Ғалым туралы естелік Омбыдағы Кадет корпусында Шоқан Потанинмен дос болады. Потанин – қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеуші, ғалым Шоқан туралы естеліктерінде былай деп жазады: «...Мен Шоқанмен корпусқа оқуға келгенде таныстым. Ол орысша білмеді, мен қазақша білмедім. Бірақ Шоқан орыс тілін тез үйреніп алды. Екеуміз де кітап оқуды жақсы көрдік, әсіресе, саяхатшылар туралы кітапқа қатты қызығатынбыз, сондықтан екеуміз жақсы дос болып кеттік.
Мен қазақ даласы мен географиясы туралы білгенімді дәптерге жазып жүрдім. Шоқан сол жазуларды өз әңгімесімен толықтырады. Сөйтіп, біз қазақтардың бүркітпен аңға шығуын толық жаздық.
Шоқан кейіннен оқуда орыс достарынан да озып кетті. Ақылды, дарынды балаға үлкендер де қызыға қарайтын. Демалыс күндері оны офицерлер мен Сібір шенеуніктері үйлеріне шақыратын. Ол қаладағы өнерлі, білімді адамдармен көп араласып тұрды.
Шоқан өте көп оқитын, саяхатшы болуды армандайтын. Қаладағы кітапханадан кітап алу сол кезде тек Шоқанға ғана рұқсат етілді. Ол әкелген кітаптарды мен де оқитынмын.
Біз Шоқаннан үлкен болсақ та, білім жағынан ол бізден әлдеқайда жоғары еді. Корпус оқушылары үшін Шоқан «Еуропаға ашылған терезе» секілді еді».
1. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.
A) Потанин Шоқаннан бірнеше жас кіші болды
B) Шоқан Потанинмен жақын жолдас болды.
C) Потанин Шоқаннан бірнеше жас үлкен болды.
D) Екі дос саяхатшылар туралы кітаптарды көп оқитын.
E) Ш.Уәлиханов Кадет корпусында оқыды.
2. Мәтінде жауабы жоқ сұрақты таңдаңыз. A) Шоқан кітапханада кіммен танысты?
B) Шоқан саяхатқа кімдермен барды?
C) Шоқан мен Потанин қалай дос болды?
D) Шоқан кім болуды армандады?
E) Шоқан қайда оқыды?