21
2 ӨНЕР, БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АБАЙ
ӨЛЕҢДЕРІН ОҚЫТУ
Абай Құнанбаев шығармаларын оқыту бастауыш сыныптардан
басталып, орта буында, жоғары сыныптарда түгел қамтылады. Осы
сыныптардың əр қайсысына сай оқытудың принциптерін білу əдіс-
тəсілдердің нəтижелі іске асуының алғы шарты болып табылады.
Мəселен, төменгі сыныптарда оқушылардың ойлауы мен қиялы күшті
болады.
Бүгінгі күні дамыған технологияға негізделген əр түрлі жаңа
əдістер көп айтылып жүр. Соның бірі – оқытудың инновациялық əдісі.
Бұл əдістің ерекшелігі бұрыннан танымал əдістерді негізге ала отырып,
оқушы қызығушылығын арттыру, оқушы еркіндігін, белсенділігін туғызу,
сезім күйіне жағымды ықпал ету болып табылады. Олай болса, Абай
шығармаларын оқытуда тиімді əдіс-тəсіл оқушы қызығушылығын арттыру,
сезіміне əсер ету, қиялын ұштау, сол арқылы шығармашылыққа жол
ашу, оқушыға еркіндік беру деп түсінеміз. Осы жолда жақсы нəтижеге
жетектер бір жол – сабақта ойын түрлерін пайдалану.
Кез келген бала ойын үстінде өзін əлде қайда еркін сезінеді. Көп
жағдайда оқушыға сабақтың қалыптасып қалған міндеттілік, мəжбүрлік,
ықтиярсыз шаралары кері ықпал етеді. Ойын оқушыны еркін ойлауға,
еркін сезінуге, шапшаңдыққа, шығармашылыққа бастайды. Абайдың жыл
мезгілдеріне арналған өлеңдерін оқытқанда оқудың танымдық ойын
түрлерін ұйымдастыруға көп мүмкіндіктер бар.
Мысалы: «Кім тапқыр» ойыны. Ойынның шарты бойынша өлеңнен
алынған сөз немесе сөз тіркесі кімге, неге қатысты айтылғанын, қай
сөзбен байланысып тұрғанын табуды екі оқушыға немесе екі топқа
ұсынса, тапсырма əлдеқайда тезірек, əрі қызықты орындалады. Екі топ
22
өкіліне Абай өлеңдерінің жеке тармақтарын ұсыну, берілген өлең
шумақтарындағы жасырылған сөздерді тез тауып, өлеңді мəнерлеп оқу,
немесе жатқа айтуды тапсыру т.б. осы тектес көптеген түрлерін
ұйымдастыруға болады.
«Түсіну» мен «түйсіну» ұғымдары бір-біріне жақын. Дегенмен, екі
əрекет адамның екі түрлі мүшесінің функциясында жүзеге асады. Оның
бірі – ми қызметі, яғни адам санасы, екіншісі – сезім органдарының
араласуы. Абай отыз бірінші қара сөзінде түсіну, есте сақтаудың бір
себебі «сол нəрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп,
тұшынып, ынтамен ұғу керек» – деп сезім органдарының да қатысуы
білім алудың бір тірегі деп ұқтырады. Түйсіну ұғымын Абай «тұщыну»
деп көрсетеді.
Абайдың «толық адам» теориясында да шешуші фактордың жүрек
болуы тегін емес. Жүректің қасиетін ақын мейлінше жарқырата
көрсетеді: «Мен – адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан
менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге
рақым қылдыратұғын – мен, жақсылыққа елжіреп еритұғын – мен, əділет,
ынсап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нəрселердің бəрі менен
шығады» – дейді.
Шындығында, адам əрекетін реттеуші, шешуші қызмет атқаратын –
адамның сезімі, яғни жүрегі екен. Ендеше, білім беруде, жас буынды
тəрбиелеуде нəтижеге жеткізер басты жол адам сезімін тəрбиелеу, əсер
ету, түйсіндіру болу керек дейміз. Жас ұрпақ тəрбиесіндегі Абайдың өзі
ұсынған жолда тиімді əрекет ету үшін сезімге ықпал етудің бір жолы,
осы мақсаттағы мазмұнды оқытудың бір түрі эмпатиялық диалог «əңгіме –
сұхбат» жүргізу.
Эмпатиялық диалог тəсілі Абай шығармаларын жалпы көркем
туындыларды өз мəнінде қабылдауға үлкен ықпал етеді. Абайдың
23
табиғат лирикасы, «Құлақтан кіріп бойды алар», «Өлең – сөздің
патшасы» т.б. шығармалары оқушыны эстетикалық əсерге, талғамға
шақырса, Əбдірахманға арналған өлеңдері, саяси -
əлеуметтік лирикасы
ақынның ішкі толғанысына толы. Ендеше, бұндай шығармаларды тек
мазмұн жағынан талдау, түсіндіру жеткіліксіз.
Көркем шығармадан эстетикалық лəззат алу, басқа адамның
эмоциялық жай-күйін түсіну, жанына жақын тұту, сезіну, жүрегімен
қабылдау дегендер оқытудың жағымды нəтижелері болып есептеледі.
Абай лирикасындығы көркемдікті таныту үшін ақынның өз тілінде
айтқанда мағыналы мазмұнға «оймен араласудың», «жүректің көзін
ашудың» бір тəсілі іспетті.
Лирикалық шығарма дегеніміз – тікелей ой мен сезімнің əсерлі де
асқақтата суреттелуі. Сөз жоқ, көркем шығарманың қай-қайсысында да
əсерлі, асқақтата айту болады. Бірақ прозада ол сөз шығарманың бір
қыры сияқты көрінсе, лирикалық шығармада ақын сезімі айқын көрініп
тұрады. Яғни ақын қуанып тұр ма, жоқ қайғыру бар ма, т.б. оның ішкі
эмоциялық жағдайы шығармада байқалады.
Мектеп қабырғасында əдебиетті оқытудың алғашқы уақытынан
бастап, мектеп бітіргенше мұғалімнің көздегені оқушының
шығармашылық қиялын ояту, оны жетілдіру, оны адамдық биік
қасиеттерге тəрбиелеу болуы керек. Сол үшін де əрбір лирикалық
шығарманың өтілуінен кейінгі қойылатын сұрақ-тапсырмалар ойланып
қойылуы тиіс.
Абайдың өнер, білім, ғылым тақырыбындағы шығармалары алтыншы
сыныпта қамтылады. Абай өмір сүрген замандағы қазақ елінің, ондағы
оқудың жайы туралы қысқаша əңгіме жүргізу, Абай заманында ғылымның,
оған жету жолының ауыр болғанын, Абайдың өзі де оқуға ересек тартқанда
аттанғанын, сол себепті өзінен кейінгілерге қалдырған əдеби мұрасын да
24
білім алу үшін дұрыс жол сілтеп, оқуға шақырғаны туралы мəліметтерден
беру маңызды. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңіндегі «уыс»,
«дөп», «маһрұм», «жазалы» т.б. сөздердің мағынасы түсіндірілу керек.
«Адамның бір қызығы бала деген,
Баламды оқытуды жек көрмедім», – деуінің мəнісін аша
түсу үшін оның балалары туралы, Абай оқытқан ауыл жастары, шəкірттері
туралы деректер, «Абай жолы» романынан үзінді келтіре отырып сабақты
мазмұн жағынан кеңіту қажет.
Абай білім алу – білікті адам болу жəне ол білімнің басқаға да, өзіне де
игілікке жұмсалуы үшін керек екендігін терең сөз етеді.
Үлгі. «Ғылым жəне шəкірт» тақырыбындағы дөңгелек стол.
Сабақ «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі мазмұнымен жүргізіледі.
Сабақтың мақсаты:
а) шығарма мазмұнымен таныстыру.
Оқушыларда оқу дағдысын (дұрыс, шапшаң, мəнерлеп оқу)
қалыптастыру. Білімнің, ғылымның маңызын түсіндіру. «Ғылымды
үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керектікті» терең
ұқтыру.
ə) Оқушыны дамыту мақсатында жұмыс жүргізу, онда интеграциялық
негізге сүйену жəне тіл байлығына үлес қосуға жол ашу, оқушы ойын,
қиялын, тілін дамыту.
б) Болашақ қоғамның саналы азаматын тəрбиелеу.
Өлеңді мəнерлеп оқыған соң, мазмұнына байланысты сөздердің
мағынасын ашып түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар үш топқа
бөлінеді. Үш топ өздерінің атын, төсбелгілерін (эмблемаларын) анықтады.
Бірінші топтың аты – «Ғылым», төсбелгісі – айқара ашылған кітап, екінші
топтың аты – «Болашақ» деп аталды да, оның төсбелгісі жер шары жəне
Абай кесенесі деп түсіндірілді. Үш топқа қарастырылатын үш мəселе
25
ұсынылды. Олар: бірінші топқа – «Ғылымның адам өміріндегі ролі», екінші
топқа – «Оқудағы мақсат», үшінші топқа – «Жастарға Абай нұсқаған жол».
Əр топ өздерінің қарастыратын мəселелерін өзара пікірлесе отырып,
қорытындылауға тырысты.
Оқулықтағы Абай өлеңін бірнеше рет қайталап қарап, өздері қарастырып
отырған мəселеге түйін жасауға талаптанды. Негізгі деп таныған ойларын
алдын ала дайындалған қағазға үлкен қылып жазды.. Сол қорытынды
пікірлері бойынша екі оқушы түсініктеме жасады. Ең əуелі өз тобының атын,
оның мағынасын айтып, осыған байланысты алған төсбелгілерін, оның мəнін
түсіндірді де, өздері қараған мəселеден не түйгендіктерін ортаға салды. Бұл
жұмыстың тиімді жағы – оқушылар оқулықтағы ойға өз тараптарынан пікір
қосуға талаптануы.
«Ғылым» тобының жауабы: Біз іздеген басты жол – ғылым. Сол себепті
тобымыздың атын осылай атадық. Абай айтқан: «Артық ғылым –кітапта»
деп. Сол себепті кітапты төсбелгі етіп алдық. «Ғылымның адам өміріндегі
ролі» туралы айтсақ, ғылымның адамға берері көп. Абай «Дүние де өзі, мал
да өзі» деген. Біз оқу-білім, ғылым арқылы өсеміз,өз жолымызды табамыз,
өмірге өзгеріс əкелеміз. Жақсы өмір сүре аламыз. Ғылым, білімді меңгермеу
Абайша айтқанда, «жанбай жатып сөну» деп ойлаймыз.
«Шəкірт» тобының жауабы: Біз ғылымды үйренушілерміз. Сол себепті
атымызды шəкірт деп атадық. Үйренуші шəкірттердің басты құралы дəптер
мен қалам болғандықтан, оларды төсбелгі етіп алдық. Оқудағы басты мақсат:
Абай бар дүние оқуда дейді. «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген
мақал бар. Оқудан мақсат – жақсы адам болу, еліне пайда келтіру деп
түсінеміз.
«Болашақ» тобының жауабы: Біз бəріміз де болашақ өмір туралы
ойлаймыз. Сол үшін ғылым үйренеміз, сондықтан тобымызды осылай
атадық. Болашақ барлық жер бетіндегі адамдардың қолдарында. Оларға Абай
26
жол көрсетеді. Сол себепті жер шарын, оған қарап жол көрсетуші Абайды
төсбелгі етіп алдық. «Жастарға Абай нұсқаған жол».
Абай ғылымға жетудің бірнеше жолын ұсынған. Абай бес нəрседен
алыс, бес нəрсеге асық болу керек. Бірінсіз бірі болмауын ескерте отырып,
жан-жақты бəрін бойына жинаған адам ғана ғылымға жетеді дейді. «Ондай
болмақ қайда» деп ойламай, «қайтсем ондай болам» деп, болмасаң да ұқсап
бағуды айтады. Ғалым болу үшін «балалықты қию» керек екендігін, «қолды
мезгілінен кеш сермемеуді» тілейді. Абай нұсқаған жол барлық адамды
болашаққа апарады.
Мұғалім осы үш топтың жауабына да қорытынды жасап, баға береді.
Жауаптар талданып, қорытынды жасалғаннан кейін оқушыларға мынадай
ұсыныс жасаған орынды: мақал-мəтел сөздің асылы дегенді оқыдыңдар.
Мақал-мəтел көп сөзбен айтатын ой түйінін қысқа сөзбен тез түсіндіреді
екен.
Мəселен «кітап – білім бұлағы» немесе «кітап – адамның ең жақын
досы» дегенді естіп жүрсіңдер. Абай айтқан ақыл да бізге кітап арқылы жетіп
отыр. Осы досымыздан керегінде сырласып, дұрыс жолға бағыттайтын ақыл
алуға болатынын осы оқыған өлеңдерден əбден көріп отырсыңдар.
Сондықтан сендер өздеріңе керекті ақылды қажетінде қайталап қарау үшін,
өздеріңді дұрыс жолға үнемі бағыттау үшін осы бүгіннен бастап бір жақсы,
қалың дəптерді достық жолына арнаңдар. Оның атын «Ақыл – дос» дəптері
деп атап, ал дəптердің сыртқы мұқабасына:
Ашу –қас, ақыл – дос
Ақылыңа ақыл қос – деп жазып қойыңдар.
Сөйтіңдер де оның бірінші бетін ашып, онда «Абай айтқан ақылдан» деп
– тақырып жаса, астына бүгінгі оқығаннан адам болуыңа керекті 5 нəрсе,
керек емес, аулақ болатын 5 нəрсені жазып қойыңдар. Осылайша, адал дос
кітаптан ақыл жинайсыңдар. Ол – сенің құн жетпес байлығың болады.
27
Байлықтарыңның қаншалықты өскенін қарап білеміз. Өйткені басқа да
кітаптардан алатын ақыл кездеседі. Бізге де білетін құнды, қызық ақыл болса
оқуды өтінеміз (Дəптердің мұғалім тарапынан тексеріліп тұратыны
ескертіледі).
Бұл сияқты тапсырмалар оқушылардың өздігінен ізденуіне, Абайдың
мектеп бағдарламасынан басқа шығармаларын оқуға деген ынтасын
арттырады. Оқушылар өздеріне арналған нақыл сөздерді оқып қана қоймай
өміріне серік етуге, есінде ұзақ тұтуға ұмтылыс жасауға түрткі болады.
Баланы оқытуда ата-ананың көзқарасы мен Абай заманындағы көзқарас,
ондағы жалған ұғым мен теріс түсініктер туралы сөйлесуге де балалардың
өздерін итермелеп, ондағы жағымсыз теріс көзқарастарды айқындауға
ұмтылыс жасау керек.
Айталық, бүгінде баласын юрист болсын, милицияға барсын деу, жаппай
экономист,бухгалтер болсын деу туралы баланың өзін сөйлетіп, оларға
өзіндік көзқарас туғызу қажет. Үйге тапсырма шығарма жазып келу
(шығарма тақырыбы – «Мен өз болашағым туралы не ойлаймын»)
тапсырылғаны дұрыс. Балаға ой салу мақсатында мына сұрақтар беріледі:
1. Мен өскенде қандай адам болғым келеді?
2. Қандай мамандық мені қызықтырады?Кім болуды армандаймын, неге?
3. Мамандық таңдауда кімдермен ақылдасқың келеді жəне кімді тыңдар
едің?
1– шығарма:
Мен ертең келіп елімнің ең елеулі азаматы болғым келеді. Барлық
оқыған оқуымды, білімімді ел мүддесіне жұмсағым келеді. Халықтың қамын
ойлап,жастыққа басың тимесе өлмейсің деген бабаларымыздың өсиеті
ойымнан кетпейді. Мен келешекте журналист болғым келеді. Қолыма қалам
алып, сөз жазып, еліміздің басына жағдай туса, барлығын жариялағым
28
келеді. Төбеден бұлт оралмауына титтей болса да үлесімді қосамын! Мен осы
ойым туралы ағаммен ақылдастым.
2– шығарма:
Мен өскенде өз мамамдай мұғалім болғым келеді. Өйткені мамам
баламен жұмыс істеу жұмыстың ең жақсысы деп отырады. Мамамды
оқушылары жақсы көреді, сыйлайды. Мен қатты қызығам. Мен таңдаған
мамандығым жөнінде кейін мамаммен ақылдасам.
Бұл шығармалар балалардың өзі өмір сүрген ортасы, көріп білгені
дегендерге сүйеніп жазылған. Сонымен бірге,көбінесе мамандық туралы
сөздерін де, ойларында гуманитарлық бағыт басым жатыр. Талдауда барлық
мамандық өмірге қажет, керек екенін жəне əрбір мамандық иесі ең əуелі
адамдық қасиет иесі болуды, адам баласының өміріне пайда келтіруді ойлау
керек. Сондықтан кім болып істесең де сенің еңбегің елге керек, барлық
мамандық та қадірлі деген қорытындыға келтіру жөн.
29
ІІ ТАРАУ
АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
1 АБАЙДЫҢ «КҮЗ» ӨЛЕҢІН ƏҢГІМЕ-СҰХБАТ ТҮРІНДЕ ОҚЫТУ
Абай Құнанбаев шығармаларын оқыту бастауыш сыныптардан
басталып, орта буында, жоғары сыныптарда түгел қамтылады. Абай
шығармаларын төменгі сыныптарда немесе орта буынның 5, 6 –
сыныптарында оқытқанда, оқушылардың ассоциациялық ойлауы мен
қиялын дамытатын əдіс-тəсілдер пайдалану орынды деп есептейміз.
Мысалы, Абайдың табиғат лирикасынан «Күз» өлеңін оқытқанда
мына тектес сұрақтар беруге болады.
1. Күз сөзі көз алдымызға қандай көріністерді елестетеді?
2. Күз сендерге қандай сезім-күй туғызады?
3. Күз қандай түсті елестетеді?
Сұрақ, тапсырмаларға берілген жауаптарды жинақтап, оқушылардың
дəптерлеріне немесе тақтаға еркін жазу, яғни оқушы жауаптары
бойынша жүйесіз жазып шығу керек. Жинақталған «ым» – түсініктерден
оқушы өз ассоциациясындағыларын бөлек теріп жинақтайды, оларды
топтастырып шығуға болады.
Мəселен: Олар: «Алғашқы қоңырау үні», «оқушылар мектепке бара
жатыр», «құстар жылы жаққа ұшады», «құстардың сайрағаны
естілмейді», «жапырақтар сарғаяды», «жапырақтар жерде шашылып
жатады», «ызғарлы», «суық», «жаңбыр жауады», «адамдар жылы киім
киеді», «жер батпақ болады», «жер қара түске енеді», «қар да көріне
бастайды». Осы ұғымдар бойынша оқушылар жыл мезгілінің тұтас
көрінісін елестете алу мүмкіншілігіне ие болады.
Ал күздің түсі қандай деген сұраққа оқушылардың көбі дерлік
«сары түс» деген жауап қайырады. Оқушы қиялын ұштау үшін əр
30
түстегі қағаз қиындыларын немесе жапырақтарды жая отырып, «күз
бояуын келтір» деген тапсырмамен түстерді іріктетіп алдыру немесе
түстер қиындысынан құрақ жасату, сондай-ақ күздің əр көрінісіндегі
суреттерді көрсету, сурет салдыру т.б. тапсырмалар берген орынды. Сол
арқылы ағаштың, жердің, далалы алқаптың түстері күздің басы, ортасы,
аяғында əр реңге ауысып отыратынын, күз мезгілінің түстерге аса бай
екендігін білдіруге болады.
«Қыс» мезгілін оқытар алдында берілген сұрақтарға «қар», «қырау»,
«аяз», «үскірік», «шаңғы теуіп жүрген балалар», «сырғанақ», «аяз ата»,
«шыршаны жағалай айналған балалар», «жаңа жыл», «қатып жатқан
сулар, өзендер», «қар үстіндегі адам іздері» алуға болады. Қысты
оқушылардың барлығы бірдей ақ түсті табиғи деп таниды.
Көктем белгілеріне қатысты қойылған сұрақтарға «қар ериді»,
«жаңбыр», «үйлердің шатырына қатқан мұздардың еріп, тамшылап
тұрғаны», «8 – наурыз», «құстар жылы жақтан оралғаны» «ағаштар
гүлдейді», «жан-жануар ояна бастағаны», «дəн егіп жатқан диқаншы»
сияқты жауаптар қайырады. Оқушылар көктемді əр түрлі түспен
елестетеді. Бір оқушы жасыл түсті, біреуі қызыл қызғалдақ түсін
елестетеді. Мұндай жұмыс түрлерін ұйымдастырудағы басты мақсат
оқылатын шығарманы дұрыс, өз дəрежесінде қабылдауға жағдай туғызу,
оқушы қиялын ұштау болып табылады.
«Күз» өлеңінде Абай бұлттың түсін неліктен басқаша қолданбай,
(қара бұлт, ақ бұлт, ақша бұлт, т.б) «сұр бұлт тіркесімен берген? немесе
«дымқыл тұманның ерекшелігі қандай?» деген сұрақтар табиғат
ерекшеліктерін тереңдей ұғуға əрі жете түсінуге жетектейді.
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.
Жасыл шөп, бəйшешек жоқ бұрыңғыдай,
31
Жастар күлмес, жүгірмес, бала шулай, – деген жолдарға назар
аударта оқыту оқушы ойын, ассоциациялық қиялын күз көріністерімен
толықтырады, жаңа ұғым, түсініктерге, сезімге ойыстырады. Өлеңнің
келесі жолдары сол ұғымдардың бояуын қанықтырып, өлеңнің
əлеуметтік мəнін түсініп қабылдауға жол ашады. Оқушы санасында
Абай бейнелеген күздің тұтас суреті орнығады.
Ал жыл мезгіліне қатысты оқушылар қандай түсті елестететінін
сұрау да белгілі бір дəрежеде оқушы санасына əсер етеді. Төменгі
сыныптарда, орта буынның бастапқы сыныптарында оқушылардың
абстрактылы ойлауынан нақты көзбен көру арқылы қабылдауы жақсырақ
болатындығы себепті жыл мезгілін өздігінен бейнелеу, сипаттап айту
мүмкіндігі арта түседі.
Қыс өлеңін оқытқанда да осы əдіс-тəсілдің берері көп. Абай «Қыс»
өлеңінде жылдың бұл мезгілін, ондағы табиғат көрінісін жаңаша үлгіде
сипаттайды. Ақын қысы динамикалық жанды образға, еселеп сұрап есті
алатын «кəрі құда», беймаза шал бейнесіне енеді. Қытымыр
мазасыздығымен шаруа адамының берекесін алып, қусырып əкететін қыс
қаһары Абай шығармасында мейлінше нанымды суреттеледі.
Абай өлеңіндегі «ақ киімді», «ақ сақалды», «ақ қырау», «ақ орда»
тіркестеріндегі ақ эпитетінің қолданысында да қыс суретін айшықтап
көрсету мақсаты көзделген. Оқушының елестетуінде қыс келбетінің ақ
түсі осы көріністерге сəйкеседі. Сондай ақ келтірілген тəсіл өлеңдегі
«үскірік», «аяз», «қар», «беті-қолы домбығып үсік шалды», «борандай
бұрқ-сарқ етіп», «басқан жері сықырлап» деген сөздермен тіркестердің
қыс табиғатына тəн көріністер екендігін оқушыға еркін сезіндіруге
жағдай жасайды.
Оқыту жұмысының нəтижелі болуы оқыту əдістерін үйлесімді етіп
таңдап ала білуге байланысты. Себебі оқытуды ұйымдастырудың негізгі
32
формасы – сабақ. Ал сабақтың мақсаты мұғалім мен оқушының
ұжымдық, шығармашылық еңбегі, сондай-ақ сабақта оқыту мен
тəрбиенің міндеттері, мақсаттары жүзеге асырылады, оқушылардың ой -
өрісі кеңіп, қабілеті шыңдала түседі, өмірге деген көзқарасы
қалыптасады.
Осы айтылғандардан біз үлгі ретінде 5 сыныпқа түзілген сабақтық
жоспарын келтіріп өтеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |