Өз басым бұл мәселені көп тен бері айтып та, жазып



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата06.04.2017
өлшемі2,75 Mb.
#11122
1   2   3   4   5   6

ЕМДЕУ

Дер кезінде жасалған медициналық 

көмек сауығып кетуге кепілдік береді. 

Сондықтан аурушаңдықтың алғашқы 

белгілері пайда болысымен-ақ, меди-

циналық көмекке жүгіну қажет. Дәрігерге 

дер кезінде қаралғанда және арнайы 

емдеу шараларын жүргізгенде ғана дерт-

тен толығымен айығып кетуге болады. 

Күйдіргіден 

сақтаныңыз!

ҚАПЕРІҢІЗДЕ САҚТАҢЫЗ!

Ет және басқа да жануарлардан 

алынатын өнімдерді арнайы мал 

дәрігерінің бақылауынан өтпеген, 

сатуға рұқсат құжаттары жоқ жеке 

тұлғалардан алуға тыйым салынады.

Н.ТҰРСЫНОВА,

 Жетісу ауданы бойынша МСЭҚБ

эпидемиологиялық бөлімінің бастығы

Елімізде кәсіптік және 

техникалық білім беретін 882 

оқу орны бар көрінеді. Бұл оқу 

орындарында шамамен 609 мың 

адам білім алуда. Оның 

221 мыңы мемлекеттік тапсырыс 

бойынша оқып жатыр. Қарап 

отырсаңыз, осыншама адамның 

барлығы оқуын тамамдаған соң, 

жұмысқа тұрып кетуі екіталай. 

Білім және ғылым министрлігі 

бұл оқушыларға шетелде жүріп 

«нанын тауып жейтіндей» 

мүмкіндік жасап отыр. 

Кеше  Астанада Білім және ғылым 

министрлігінің су жаңа хатшысы Болатбек 

Әбдірәсілов пен Еуропалық білім қорының 

(ЕБҚ) директоры Мадлен Шербан Қа-

зақстан мен ЕБҚ арасындағы техникалық 

және кәсіптік білім беру саласындағы 

ынтымақтастық туралы декларацияға қол 

қойды. Сол арқылы ендігі жерде Қазақстан 

Турин процесінің теңқұқылы қатысушысына 

айналады. Мұндағы үлкен жетістік – 

техникалық және кәсіптік салада оқу 

тамамдаған оқушыларымыздың дипломы 

Турин процесіне қатысушы елдердің 

бәрінде тең дәрежеде жүре бермек. Сон-

дай-ақ қазақстандық құжаттар халық ара-

лық деңгейде танылып, мамандарымыз 

шетелге барып қызмет жасауға мүмкіндік 

алмақ. Қысқасы, болашақта Қазақстан 

шетелді кәсіби мамандармен қамтамасыз 

етіп жатса, таңғалуға болмайды. Бәрі де 

мүмкін. Бұған қоса, аталған үрдіс техни-

калық салада сапалы мамандарды даяр-

лауға да мүмкіндік береді. Жалпы, 

Қазақстан ТМД ішінде Еуропалық білім 

қорымен ынтымақтастық хаттамасына қол 

қойған бірінші ел болып отыр. «Техникалық 

және кәсіптік білімнің Турин процесіне 

қосылуы Қазақстан үшін тарихи оқиға 

болмақ және де аталмыш сала жүйесін 

жаңғыртуға жаңа серпін береді. Турин 

процесіне қосылудағы негізгі мақсат – 

қазақстандық мамандарды ішкі және 

сыртқы еңбек нарығында бәсекеге қабі-

летті ету. Сондай-ақ еліміздің білім беру 

жүйе 


сінің сапасын арттыруға септігін 

тигізеді», – дейді жауапты хатшы Болатбек 

Әбдірәсілов. Елбасымыздың білім сала-

сына айрықша көңіл бөліп отырғанын 

іштей сезген Мадлен Шербан: «Әлемдегі 

кез келген мемлекет білім саласына ерекше 

көңіл бөлетін сіздердің президенттеріңіздей 

президент қалайтын шығар», – деп ағынан 

жарылды. Ол Қазақстан білім және ғылым 

министрін алдағы қазанның 25-26-сы 

күндері Турин қаласында өтетін кон-

ференцияға шақырды. «Конференция 

барысында жоғары оқу орындары мен 

техникалық білім беру салаларындағы 

өзара байланыс мәселелері талқыланады 

деп жоспарлануда. Онда Қазақстан өзінің 

білім берудегі тәжірибесімен бөлісе 

алатын болады», – деді ол.



Салтан СӘКЕН,

Астана

Қазақстан Турин 

процесінің теңқұқылы 

қатысушысы болады

Синоптиктердің болжауынша, қыр-

күйектің 28-29-ы күндері түнде Ақмола, 

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қа зақстан, 

Ақтөбе, Павлодар және Қа 

рағанды 


облыстарында сынап бағанасы -2 градусқа 

дейін төмендеп, ызғар тұрады. Күндіз ауа 

температурасы шамамен 10-15 градус 

жылы болады деп болжанып отыр. Кей 

жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады. 

Сол сияқты «Қазгидромет» РМК ауа райын 

қысқа мерзімге болжау бөлімінің маман-

дары аталмыш аймақтарда қатты жел 

соғатынын да ескертіп отыр. Нақтырақ 

айт 


 

қанда, бүгін Павлодарда батыстан, 

Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-

батыстан және Ақтөбе облысында сол-

түстік-батыстан жылдамдығы секун дына 

15-20 метрге дейін жететін жел соғады. 

Жалпы, синоптиктердің айтуынша, Қа-

зақстанның солтүстік бөлігінде ауа райы 

апта соңына дейін құбылмалы болады.

Жансая СЕРҒАЗЫҚЫЗЫ

Басы 1-бетте

Берік БЕКЖАНОВ, Мәжіліс депутаты:

– Жалпы, әрбір Қазақстан 

Республикасы азаматы жасаған құқық 

бұзушылығына қарай жазасын алуы 

тиіс. Бұл жағдайда оның шен-

шекпеніне қарап үкім шығаруға 

болмайды. Заң баршаға ортақ. 

Өкінішке қарай, полиция 

қызметкерлері арасында да құқық 

бұзушылық орын алып тұрады. 

Алайда бұл халық арасында ішкі істер 

қызметкерлеріне деген сенімсіздік 

тудырмауы керек. Олардың халықтың 

тыныштығын сақтаудағы еңбектері 

ескерілгені дұрыс.

Жол полициясы комитеті басшы-

лығының айтуынша, қазіргі уақытта ІІД 

жол полициясының барлық облыстық 

бөлім шелерінде жолда жүру ережелерін 

бұзатын жол полициясы инспектор 

ла-

рының, сонымен қатар ішкі істер органдары 



қызметкерлерінің қызметіне тікелей 

бақылау жүргізетін бақылау-алдын алу 

бөлімшелері жұмыс істеп жатқан көрінеді. 

Тек олар «қарғаның» принципін қайта-

ламаса болғаны.

Рамазан СӘРПЕКОВ, Мәжіліс депутаты:

– Әрине, құқық қорғау органы 

қызметкері антына берік болуы тиіс. 

Өкінішке қарай, қоғамның кез келген 

саласындағы сияқты, полиция қыз-

меткерлері арасында құқық 

бұзушылар кезігеді. Статистикалық 

мәліметтерге қарасақ, ішкі істер 

органының өз арасындағы құқық 

бұзушылықпен күресіп жатқанын 

көреміз. Бұл күрес тұрақты түрде 

жүргізіліп отыруы керек. Оның 

нәтижесін ашық түрде БАҚ бетінде 

жариялап отыру ләзім. Осылай 

болған жағдайда, халықтың полиция 

қызметкерлеріне деген сенімі артады 

деп ойлаймын. 

Ағымдағы жылы еліміздің 

бірқатар аймақтарында күйдіргі 

бой көрсетті. Осы орайда МСЭҚБ 

мамандары осы індеттің таралу 

жолдарымен күресу 

мақсатында тұрғындарды 

қауіпсіздік ережелерін сақтауға 

шақырады.


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№166 (392) 28.09.2010 жыл, сейсенбі               



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

ӨРКЕНИЕТ

 Суреткер-ғалым тұлғасы

Қаһарманның ғасырлық 

тойы дүркіреп өтті

Дияр ҚОНАЕВ, «Әуезов үйі» ғылыми-

мәдени орталығының директоры:

 – Мұхтар Омарханұлының ғылыми 

еңбектері революцияға дейінгі қазақ әде-

биеті тарихы мен фольклорының, сон дай-

ақ Еуропа мен Азия халықтары әдебиеттері 

байланысының маңызды мәселелерін 

қозғайды. Мұхтар Омарханұлының қазақ 

әдебиеті тарихы мәселелеріне байланысты 

ғылыми қызығушылығы орта арнаулы 

және жоғары оқу орындары үшін осы тұр-

 ШАРА 

МЕРЕЙТ


ОЙ

 

?



Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

ТҮРКСОЙ-ға қанша мемлекет мүше? 

Метро «Думан» мен 

«Орбитаны» жалғайтын болады



Алматы метросының бірінші кезеңінің құрылысы аяқталуға таяғанын білеміз. 

Ал екінші кезеңі қай кезде аяқталады және ол қаланың қай тұстарына дейін 

барады, қандай көшелерді қамтиды?

 

    

Жанат 

СӘРСЕНОВА, 

Алматы қаласы

«Алматыметроқұрылыс» АҚ баспасөз 

қызметінің мәліметінше, метрополитен құ-

ры 


лысының екінші кезеңі 2011-2013 

жылдар аралығына жоспарланған. Метро-

ның бұл тармағы Абай даңғылы мен Гагарин 

көшесінің қиылысынан басталып, «Қалқа-

ман-3» ықшамауданына дейін және Райым-

бек даңғылы мен Фурманов көшесінің 

қиылысынан Алматы-1 теміржол бекетіне 

дейінгі бес стансыдан тұрады. Сондай-ақ 

жерасты жолы «Думан» ықшамауданынан 

«Орбитаға» дейін салынады. Қазіргі уақытта 

Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық 

шаруашылық жөніндегі агенттік құрылыстың 

техникалық-экономикалық негіздемесін 

бекітті. Алматы метросының алғашқы кезеңі 

іске қосылған кезде, ол күніне 300 000 

жолаушыны тасымалдай алатын болады.

Томдыққа жауынгер жазушының бұ-

рын-соңды жарияланбаған еңбектері мен 

батырдың ұлы Бақытжан Момышұлы сақ-

таған, соғыс жылдарында жазған хаттары 

мен күнделіктері де  енгізілген. Одан кейін 

«Бауыржан Момышұлының өмірі мен 

өнегесі» тақырыбында халықа ра лық ғылы-

ми-тәжірибелік конференция ұйым дас ты-

рылды. Ұлт батырын ұлықтаған шара ба-

ры 


сында зиялы қауым Баукең ту 

ра 


лы 

кеңі нен толғанып, ой қозғады. Облыс әкімі 

Қанат Бозымбаев келген қонақтарға Бау-

кең өмірінің үзік сырларымен таныстыра 

келіп, қызық деректі жария етті. Бүгінде 

облыста 3,5 мыңнан астам Бауыржан есі-

мін иеленген азаматтар бар екен. Арда 

ұлын ардақ тұтқан халқы есімінің өзін 

тәбәрік етуі – сүйсінерлік жайт, әрине. Бұдан 

кейін сөз алған жазушы Әзілхан Нұршайы-

қовтың әңгімесі де қызықты шықты. Таңер-

теңімен Тараз қаласын аралауға шыққан 

Әзағаң батыр Баукеңнің көшесін көрмек 

болған екен. Ары іздеп, бері іздеп таппапты. 

Содан бір кісіден сұраған екен ол: «Байтал-

дың құйрығындай ғана қысқа көшені 

берген», – деп жауап беріпті. Алдағы уа-

қыт  та осы кемшіліктің орны толып, орта-

лық тағы үлкен көшеге батырдың аты бері-

летінінен үміттенетінін жеткізді. Әз-аға 

той ға тәттіден емес, кітаптан шашу шашты. 

Баяндама жасаушылардың дені Баукеңнің 

айтылмаған сырлары мен ашылмаған 

қырларына тоқталды. Қазақтың маңдайы-

на біткен батырдың аты кезінде мұхит ас ып, 

бостандық аралының халқын да тәнті ет-

кені белгілі. Көзі тірісінде Куба елінің көсемі 

Фидель Кастроның өзі арнайы шақырып, 

құрмет көрсеткен. Бір әттегенайы – батыр-

Бүгінгі күні халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы көптеген іргелі, игі істермен айналысып жатқанын БАҚ 

арқылы жиі естиміз. Жалпы, мені осы ұйымның атқарып жатқан істері қатты қызықтырады да 

қуандырады. Мен ТҮРКСОЙ ұйымының қай уақытта құрылғанын және оған қанша елдің мүше екенін 

білсем деп едім. Оған кіретін мемлекеттердің атын жазып жіберсеңіздер екен?

Айгүл ҚАСЫМОВА, Алматы қаласы

Бұл ұйым 1993 жылы Алматыда Кеңес Одағы тараған 

соң, өз тәуелсіздігін алған бес түркі тілдес республи ка-

лар дың, атап айтқанда, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбек-

стан, Түрікменстан мен Әзірбайжанның түркі халық та-

рының арасындағы үзіліп қалған мәдени қатынастарды 

қайтадан жандандыру мақсатында Түрік Республи ка-

сымен қол қойылған хаттаманың негізінде құрылған 

болатын. Алайда оған дайындық жұмыстары бір жылдан 

кейін ғана басталған еді. Қазір ТҮРКСОЙ халықаралық 

аренада өзіндік орны мен қолтаңбасы бар, түркітілдес 

халықтар мекен ететін 14 тәуелсіз республиканы қамты-

ған іргелі ұйым болып табылады. Оған жоғарыда аталған 

бес елден басқа Ресейдің субъектілері: Татарстан, Баш-

құртстан, Алтай, Тыва, Хакасия, Саха, сондай-ақ Мол-

до ваның құрамындағы Ғағауыз Йері мен Солтүстік Кипр 

Түрік Республикасы мүше. Осы жерде айта кететін нәрсе, 

бұлардың тек алтауы ғана ұйымның құрылтайшысы 

болса, қалған сегіз республика бақылаушы мәртебесіне 

ие болып отыр. Осы уақыт ішінде ұйымның түркі халық-

тарының ортақ мұраларын дүниежүзіне насихаттау 

мақсатында өзге де халықаралық ұйымдармен қарым-

қатынастар орнатылды. 

ДҮНИЕ-ҒАПЫЛ



Осы бір қайталанбас 

талант иесін өнерсүйер 

қауым ең алдымен сахна 

төрінен таныды. Ол 

ойнаған спектакльдерге 

көрермендер ерекше 

ықыласпен баратын. Бұдан 

соң қазақ киносында тамаша 

кейіпкерлерді сомдады. 

Көрермен ол киноларды да 

қайталап көруден жалыққан 

емес. Көрікті келбетімен 

талайды сүйсінткен әртіс  

ендігі кезекте кадрдың 

сыртындағы дауысымен-ақ 

миллиондардың жүрегін 

баурап әкетті. Осылайша, 

сахна төрінен үлкен экранға 

ойысқан шебер, дубляж 

саласында да өлшеусіз 

еңбек етті. Естеріңізде бар 

ма? «Бірінші творчестволық 

бірлестік. Дубляжын жасағандар – Фарида Шәріпова... Фильмді қазақ 

тіліне аударған – Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы. 

1981 жыл...» деп келетін қаншама кинода кейіпкерлерді қазақша сөйлетті. 

Ол өзінен бұрынғылардан өнеге ала жүріп, өз тәжірибесін шәкірттерімен 

бөлісті. Алайда осы бір аяулы тұлғаны аяусыз тағдыр арамыздан мәңгілікке 

алыстатып жібергені өкінішті-ақ. Туған халқының сүйіспеншілігіне ие 

болып, ұлт өнеріне адалдықпен қызмет еткен аса көрнекті талант иесі, 

Халық әртісі Фарида Шәріпова 74 жасқа қараған шағында дүние салды...

Көркемдіктің үлгісіндей еді...

СА

ХНА 



Республика сарайының жөндеуге жабылуы әншілеріміз ді біраз әлекке 

салып қойғандай. Кең сарайдай қайдан болсын, бірақ тар жерлерді тамаша 

қыла жүріп те, концерт қойып жатқандар бар. Жылдағы әдетінен жаңылмай, 

халықты концерттен айырмауға тырысып бағып жатқан – әнші, продюсер, 

«Құрмет» орденінің иегері Майра Ілиясова. Сары күздің символындай 

«Сағындырған әндер-ай» жобасы биыл қыр күйек тің 30-ы күні кешкі сағат 

17:00 және 19.00-де, яғни күніне екі рет Студенттер сарайында өткізілмек. 

Сағындырған әндер шырқалмақ 

Айтарлық басты ерекшелігі – биыл бұл 

жобада халық әндеріне аса мән берілмек. 

85 әнші, он шақты топ қатысатын концертте 

15-тей халық әні шырқалса, қалған әнші-

лер Ақан сері, Біржан сал секілді халық 

саз герлері мен Шәмші Қалдаяқов, Сыдық 

Мұхамеджанов, Ілия Жақанов, Әбілахат 

Еспаев, Бейбіт Дәлденбаев сынды ХХ 

ғасырда қазақ музыкасына өлшеусіз үлес 

қосқан композиторларымыздың әндері 

орындалады.

Ал ел сүйіп, сағына іздейтін әншілерден 

–  «Дос-Мұқасан» тобы, Ескендір Хасан-

ғалиев ағалары 

мыз, алдыңғы қатарлы 

апалары мыз  дан  –  Сұлушаш  Нұрмағам бе-

това, алыста болып, көп көріне бермейтін,  

Семейден – Баян Сағымбаева, Атыраудан 

– Гүлмайдан Сүн детовалар, ал орта буын-

нан – Роза Рым баева, Мақпал Жүнісова, 

олардың ізін бас қан – Айгүл Иманбаева, 

Мәдина Сәдуақа сова, Алтынай Жорабаева, 

сондай-ақ «Серілер», «Де нар», «Жебе», 

«Мұнарлан», «Азия», «Ар нау», «Кеш YOU», 

«Ерке»  топта ры  өнер  көр се теді. 

Биылғы жылдың жаңа есімдері ішінен 

ерекше атарлығы – 2007 жылғы «Жас 

қанат» байқауында Гран-приді иеленген 

ақтаулық жас әнші Бейбіт Алдабергенов. 

Бұл концертте ол «Дей салдым-ай» атты 

халық әнін Майра Ілиясованың өзімен 

дуэтте орындайды. Осы секілді бір алдың-

ғы буын, бір жас әншіден жұптасып орын-

даушылар қатарында Ескендір Хасанғалиев 

пен Еркін Нұржан, Баян Сағымбаева мен 

астаналық «Ретро» тобы, «Азия» тобы Роза 

Рымбаевамен ән шырқайды. Біз бергі жа-

ғын ғана айтқан «Сағындырған әндер-ай-

дың» нағыз қызығын сол 30 қыркүйек күні 

кешкі 17.00 не 19.00-де Студенттер са ра-

йы на  келіп  тамашалаңыз. 



Мәриям ЖАГОРҚЫЗЫ

Екі жарым сағат, 

120-дай әнші, 40 ән, 15 халық әні

• Play list

дың шетелдерде оқыған дәрістерін табу 

мүмкін болмай отыр екен. Сұрапыл соғыста 

жүріп-ақ қазақ жазушыларының сыншы-

сына айналғаны да – ашылмаған сырлары-

ның бірі. Қаламын қару еткен май дангер 

қазақ жазушыларымен алысқан хаттары-

ның өзі бір шығармаға арқау бо ларлық 

жүк. Мұхтар Әуезов «Абай жолы 

ның» 


бірінші кітабын Баукеңнің пікірін білмек 

болып, жібергені белгілі. Баукең бірінші 

кітабына жақсы пікір айтады да, екінші 

басылымына: «Қадірлі Мұха, мен сіздің ең-

бе гіңізді бағалаймын. Бірақ сіз Құнанбай-

дың мәртебесін неге төмендетіп жіберген-

сіз? Ол – қазақтың Иван Грозныйы, оның 

алатын өзіндік орны бар. Құнанбай бол-

маса, Абай қайдан шығады?» – деп жазған 

екен. Бұл нағыз шығармашылық байла-

ныстағы хаттар болған. Ұлттық салт-дәс-

түр ге сананың төрінен тақ берген тарлан-

ның дара пікірі де тілге тиек болмай қалған 

жоқ. Екі тілде еркін жазған тарлан 

боз 

жазушының жанына батқан мәселенің бірі 



тіл болса, бұл мәселе бүгінгі күні де өзек-

тілігін жойған жоқ. «Адамзат соғысы бір 

күні бітер, ал тіл соғысы бітпейді» деген 

сөзін тірілтіп жүргендер баршылық. Кон-

ференция барысында Батыс Қазақстан 

мемлекеттік университетінің деканы Қа-

йырлы Мұхамедқалиев сөз алған болатын. 

Алдымен қазақша «ассалау» деп амандас-

қан оқытушы баяндамасын орысша оқуға 

зал дағы қауымнан рұқсат сұрады. «Қазақ-

ша сөйле» деп, залдағылар шулап кетті. 

Өкінішке қарай, ұлтын сүйген ұлы тұлғаның 

мерейтойында декан мырза қарсылыққа 

қарамастан, айтарын орысша жеткізді. Бұл 

көпшілікке мерейтойдың мерейін түсір-

гендей көрінгені рас. Жиын соңында сөз 

алған Ауған соғысының ардагері Бақытбек 

Смағұлов та кем-кетікті айта кетуді жөн 

көріпті. «Ресейдің Волоколамск жеріндегі 

мектептердің біріне Бауыржан Момышұ-

лының есімі берілгенде, Қазақстаннан де-

легация барды. Сонда Волоколамск мэ рі-

нің «Қазақтың қайсар ұлының арқасында 

Мәскеу аман қалды» деп айтқан сөзі «Қа-

зақ стан» телеарнасы мен Халила Омаров-

тың туындысынан қырқылып қалыпты. 

Ұлтты ұлықтау жолындағы мақтан тұтуға 

тиіс нәрселерден қайта қашқақтайтынымыз 

қалай?» деп, ренішін жеткізді. Расында, не-

ге?.. Конференциядан көпшілік тағылы мы 

зор, рухани байлық алып шыққаны анық. 

Бұдан кейін облыс орталығындағы Жеңіс 

саябағында мерекелік шара өтті. Саябаққа 

Баукеңнің аты берілді. Қаһарманның ай-

батты келбеті кескінделген еңселі ескерткіш 

орнатылды. Бұдан кейін кестеге сәйкес 

театр ғимаратында жыр мүшайрасының 

қорытындысы шығарылды. Екі толқын 

ара сында өткен жыр жарысының бірі «Ақ 

бата», екіншісі «Бауыржанды жырлаймын» 

деп ат қойылып, айдар тағылыпты. Өлең 

сөздің патшалығында жыр шашқан ақын-

дардың еңбегін сараптау Қадыр ақын бас-

таған, Күләш ақын қостаған қазылар алқа-

сына бұйырыпты. 50 ақын үмітін үкілеп 

қосқан жыр додасында қас жүйрікті тап 

басып тану оңайға соқпағаны анық. Екі 

аталымдағы бас жүлдені де Маралтай 

Райымбекұлы мен оның жұбайы Ақтолқын 

Күлекеевалар иеленді. Жүлде табыстау 

барысында облыс әкімінің орынбасары 

Мейрамбек Төлепберген: «Жамбыл жері 

– жырдан шашу шашатын жұлдыздар шы-

ғаратын қасиетті жер. Осы киелі топырақта 

өтетін қандай да жыр додасының бас 

жүлдесін Маралтай иеленеді. Ендігі кезекте 

де бас жүлдені Маралтайдың отбасы ала 

береді, ала береді», – деді. Ал патриоттық 

әндер байқауының бас жүлдесін Жоламан 

Тұрсынбаевтың «Батыр бабам Бауыржан» 

әні жеңіп алды. Келесі күнгі мерекелік шара 

Жуалы ауданындағы батырдың өз атын да-

ғы ауылда жалғасты. Тарланбоздың рухына 

тағзым етіп келгендер қаһарман бабамыз-

дың жаңартылған мұражайын аралап, 

ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Мере-

ке лік шара барысында Астанадан ат ары-

тып келген мәдениет министрі Мұхтар Құл-

Мұхаммед сөз сөйлеп, Елбасының сәлемін 

жеткізді. Театрландырылған көрініс көрсе-

тіліп, соңы концертке ұласты. Ұлттық спорт 

түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Келе-

сі күні даңқты дарабоздың мерейтойы Түл-

кібаста жалғасын тапты. «Топырағы мық ты 

болмаса, осынша батыр туа ма?» деп ақын-

дар жырлағандай, батыры да, ақыны да 

көп қасиетті Жамбыл жері мәшһүр ұлда-

рының тойын осылайша жоғары дәрежеде 

атап өтті. 

     Тараз 



Гүлжан КӨШЕРОВА

Әулиеата өңірін дүбірлі 

думанға бөлеген даңқты 

дарабоз Бауыржан 

Момышұлының ғасыр тойына 

жерлестері барын салып 

дайындалыпты. Даңқты ұлын 

дәріптеу үшін жұртшылық 

Тараз төріне жиналды. 

Батырдың еңселі ескерткішіне 

гүл шоқтарын қойып, тағзым 

етті. Мәдени іс-шаралар облыс 

орталығындағы Баласағұн 

мәдениет сарайында 

жалғасты. Баукең 

шығармаларының 30 томдық 

жинағы мен «Қаһарман 

Бауыржан Момышұлы» 

фотоальбомының тұсаукесері 

болды. 

Бір отбасы емес, бүтін бір қазақ мәде-

ниеті мен өнеріне келген ауыр қазадан 

қалың елдің қабырғасы қайысып отыр. 

Фарида Шәріпова 1936 жылғы 16 жел тоқ-

санда Қытай Халық Республикасының 

Шәуешек қаласында дүниеге келді. Қытай 

киностудиясы түсірген «Хасен-Жәмила» 

көркем фильмінде басты рөлді орындап, 

өнерімен танылған ол 1955 жылы атаме-

кені Қазақстанға оралды. 1959 жылы Құр-

манғазы атындағы Алматы мемле кеттік 

консерваториясын бітіріп, М.Әуезов атын-

дағы Қазақ академиялық драма театрына 

қабылданды. Жарты ғасырдан астам уақыт 

бойы осы театрда үздіксіз өнер көрсетті. 

Сахнада қазақ және әлем классиктерінің 

драмалық туындыларында, осы заманғы 

қойылымдарда басты рөлдерді шебер-

лікпен орындап, ұлттық театр өнерінің 

жаңа сапалық биікке көте рілуіне үлкен үлес 

қосты. Ұлттық өнері 

міз 

дің майталман 



арысы Ыдырыс Ноғайбаев «Фа-ка» деп 

ерекше атап кеткен Фарида Шәріпова өз 

ортасының ең сыйлы да құрметті адамы 

болды. Көрген-түйгені мол актриса М.Әуе-

зовтің «Айман-Шол па нында» – Шолпан, 

«Абайында» – Ажар, «Қара қыпшақ Қобы-

лан дысында» – Қарлыға, «Еңлік-Кебегінде» 

– Еңлік, «Карагөзінде» – Қарагөз, Ғ.Мүсіре-

пов тің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» – 

Баян, Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» 

– Ақбала, Т.Ахтановтың «Боранында» – 

Жаңыл, Ш.Айт матовтың «Жәмиласында» 

– Жәмила, «Ана – Жер-Анасында» – 

Толғанай, Қ.Мұхамед жанов пен Ш.Айтма-

товтың «Көктөбедегі кез де суінде» – Гүлжан 

мен Айша, Қ.Мұха 

меджа 

новтың «Біз 



періште емеспізінде» – Асыл, О.Бөкеевтің 

«Құлыным меніңінде» – Анар, Д.Исабеков-

тің «Әпкесінде» – Қама жай, С.Балғабаевтың 

«Ғашықсыз ғасы рын да» – Фарида, Софокл-

дың «Эдип пат ша сын да» – Иокаста, Еврипид-

тің – «Ме дея сын да» – Медея, Шекспирдің 

«Асау ға тұсауында» – Катарина, «Ричард ІІІ» 

трагедиясында – Анна леди, Пушкиннің 

«Шағын трагедияларында» – донна Анна, 

Чеховтың «Сүйікті менің ағата 

йымында» 

Елена Андреевнаның қайта лан бас образ-

дарын сомдады. Фарида Шәріпо ва кино 

саласында да жемісті ең бек етті. Ол әйгілі 

режиссерлер Шәкен Ай манов, Мә жит Бе-

гал ин, Сұлтан Қожы қов, Әзірбай жан Мәм-

бетов, Леонид Аг ра нович түсірген көптеген 

танымал  филь м дерде  ойна ды.  Дубляж 

саласына да көп еңбек сіңірді. 1996 жылы 

М.Әуезов атын дағы театрда Ф.Шәріповаға 

арнайы  жа зыл ған  С.Балға баевтың  «Ғашық-

сыз  ға сыр»  спек таклі  жа рық қа  шықты. 

Басты рөл ді Ф.Шәріпова өзі ойнады. Кино 

өне рін де ду бляж қызметін шебер орын-

даушы Ф. Шәріпова «Менің атым Қожада» 

– Қожа, «Қыз Жібектегі» – Жібек, «Девушка 

джигит тегі» – Ғалия, «Бота гөздегі» – Бота-

гөз, «Гауһар тас тағы» – Салтанат, «Тақиялы 

пе 

ріш 


тедегі» Айша бейнелерін сөйлете 

білді. Фарида Шәріпова өнерлі жастарды 

тәр биелеу ісіне жете көңіл бөлді. Т.Жүрге-

нов атындағы Қазақ ұлттық өнер  академия-

сында көрнекті актер Ы.Ноғайбаев екеуінің 

шы ғар ма шы лық  ше бер ханасында  шың-

дал ған жастар бүгінде еліміздің театрла-

рында жемісті еңбек етіп жүр. Фарида 

Шәрі пова мәде ниет пен өнердегі еңбегі 

үшін Қазақ КСР халық әрті сі, КСРО халық 

әртісі құрметті атақтарын, ҚазКСР Мемле-

кет 


тік сыйлығы мен КСРО Мемлекеттік 

сый лығын, “Пара сат” орденін иеленді. 



Саналы ғұмыры мен шығармашы-

лығын қазақ өнерінің көркеюіне арна ған 

аса дарын ды актриса, көрнекті өнер 

қайрат кері Фарида Шәріпованың жар-

қын жүзі мен алтын дауысы халықтың 

жадында мәң гі сақталып, өнегесі өнерлі 

ұрпаққа үлгі болып қала бермек. Сәбира 

Майқа 

нова, Бикен Римова, Шолпан 

Жан дар бе кова,  Әмина  Өмірзақова  сын-

ды қазақ өне рінің шын мәніндегі жарық 

жұлдызда рының соңынан Фарида апа-

мыз да мәң гілік ғұмырдың кейіпкері не 

айналып кетті...

«Алаш айнасы»

ғыда оқулық жазудан басталды. Сөйтіп, 

тарихымызда тұңғыш рет ауыз әдебиеті 

мен жазба әдебиетінің негізгі жанрларына 

ғылыми анықтама беріліп, шығармалары 

оқып-үйренілуге тиісті ақын-жыраулар 

ортасы айқындалды, қазақтың әдебиеттану 

ғылымының негізгі бағыт-бағдары нақ-

тылана түсті. Осының барлығы болашақ-

тағы ұлттық әдебиеттану ғылымының 

жолға түсуіне іргетас болып қаланды. 

Сонымен қатар Мұхтар Әуезов қазақ әде-

биеттану ғылымының мүлде жаңа саласы 

– Абайтанудың да негізін салушы болып 

табылады. Бұл ретте, ол өзінің 30 жылдан 

астам ғұмырын қазақтың бас ақынының 

өмірін, әдеби мұрасын зерттеуге сарп етті. 

Осының нәтижесінде сонау 30-жылдардың 

ішінде-ақ Абайдың ғылыми түрде негіз-

делген өмірбаяны мен шығармаларының 

толық басылымы әуелде – бір, артынша екі 

том болып жарық көрді. Сондай-ақ Абай 

шығармаларының орыс тілінде алғаш рет  

1940 жылы Мәскеуден шығуы да М.Әуе-

зовтің басшылығымен жүзеге асты. 

Ұлы суреткер ғана емес, үлкен ғалым, 

теңдессіз аудармашы ретінде де, Мұхтар 

Әуезов қазақ әдебиетінің ғана емес, бүкіл 

Орта Азия әдебиетінің дамуына зор үлес 

қосты. Оның шығармашылық тұлғасының 

бірегейлігі – жазушы болмысында сурет-

керлік пен ғалымдықтың қатар өріліп жа-

туы мен сипатталса керек. Жалпы, Мұхтар 

Әуезовтің қазақ фольклоры мен әдебиеті 

тарихын зерттеуге, ұлттық сананы қалып-

тастыру мен халықтың рухани мүддесін 

айқындау қозғалысына қосқан үлесінің 

тарихи маңызына баса назар аударған аб-

зал. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет