Өз басым бұл мәселені көп тен бері айтып та, жазып


БІР ТОННАСЫ – 180 ДОЛЛАР?



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата06.04.2017
өлшемі2,75 Mb.
#11122
1   2   3   4   5   6

БІР ТОННАСЫ – 180 ДОЛЛАР?

Қазір ішкі нарықтағы сұранысты өтеу 

үшін 3,5 млн тонна бидай қажет. 1,5 млн 

бар, қалғаны – жиын-терімде. Міне, осы 

арада астықты сатып алу бағасы туралы 

мәселе кесе-көлденеңдейді. Бұл – өнім 

өндірушілердің жыл сайынғы бас ауруы. 

Биылғы белгіленген баға 180 доллардан 

(1 тоннасына) аспауға тиіс болатын. Қазіргі 

кезде «Азық-түлік корпорациясы» белгі-

ленген квота бойынша астықты сатып ала 

бастаған. Корпорация биылғы астықты 

ЖШС-лар үшін бір тоннасы 26 500 теңге, 

ал шаруа қожалықтары үшін 23 660 теңге 

деп белгілеген болатын. Алайда соңғы 

мәліметтер бойынша, бидайдың бір 

тоннасы 30 мың теңгеден асып кетіпті. Осы 

орайда өткен аптада Солтүстік Қазақстан 

облысына барған сапарында ауыл 

шаруашылығы министрі Ақылбек 

Күрішбаев «Қазақ-Астық» тілшісінің 

сауалына былай деп жауап берген: 

«Мемлекеттік сатып алуды кезінде 

мемлекет жәрдем көрсеткен ірі астық 

компанияларына қарап белгілеген жөн. 

Енді олар мемлекетке көмектесуі керек. 

Егер біз қазір бидай бағасын көтерсек, 

онда оның бағасы 180 доллардан асып 

кетеді. Ондай жағдайда нан қымбаттайды. 

Бұл мәселеде медальдың екінші жағына да 

қарау керек». 

Әйтсе де бидайдың жоғары сапасына 

орай нарықтағы бағасына, шектеулі көлемі 

мен әлемдік нарықтағы бағаның 

қымбаттауын есепке алсақ, мемлекеттік 

сатып алуды жүзеге асыру қиындап бара 

жатқанға ұқсайды. Қазірдің өзінде 

Солтүстік Қазақстан облысында бидайдың 

бір тоннасы 30-32 мың теңгеден сатылуда. 

Өзге облыстарда одан да қымбат 

көрінеді. 

Биржадағы баға да оңып тұрған жоқ. 

Қазан айына фьючерс бағасы 35 600 теңге 

және 3-4 классты бидайға 32 550 теңге 

көлемінде қалыптасты. Сарапшылардың 

айтуынша, ел ішіндегі бидай құнын тым 

асырып жібергендіктен, биржада әзірге 

жанданыс жоқ. 

Айта кеткен жөн, өткен аптаның 

соңында АҚШ биржаларында бидайдың 

котировкасы әдәуір жоғарылаған еді. 

Мәселен, Чикаго биржасында оның 

тоннасы – 256 доллар, Канзас-Ситиде – 

279 доллар, Миннеаполисте қатты 

сұрыпты бидайдың бір тоннасы 280 

доллардан асып кетті. 

Ал таяуда Римде БҰҰ өкілдерінің 

басқосуында күн санап өсіп жатқан азық-

түлік бағасы талқыланды. Жиынның 

қорытындысында әлемдік нарықта 

қалыптасқан ахуалды азық-түлік 

дағдарысы деп бағалауға келмейтіні 

жарияланды. Алайда 30-дан астам 

мемлекет халқының қарнын тойдыру үшін 

өзге елдердің өніміне жалтақтайды. 

Мүмкін, экспорт бағытын осы елдердің 

арасынан іздеген дұрыс шығар? Өйткені, 

мамандар айтпақшы, біздің бұл саладағы 

экспорттық әлеуетіміз әлі де жоғары. 

Адамзат баласының жетістік 

жолындағы әрбір қадамы 

қоршаған орта үшін орны 

толмас зиян әкеліп жататынын 

білеміз. Әсіресе соңғы бірнеше 

онжылдықтың ішінде табиғат-

ана қатты зардап шекті. Бұған 

мысалды алыстан іздеудің де 

қажеті шамалы. Осыдан бірнеше ай 

ғана бұрын әлемді дүр сілкіндірген 

Мексика шығанағындағы 

алапат апаттың өзі неге тұрады? 

Экологиялық және климаттық 

жағдайларға мән бермеушілік пен 

экономикалық өсім жолындағы 

тойымсыз әрекеттің ақыры 

осындай жағдайға алып келді. 

Орны толмас қайғы әкелетін табиғат 

апаттарының алдын алу жолында Қазақ елі 

де аянып қалып жатқан жоқ. Бұған кеше 

еліміздің бас қаласы Астанада шы мылдық 

көтерген Азия мен Тынық мұхит аймағы ел-

дерінің қоршаған ортаны қорғау министр-

лерінің VI халықаралық кон 

ференциясын 

айтуға болады. Осымен алтыншы рет өткізіліп 

отырған халық 

аралық жиынға БҰҰ-ның 

ЭСКАТО ( БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты 

өңірі бойынша экономикалық және әлеу-

меттік комиссиясы) комиссиясына мүше 62 

елдің қоршаған ортаны қорғау министрлері 

келіп қатысып жатыр. Форумның басты 

мақсаты – ғаламдық және аймақтық эко-

логиялық проблемаларға қатысты туындаған 

қауіп-қатерлерге қарсы күрес мәселесін 

талқылау.  

 

Бүгінгі таңда Азия-Тынық мұхиты аймағы 



елдеріндегі экономикалық өсу деңгейі өте 

қарқынды жүріп келеді. ЭСКАТО Қоршаған 

ортаны қорғау бөлімінің бастығы Рай Квон 

Чунгтің айтуынша, бұл аймақтың әлем 

алдындағы рөлі де біршама артып, жалпы 

жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай төмен-

деген. «Бірақ бұл үрдіс экологиялық жағынан 

өте қауіпті болып отыр. Азия құр лығындағы 

жедел дамып келе жатқан экономикалық 

жағдай мен өндіріс орын дарының жаппай 

артуы қоршаған ортаға айтарлықтай зиян 

тигізіп отыр. Сол себепті енді жалпыазаматтық 

қоғамның алдында энергетиканың жаңа 

түрін таңдап алудан басқа жол жоқ», – деген 

Чунг мырза эко логиялық жағынан тиімді деп 

танылған бірнеше бағытты атап өтті. «Біз 

ЭСКАТО ая сында «Жасыл даму» бағдар ла-

масы бағ дарына ілгерілеушілік әкелу үшін 

қажет деп танылған бірнеше ауқымды 

бағытты анықтап алдық. Атап айтқанда, 

біріншіден, бізге саннан гөрі сапалық өсімге 

бетбұрыс жасау қажет. Екіншіден, тұрақты 

инфра құрылымға инвестиция салу керек», 

– деді ол.

Сондай-ақ шетелдік мейман ғаламдық 

экологиялық жұмыстары үшін Қазақстан 

Үкіметіне алғыс айтты. «Үкімет экологиялық 

тиімділікті арттыру мақсатында аз жұмыс 

атқарып жатқан жоқ. Осындай маңызды 

форумның Астанада өтуінің өзі Қа зақстанның 

қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму 

мәселелеріне көңіл бөліп отырғанын көр-

сетеді. Қазақстанның негізгі ұстанымы ай-

мақтағы экологиялық қауіпсіздікті күшейтуге 

бағытталған», – дейді Рай Квон Чунг. 

Болашақта адамзат баласын эколо гиялық 

сәтсіздіктен сақтау қажет. Көптеген елдер 

осыған байланысты «Жасыл даму» 

бағдарламасын іске асырып жатыр. Дамы ған 

елдердің ізімен келе жатқан Қазақ елі де 

келесі жылдан бастап аталмыш бағ дарлама 

бойынша жұмыс жасауға дайын 

дық 

жұмыстарын бастап кетті. Мұны осы жиында 



қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали 

Әшімов те шегелеп айтты. «Елімізде келер 

жылдан бастап «Жасыл даму» бағдарламасы 

іске қосылады. Құжат қазіргі уақытта Үкіметке 

ен 

гізілді. Кейін ол Парламентте қаралып, 



Пре зидент қол қоюы тиіс. «Жасыл даму» бағ-

дарламасының негізгі мақсаты – өндіріс 

қалдықтарын қайта өңдеу арқылы кәдеге 

жарату. Бұл – Президенттің тікелей тап-

сырмасы. Оның екінші бір бағыты – Киото 

процесіне қосылу», – дейді қоршаған ортаны 

қорғау министрі.

Азия мен Тынық мұхиты аймағы ел-

дерінің қоршаған ортаны қорғау министр-

лерінің VI халықаралық конференциясы 

еліміз тарихындағы айтулы оқиға екені 

даусыз. Конференция 1985 жылдан бері әр 

бес жыл сайын өткізіліп келеді. Ол қыркүйектің 

27-сі мен қазанның 2-сі аралығында өтеді. 

Жиын шеңберінде сондай-ақ бизнес-форум, 

азаматтық қоғам мүшелерінің форумы, 

қоршаған ортаны қорғау саласындағы 

жетістіктер, жобалар мен жаңа технологиялар 

көрмесі өтеді. 1 қазан күні конференцияға 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 

қатыспақ. 

Бас-аяғы алты күнге созылатын бұл бас-

қосу екі бөліктен тұрады. Қыркүйектің 27-

29-ы аралығында министрліктердің бас ма-

мандары мен сарапшылары қоршаған ор-

таны қорғау және дамыту мәселелерін 

талқылайды. Ал қазан айының 1-і мен 2-сі 

аралығында ведомство басшылары ақырғы 

құжаттарды әзірлейді. Онда қоршаған 

ортаны қорғау саласында бірігіп қызмет 

атқару жайы талқыға түседі. Сондай-ақ 

конференция аясында 30-дан астам іс-шара 

мен жәрмеңкелер өткізілуі тиіс. 

Бүркіт НҰРАСЫЛ, Астана


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№166 (392) 28.09.2010 жыл, сейсенбі         



www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz



Тағы да 

күн суытады

АУА РАЙЫ


Алдағы екі тәулікте 

республиканың солтүстік 

өңірлерінде күн суытып, ызғар 

болады. Кей жерлерде күн 

күркіреп, нөсер жауын жауады. 

Бұл туралы «Қазгидромет» 

орталығының мамандары 

хабарлады.

ҚОҒАМ


?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Ақысыз демалысқа шығуға заңды құқығым бар ма? Еңбек демалысында жүргенде жұмысқа шақыру заңды ма?



Мен жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемесінде маман болып 

жұмыс атқарамын. Мен еңбек демалысында жүргенімде мекеме басшылығы 

жұмысқа шақырды. Мен басқа қалада жүргенімді айтып, жұмысқа 

шыға алмаймын десем, «онда қызметтен босатыласың» дейді. Мекеме 

басшылығының іс-әрекеті заңды ма? 

 Ерғали ЕСЕНҒАЛИЕВ, Атырау облысы

Еңбекті нормалау және еңбекке ақы тө-

леу басқармасының сарапшы маманда-

рының айтуынша, Қазақстан Респуб ликасы 

Еңбек кодексінің 109-бабына сәйкес, 

жұмыс берушi жыл сайынғы ақылы еңбек 

демалысын тек қызметкердiң жазбаша 

келiсiмiмен ғана үзуi мүмкiн. Қыз меткердiң 

жұмыс берушiнiң ұсынысынан бас тартуы 

еңбек тәртiбiн бұзу болып табылмайды. 

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалы-

сынан шақыртып алуға байланысты пайда-

ланылмаған бөлiгi еңбек шарты тарап-

тарының келiсiмi бойынша ағымдағы жыл 

iшiнде немесе келесi жұмыс жылында кез 

келген уақытта берiледi не келесi жұмыс 

жылындағы жыл сайынғы ақылы еңбек 

демалысына қосылады. 

Қызметкердi жыл сайынғы ақылы 

еңбек демалысынан шақыртып алған кезде 

демалыстың пайдаланылмаған бөлiгiн 

Сарапшы мамандардың айтуына 

қарағанда, сіз жұмыс берушіге балаңыздың 

үш жасқа толмағанын растайтын 

құжаттарды табыс еткен жағдайда, жұмыс 

беруші ҚР Еңбек кодексінің 195-бабына 

сәйкес, сізге балаңыздың үш жасқа толуына 

дейін жалақыңыз сақталмайтын демалыс 

беруі тиіс. Аталған бапқа сәйкес, бала үш 

жасқа толғанға дейін оның күтіміне 

байланысты жалақы сақталмайтын 

демалыс осы баптың 1-тармағында 

көрсетілген қызметкердің жазбаша өтініші 

негізінде оның қалауы бойынша толық 

немесе бөлініп пайда 

ланылуы мүмкін. 

Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне 

байланысты жалақы сақталмайтын 

демалыс уақытында қызметкердің жұмыс 

орны (лауазымы) сақталады.



Мен жақында мектепке мұғалім болып жұмысқа орналастым. Бір жаста 

балам бар. Жұмыс барысында бала күтіміне байланысты балам үш жасқа 

толғанша ақысыз демалысқа шығуыма бола ма? Бірақ мен сәбилі болар 

алдында жұмыс істегенім жоқ. Сол себепті бала туғанға дейінгі және кейінгі 

төленетін жәрдемақыны алғаным жоқ. Егер ақысыз демалыс алар болсам, 

менің жұмыс орным сақтала ма?

 Алма АДАМБАЕВА, Алматы облысы

Қалдар БЕК

ТҮЙТКІЛ


МӘСЕЛЕ

Айлық табысың 5 мың теңге 

болса, кедей емессің

Тәртіп сақшысы тәртіп бұзса, 

басқадан не сұраймыз?

АЛАШ-АҚПАРАТ

ДАБЫЛ!

басқа уақытта берудiң орнына қызметкер 



мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм 

бойынша қызметкерге жыл сайынғы 

ақылы еңбек демалысының пайда-

ланылмаған бөлiгiнiң күндерi үшiн 

өтемақы төлемi жүргiзiлуi мүмкiн.

Сонымен бірге қызметкерді еңбек 

дема лысынан қанша уақыттан кейін ша-

қыртылуы тараптардың келісімі бойын ша 

реттеледі.

2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 

жалақы ның ең төменгі мөлшері – 14 952 

теңге; мемлекеттік базалық зейнетақы 

төлемінің мөлшері – 5981 теңге; зейнет-

ақының ең төменгі мөлшері – 12 344 теңге 

(қоса есептегенде 5981+12 344=18 

325).


Қазақстан Республикасы заңнамасына 

сәйкес, жәрдемақыларды және өзге де 

әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сон-

дай-ақ айыппұл санкцияларын, салық тар 

мен басқа да төлемдерді қолдану үшін 

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 1413 

теңге; базалық әлеуметтік төлемдердің 

мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс 

деңгейінің шамасы 14 952 теңге болып 

белгіленген.

Осы орайда дәрі-дәрмек, тұтыну тауар-

ларының қымбаттығы мен коммуналдық 

төлемдердің ай сайын өсіп отырғанын 

ескерер болсақ, 18 325 теңгені зейнеткер 

қай жыртыққа жамау етеді? Министрліктегі 

мырзалар мұндай есепті қайдан алады 

екен? Мүмкін, олар осындай ақшамен 

қалай күнелту керектігін білетін шығар?! 

Бір кездері көпір құрылысын сынақтан өт-

кізгенде, жауапты адамдарды көпір астына 

тұрғызған екен. Бәлкім, осындай күнкөріс 

деңгейін есептегендерге айына 18 325 

теңгемен қалай күнкөруге болатынын 

тәжірибе жүзінде көрсетуді міндеттеу 

керек шығар? Осындай тәжірибеден соң 

зейнеткерлер ақшаны қалай үнемдеуді 

үйренер. 

Мемлекеттің басты 

құндылығы – адам. Сол 

себепті де қай мемлекет 

болсын бар күш-жігерін, 

байлығын халықтың әл-

ауқатын, тұрмыс жағдайын 

жақсартуға бағыттайды. 

Бізде де солай. Жыл 

сайын халықтың 

әлеуметтік жағдайын 

көтеру мақсатында 

Үкімет зейнетақыны, 

жәрдемақыны, 

шәкіртақыны өсіріп келеді. 

Бұл көрсеткіштердің 

ең төменгі мөлшері 

белгіленген. Ал бірақ 

бұл көрсеткіштер неге 

негізделіп алынғаны 

белгісіз. Өйткені бүгінгі 

таңдағы мұндай ақшамен 

күнелту – «өлместің күнін 

кешу» деген сөз. 

Нина КУШНАРЕВА, 

зейнеткер:

– Мен 18 мың теңге зейнетақы 

аламын. Басқаны қойғанда, тойып 

тамақ жеуге жетейді. Киім сатып алуды 

қойғалы қашан. Шіркеуден киілген 

киім алып киемін. Үзіп тастамасын деп, 

бірінші кезекте коммуналдық төлем-

дерді төлеймін. Қалған 12-13 мың 

теңгені тамақ пен дәрі-дәрмекке амал-

дап жеткіземін. Ақша жетіспеушілігінен 

жасым 74-ке келгенде дәліз жуып 

жүрмін. Әр пәтерден айына 200 теңге, 

бір айда 3600 теңге аламын. Сәл де 

болса көмек қой.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 

кедейлік шегі, азық-түлік себеті ең төменгі 

күнкөріс деңгейінің негізінде айқындала-

ды. Ең төменгі күнкөрiс деңгейi – мөлшерi 

бойынша ең төменгі тұтыну себетiнiң 

құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төменгі 

ақшалай кiрiс. Азық-түлік себетінің құны 

ең төменгі күнкөрiс деңгейiнiң 60 пайызы, 

ал кедейлік шегі 40 пайызды құрайды. 

Республика бойынша 2010 жылдың I 

тоқсанына: ең төменгі күнкөріс деңгейінің 

орташа мөлшері – 12 357 теңге; кедейлік 

шегінің орташа мөлшері – 4943 теңге; 

азық-түлік себеті құнының орташа мөлшері 

– 7414 теңге. Ең төменгі күнкөрiс деңгейi 

республика бойынша және аймақ бойын-

ша орта есеппен жан басына және халық-

тың жыныстық, жас топтары бойынша 

тоқсан сайын есептеп шығарылады. 

Яғни айлық табысыңыз 5 мың теңге 

болса, демек, сіз кедей емессіз (өйткені 

кедейлік шегінің орташа мөлшері – 4943 

теңге). Яғни мемлекет тарапынан тағайын-

далатын атаулы әлеуметтік көмекке қол 

жеткізе алмайсыз. 

Өйткені «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік 

көмек туралы» 2001 жылдың 17 шілде-

сіндегі № 246 ҚР Заңына сәйкес, атаулы 

әлеуметтік көмек алуға кедейлік шегінен 

аспайтын орташа жанды кірісі бар отба-

сылары, Қазақстан Республикасының аза-

маттары, оралмандар, шетелдіктер, тұрып 

қайту рұқсаты бар азаматтығы жоқ тұлға-

лар және тұрақты Қазақстан Респуб-

ликасында тұратын азаматтар құқылы. 

Ал осыған қарап, 18 325 теңге алатын 

зейнеткерді «есебі түгелдер» «бай» деп 

ойлайды-ау, шамасы.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 

14 952 теңге болып бекітілгендіктен, 

отбасының жан басына шаққандағы та-

бысы 15 мың теңгеден тура келсе, онда 

әлеуметтік тұрғын үй кезегіне тұра ал-

майды. Яғни мұндай отбасының «өз үйі, 

өлең төсегі» болмайды. Өйткені бүгінгі 

таңдағы пәтер бағасының халықтың 

табысымен салыстырғанда қолжетімсіз 

екені баршаға аян.

Таңғаларлық тағы бір статистиканы 

айтпасқа болмас. Мемлекет зейнеткерге 

қарағанда қылмыстық жазасын өтеушіге 

ақшаны артық бөледі екен.

Ал 30-40 жыл еңбек еткен зейнеткерге 

18 325 теңге береді. Неге бұлай? Мүмкін, 

мұның мән-жайын тиісті министрліктегілер 

білетін болар?!

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 

шілде айында Қазақстандағы бір 

жұмысшының орташа айлық атаулы 

жалақысы 82 280 теңге болды. Зейнетақы 

тағайындауда, бәлкім, осы көрсеткішті 

негізге алып, тым құрығанда зейнетақы 

мөлшерін орташа жалақы мөлшерінің 50 

пайызына жеткізу керек шығар. 

Зейнеткерлердің өкпесі халық қалау-

лыларының да құлағына жеткен сыңайлы. 

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы оты-

рысында депутат Гүлмира Исимбаева елі-

міздегі зейнетақы мөлшерін арттыруға 

қа тысты Үкімет басшысына сауал жолдады. 

Бірқатар депутаттар аталған мәселені 

қолдады. 

Зейнолла АЛШЫМБАЕВ, 

ҚР Мәжіліс депутаты:

– Енді Үкімет үн қосса болғаны. 

Зейнеткерлер тойып тамақ жеп, пә тер-

ақыдан қарызы болмайды. Соңғы са-

парларына да қор жинар. Тек тұтыну 

тауарлары мен коммуналдық төлемдер 

зейнетақыдан бұрын бірнеше есеге 

қымбаттап үлгермесе болғаны. Өйткені 

біздің елде «зейнетақы өседі» десе, 

бағаның күрт өсуі заңды құбылысқа 

айналғандай. 

Майра АЙСИНА, Мәжіліс депутаты:

– Зейнетақыны көбейтуді біраздан 

бері айтып келеміз. Өйткені ең төменгі 

зейнетақы алатындардың жай-күйі мә-

лім. Коммуналдық төлемді төлесе, 

тамағы мен дәрісіне жетпей жатады. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 

министрлігіне зейнетақыны қайта 

қарауды айтып отырмыз. Зейнетақыны 

көтеруге мемлекеттің мүмкіндігі бар. 

Жыл сайын жүздеген млрд теңге 

игерілмей қалып жатыр ғой. Бүгінде 

елімізде 1,7 млн зейнеткер бар болса, 

соның 600 мыңы ең төменгі, 800 мыңы 

орташа зейнетақы алады. Өтпелі 

кезеңге тап келген, 30-40 жыл еңбек 

еткен зейнеткерлердің кінәсі не? Мен 

зейнетақыны бәріне бірдей өсірмей, 

төменгі зейнетақы алатындарға жо-

ғарғы пайызбен, жоғары алатындарға 

төменгі пайызбен өсіруді ұсындым. 

Әйтпесе төмен зейнетақы алатындарға 

қосылатын үстеме мөлшері мардымсыз 

болып қала береді.

ДӘЙЕК

Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің 

мәліметіне қарағанда, мемлекет қылмыстық жазасын өтеуші бір азаматқа бір 

күнге 860 теңге, яғни бір айға 25 800 теңге, бір жылға 313 900 теңге бөлінеді. Ал 

тергеу изоляторында отырғандарға төрт мезгіл тамағы үшін күніне 1100 теңге 

бөлінеді екен.

АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ 

Адамдар мен жануарлар арасында 

күйдіргінің ең тиімді алдын алу шарасы – 

жыл сайын ауруға қарсы егу жүргізу. 

Дертке қарсы вакцина әлсіз жануарлар 

мен ет комбинаттарында, мал шаруа шы-

лығында тұрақты жұмыс істейтіндерге, 

тері, жүн өңдеуге, тасымалдауға, сақтауға, 

сұрыптауға, илеуге қатысатын адамдарға 

егіледі. Егу ең тиімді әдіс болғандықтан, 

жануарлардың барлығын қамтуға ты-

рысқан жөн. Бүгінгі күнде егу жұмыстары 

жануарларды жоспарлы тексеруден өткізу 

кезінде ветеринарлық мекемелерде тегін 

жүргізіледі.

Ауру қоздырғыштары ағзадан тыс 

жерде тек ауаның әсерінен пайда бола-

тынын ескере отырып, өлген жануардың 

терісін кесуге болмайды және өлексені аң-

құстардың тасуына жол берілмеу керек. 

Себебі мұның салдарынан жаңа ошақтар 

пайда болуы мүмкін. Өлген малды 

терісімен бірге өртеу немесе қауіпсіздік 

ережелерін сақтай отырып арнайы 

орындар – мал көметін жерлерге өртеу 

үшін апару қажет. Ауру мал жатқан немесе 

сойылған орынға басқа жануарларды 

жіберуге және адамдардың сол жерде 

жұмыс істеуіне тыйым салынады. 

 Қора, жайылымдардағы ауру малдар 

орналасқан орындар залалсыздан 

ды-


рылады. 

АУРУДЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ 

БЕЛГІЛЕРІ

Күйдіргі – көбінесе тері жамылғысында 

көрініс береді, өкпе мен ішектерде сепсис 

түрінде өтуі сирек кездеседі. Қоздырғыш 

енген тері жамылғысында 2-3 күн өткен 

соң қызғылтым немесе көкшіл түсті дақ 

пайда болады. Сол жер қышып, теріні сәл 

күйдіргендей болып басталып, үдей түседі. 

Бөртпе 12-24 сағат өткеннен кейін диа-

метрі 2-3 мм, ішінде ашық түсті сұйықтығы 

бар күлдіреген бөртпеге айналады, уақыт 

өте келе оның ішіндегі сұйықтық қою түске 

боялып, қан араласады. Бөртпе қышып 

шыдатпаған соң, ауруға шалдыққан адам 

оны қасып, бетін жаралап тастайды. Іріңді 

бөртпенің орнына беті ашылған өлі етті 

қабыршақ пайда болады. Дәл осы 

қабыршақ күйдіргінің негізгі белгісі, 

дерттің атауы да осы қара даққа («углевик») 

байланысты шыққан. Қабыршақ қатты, 

тығыз, күйдірілген сияқты болады. Оның 

айналасын қызыл түсті жиек қоршайды. 

Тері жамылғысы өзгеруінің алғашқы сағат-

тарында дертке шалдыққан адам әлсіреп, 

селқос болып, басы ауырады; екінші күні 

дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, 

науқастың халі нашарлайды. Мұндай 

температура 5-6 күн бойы сақталып, күрт 

төмендейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет