Ою құрастыру. Қай аспап жоқ Әдемі гүлдер. Оюлы сырмақ. Музыкалық жұмбақ



бет3/3
Дата02.02.2023
өлшемі0,64 Mb.
#64798
1   2   3
Байланысты:
Шығармашыксаласы дида.ойын

6
Бізге келген қонақтар
Мақсаты: Кейіпкердің мінезіне сай,әуенді ажырата білуге үйрету. Көрнекіліктер: Аңның, құстың,қоянның бет пердесі. Шарты: Алдын ала бір бала шымылдықтың артына барып,аңның немесе құстың бет пердесін киеді.Ал 3-4 бала аспаптарды алдына қойып, келген қонақтың мінезіне сай, аспапты соғады.Аю келсе- жуан дыбыстар, қоян келсе-секіртпелі дыбыстар,торғай келсе-жіңішке дыбыстарды соғу керек.

7
.
Тында да айт Мақсаты: айналадағы заттардың дыбыстарын бір-бірінен ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту. Құрал: ағаш, металл қасықтар, доп, қағаз, кітап,суы бар стақан, қоңырау, кілттер. ІІ нұсқасы ретінде музыкалық аспаптарды пайдалануға болады. Ойын барысы:  Жеке және топпен ойнауға болады. Ең алды балалар үстелдегі заттарды қарап алады. Сосын тәрбиешіге теріс қарап отырады, ал тәрбиеші заттардың дыбысын шығарады, балалар дыбысты танып толық жауап береді : «Бұл қоңыраудың сыңғыры» т.с.с. ІІ-нұсқа. Заттардың орнына музыкалық аспаптар пайдаланады. Балалар аспапты дыбысынан таниды.
8
Аққала мен шыршаны құрастыр
Мақсаты: Дөңгелек пішіннен аққаланы, ал ұшбұрыштан шыршаны құрастыруды үйрету. Үлгіге қарай отырып пішіндердің көлемін әртүрлі етіп (үлкен, орташа, кішкентай) орналастыруға үйрету. Жыл мезгілдері туралы түсініктерін қалыптастыруды жалғастыру. Шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Әр түрлі көлемді (үлкен, орташа, кішкентай) дөңгелек, ұшбұрышты пішіндер. Аққаланың қалпағы т.б.
9
Сыңғыр – сыңғыр
Мақсаты: Кеңістікте бағдарлану, дыбыс бағытын анықтай білу, есту қабілетін бағыттауды дамыту.
Қажетті құралдар: Қоңырау.
Ойын барысы: Бала көзін жұмады, ал тәрбиеші тым-тырыс оның жанына (сол, оң, артынан) келіп қоңырауды сылдырлатады.Бала көзін ашпай дыбыстың, қайдан шыққан бағытын анықтауы қажет.Егер бала қателессе, онда тағы шешеді. Ойынды 4 – 5рет қайталайды. Баланың көзін ашпауын қадағалау керек. Бала дыбыс қайдан шықты, сол жерге бетімен бұрылып, дыбыстың бағытын көрсете білуі керек.Қоңырауды баяу сылдырлату керек.
10
шығармашылық ДАҒДЫНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН дидактикалық ойындар картотекасы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет