар
А) Денсаулықты нығайту шаралары жүргізілуі
B) Кітапханалардың көбеюі
C) Жаңа елді мекендердің пайда болуы
D) Минеральдық шикізат қорларының игерілуі, ірі теміржол бекеттерінің салынуы
E) Халықтың жағдайы жақсаруы
4) Соғыс жылдарында неше қалалық елді мекен пайда болды?
А) 28 қалалық елді мекен
B) 21 қалалық елді мекен
C) 30 қалалық елді мекен
D)29 қалалық елді мекен
E)26 қалалық елді мекен
5) 1990 жылға дейін Қазақстан халқының демографиялық жағдайы...
A) Халық саны едәуір азайды
B) Тұрғындар басқа елдерге қоныс аударды
C) Халық тығыздығы біркелкі болмады
D) Басқа түркі тектес халық саныны артты
E) Көші қон әсер етті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет