Ою құрастыру Мақсаты: Балаларды сандардың ретін, құрамын оңай табуға, таңбаны айыра білуге дағдыландыру.
Көрнекілік: Бірнеше бөліктерге бөлінген ою элеметтері. Ойынның барысы: Оюдың элементтерін жекелеп қиып, мысалы 4 қошқар мүйізді 2-ге бөліп, 8 бөлікті балаларға таратып береді. Түстерін сәйкестендіру, бөліктерін қиюластыру арқылы ою-өрнек құрастырылады.
1 Қай аспап жоқ? Мақсаты: Балалардың зейіннің дамыту. Есте сақтау қабілетін дамыту
Ойынның барысы: Педагог тақтаға музыкалық аспаптардың суреттерін іледі, балалар суреттерді көреді, көздерін жұмады, көздерін ашқанда қай суреттің жоқ екенін табу керек.
Көрнекіліктер: Музыкалық аспаптар бейнеленген суреттер
2 Әдемі гүлдер Мақсаты: Әдемігүлдердің суретін салуды, бедерлеп мүсіндеуді, жапсыру кезіндегі іскерлік дағдыларды еркін меңгеруге үйрету. Қиылған ұсақ бөлшетерден өздеріне таныс гүлді құрастыру. Гүлдің құрылысын беруде түстердің үйлесімділігін табуға, кеңістікте дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру.
Көрнекіліктер: Әдемі гүл суреттері, натюрморт, ашық хаттар (открыткалар). Гүлдердің ерекшелігіне байланысты құрылысын ашатын ұсақ қиындылар. Құрылым түзуге түстері пішініне сәйкес әр түрлі болуы қжет. Тақта, мольберт немесе фланелограф.
Ойын барысы: Гүл жапырақтарының ерекшелігіне назар аударып, сәйкес пішіндерін таңдау; Түр-түсіне, құрылысына қарай отырып, құрылым жасау; Гүлдер жайында білетін өлең тақпақтар, жұмбақтар айтып, әсемдікті әсерлеу.