6 Бізге келген қонақтар Мақсаты: Кейіпкердің мінезіне сай,әуенді ажырата білуге үйрету. Көрнекіліктер: Аңның, құстың,қоянның бет пердесі. Шарты: Алдын ала бір бала шымылдықтың артына барып,аңның немесе құстың бет пердесін киеді.Ал 3-4 бала аспаптарды алдына қойып, келген қонақтың мінезіне сай, аспапты соғады.Аю келсе- жуан дыбыстар, қоян келсе-секіртпелі дыбыстар,торғай келсе-жіңішке дыбыстарды соғу керек.
7 .
Тында да айт Мақсаты: айналадағы заттардың дыбыстарын бір-бірінен ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту. Құрал: ағаш, металл қасықтар, доп, қағаз, кітап,суы бар стақан, қоңырау, кілттер. ІІ нұсқасы ретінде музыкалық аспаптарды пайдалануға болады. Ойын барысы: Жеке және топпен ойнауға болады. Ең алды балалар үстелдегі заттарды қарап алады. Сосын тәрбиешіге теріс қарап отырады, ал тәрбиеші заттардың дыбысын шығарады, балалар дыбысты танып толық жауап береді : «Бұл қоңыраудың сыңғыры» т.с.с. ІІ-нұсқа. Заттардың орнына музыкалық аспаптар пайдаланады. Балалар аспапты дыбысынан таниды. 8 Аққала мен шыршаны құрастыр Мақсаты: Дөңгелек пішіннен аққаланы, ал ұшбұрыштан шыршаны құрастыруды үйрету. Үлгіге қарай отырып пішіндердің көлемін әртүрлі етіп (үлкен, орташа, кішкентай) орналастыруға үйрету. Жыл мезгілдері туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру. Шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:Әр түрлі көлемді (үлкен, орташа, кішкентай) дөңгелек, ұшбұрышты пішіндер. Аққаланың қалпағы т.б.
9 Сыңғыр – сыңғыр Мақсаты: Кеңістікте бағдарлану, дыбыс бағытын анықтай білу, есту қабілетін бағыттауды дамыту.
Қажетті құралдар: Қоңырау.
Ойын барысы: Бала көзін жұмады, ал тәрбиеші тым-тырыс оның жанына (сол, оң, артынан) келіп қоңырауды сылдырлатады.Бала көзін ашпай дыбыстың, қайдан шыққан бағытын анықтауы қажет.Егер бала қателессе, онда тағы шешеді. Ойынды 4 – 5рет қайталайды. Баланың көзін ашпауын қадағалау керек. Бала дыбыс қайдан шықты, сол жерге бетімен бұрылып, дыбыстың бағытын көрсете білуі керек.Қоңырауды баяу сылдырлату керек.
10 шығармашылық ДАҒДЫНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН дидактикалық ойындар картотекасы