Өзбекстан республикасы халықҚа білім беру уəзірлігі əжінияз атындағы нөкіс мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата03.03.2017
өлшемі357,45 Kb.
#6458
1   2   3   4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

46 


 

 

7 – сыныпта  талдау  сабағына  түзілген  сабақтық  жоспар. 



Сабақтың  тақырыбы: «Жазғытұры»  

Сабақтың  мақсаты: а) Оқушының  Абай  туралы  түсінігін  кеңейту, 

оқу     дағдысын     бекіте     түсу,     əдебиет теориясынан    алған    түсінігін      

бекіту.  

ə) Оқушы  ассоциациясын  дамыту. 

б)Табиғатты  сүюге,  оның адам табиғатымен тұтастықта  екендігін 

білуге  тəрбиелеу. 

Талдау  сұрақтары: 

1. Өлеңде  жылдың  қай  мезгілі  суреттелген? 

2.«Жазғытұры»  жылдың  қай  маусымын  білдіреді? 

3. Бұл  мезгілдің  адам  баласына  əсері  қандай? 

4. Адамның  жасына,  кəсібіне  қарай  көктемдегі  іс-əрекеті,  көңіл-күйі  

қалай  сипатталған? 

5. Өлеңде    көктемнің   жер   бетіне,    жан-жануарларға,    адамзатқа,    

 табиғатқа  əкелген  өзгешелік  құбылыстары қалай  суреттелген? 

6. Абай  күн  шуағын, күн  нұрының əсерін  қалай  суреттеген? 

7. Өлеңде  ақын  көңіл-күйі  аңғарыла ма?   

8. Өлеңдегі    ақын    көңіл-күйінің   «Күз»»,   «Қыс»   өлеңдеріндегіден     

айырмашылығы  қандай? 

9. Өлеңдегі     көктемнің   əсері      кімдерге,  нелерге   қатысты   айтылып  

тұрған    сөздерді    саралатып      алған    соң,      ашық      таблица    бере    отырып, 

тапсырмаға     сəйкес   сөздерді,   сөз   тіркестерін   ұяларға   топтастыру   

тапсырылады. 

Бұл  сияқты  тапсырмаларды  бере  отырып, «қай  деңгейдегі  ұялар  тез  

толтырылады,  сол  топ  алғырлығымен,  еңбекқорлығымен,  көрегендігімен,  

шапшаңдығымен  ерекшеленеді»  деген  сияқты  ынталандыру  шараларын да  

орындап  отырған  орынды.   



 

47 


 

 

Бұндай  тапсырманың  мақсаты  оқушылардың  өздігімен  жұмыс  істеуін  



қамтамасыз  ету,  мəтінмен  жұмыс  істеуге  дағдыландыру,  сөздерді  белгілі  

ұғым-түсініктермен    саралап,    сараптай    білуге    үйрету,  мəтіндегі    сөздерді 

белгілі  бір  мақсатқа  қарай  топтай  білу  дағдыларын  жетілдіру. 

Ауыл  көктемі  мен  қала  көктемі  туралы  айтқызып  та  көру  қажет.  

Қандай    тапсырма    болмасын    негізгі    көзделетін    мақсат  –  баланың  

дүниетанымын    кеңейту,    əдемілікті    саралап    тану,  не    нəрсенің    өзіндік  

ерекшеліктерін    ажырату.    Ол    үшін    осы    екі    көктемде,    қала    мен    дала  

халқының    тіршілік,    өмірінде,    əрекетінде,    көңіл-күйінде    болатын  

өзгерістер    туралы    білгендерін    айтқызудың    тіл    байлығын    молайтары  

анық. 


Оқушылардың    өздігімен    жұмыс    істеуінде    мынадай    сұрақ-  

тапсырмалар  берген  орынды  деп  есептейміз. 

I. Өздік  тапсырмалар.  (Абай  «Жазғытұры»  өлеңі) 

 

1. «Қыс»  өлеңіндегі  адамның  көңіл-күйін  білдіріп  тұрған  жолдарды   



тауып,  оны  «Жазғытұры»  өлеңімен  салыстыр.  «Жазғытұры»  өлеңіндегі  

көңіл-күйдің  керісінше  болу  себебі  неден? 

2.  Өлеңнен    адамның    жасына,   кəсібіне    қарай    көктемдегі   іс-əрекетін,  

көңіл-күйін  білдіріп  тұрған  сөздерді  тауып  жаз. 

3. Көктемнің  жер  бетіне,  жан-жануарларға,  адамзатқа,  табиғатқа  

əкелген  өзгешелік  құбылыстарын  саралап  айт. 

4. «Жазғытұры»  жылдың  қай  маусымын  білдіреді,  жазға  қарай,  

жазға  салым,  жазға  таман,  сөздері  синоним  бола  ала  ма?  Осы  сөздерге  

сөйлем  құрап  жаз. т.б. 

II. Абайдың  «Қыс»  өлеңі. 

1.  Ақын    қыстың    қаһарлы    күшін    қалай    көрсеткен?    Түсінігіңді    өз  

сөзіңмен  ашып  жаз. 

2. «Шидем  мен  тон  қабаттап  киген  малшы 


 

48 


 

 

     Бет    қарауға    шыдамай    теріс   айналды».    Өлең   жолындағы    шидем,  



тон  сөздерінің  мағынасын  түсіндір. 

3.  «Кəрі    құдаң    қыс    келіп    əлек    салды»    деген    жолдағы    «кəрі    құда  

тіркесінің  мəнін  түсіндір. 

4. Абай  сөзін  қолданып  айтуға  дағдылану  үшін «ажарланды»,  «əуес  

көріп»,  «домбығып»,  «үсік  шалды»,  «бет  қарауға  шыдамау»,  «қажымас»,  

«титығы    құру»    деген    сөздерге,    сөз    тіркестеріне    сөйлем    құрап  

дəптерлеріне  жазып  келу. 

Бүгінгі  таңдағы  психологиялық-педагогикалық  ғылым  жетістіктерінің  

бəрінде    пəнаралық    байланыстың    ұрпақ    тəрбиелеуде,    оларға    білім  

қалыптастырудағы  ролі  мен  мəні  өте  жоғары  бағалануда.  

«Жеткіншек»  деп  аталған  баланың  11-12  ден  16 жасқа  дейінгі  кезеңі 

оны  неге  болса  да  үйретудің  ең  қолайлы  кезеңі  деп  өз  зертеулеріне  

сүйеніп  айтқан  психологтардың  сөзін  балаға  үйретумен  оны  тəрбиелеуде  

мұғалімнің    негізге    алуы    керек.    Осы    айтылғанды    айқындай,    дəлірек  

анықтай    айтқанда,    мəтіннің    мазмұнын    қалтқысыз    білдіруді    көздемей,  

көбірек  өз  бетімен  жұмыс  жасату,  өзін  ойландыруға  күш  салған  дұрыс.  

Осы    орайда    оқушыға    өз    тұсынан    ойланып    ізденетін,    миына    салмақ  

түсіріп,  қиналатын,  бірақ  шамасы  жетіп,  өз  тұсынан  шеше  алатындай  

алдына  міндет  қойып  үйрету – ең  тиімді  жол. 

Абайдың  «Қансонарда  бүркітші  шығады  аңға»,  «Шоқпардай  кекілі  

бар  қамыс  құлақ»  деген  өлеңдерін  оқыту    мұғалімнен  көп  дайындықты  

талап  етеді.  Бұл  екі  өлең  де  оқушы  түсінігіне   ауырлық  əкеледі  жəне  

өлең    сөздері    оларға    жақсы    таныс    емес.    Оған    қоса    қандай    болмасын  

түсініксіз  сөзді,  құбылысты  түсіндіру  үшін  баланың  азды-көпті  көрген  

тəжірибесіне  сүйену  қажет.  Ондай  тəжірибе  мектеп  баласында  жоқтың  

қасы  екендігі  мəлім.   



 

49 


 

 

Аңшылық    кəсібі    үлкендердің    өздерін      түгелдей    қызықтыратын    іс  



емес,  сұлу  атты  салыстырып,  сұрыптап  қарап  сұлулығын  анықтап  тану  

олардың    да    қолдарынан    келе    бермейді.    Осы    айтылғандар    салдарынан  

мəтінмен  жұмыс  жүргізудің  дидактикалық  талаптарын  орындау  қиындық  

тудырады.  Сол  себепті  өлеңдерді  оқыр  алдында  оқушылармен  шығарма  

мазмұнына  қатысты  əңгіме-сұхбат  құрған  өте  орынды.Осы  орайда  сабақ  

алдында  мəтінге  қатысты  мынадай  сұрақтар  беру  керек. 

Кіріспе  сұрақтар: 

1. Аңшылықтың  қандай  түрлері  болады? 

2.  Ел  ішінде  аңшылыққа  қандай  құстар  үйретілетін  болған? 

3.  Аң  аулау  процесін  көргендерің  бар  ма? 

4.  «Қансонарда»  дегенді  қалай  түсінесіңдер? 

5. Аңшы  құстардың  жабдықтарын  қалай  атайды? 

Осы  сұрақтар  барысында  мұғалім  оқушылардың  білім-білігін  тексере  

отырып,  жеткіліксіз  жерінде  өзі  мəлімет  беріп  отырады. Мүмкін  болған  

жағдайда  осы  туралы  видео фильм  көрсеткен  де  орынды. 

Талдау  сұрақтар: 

1.  Абай  өлеңде  аңшы  адамға  қажетті  нелерді  атап  көрсетеді? 

2. Өлеңде  бүркіттің,  түлкінің,  аңшының  іс-əрекеті  қалай  суреттелген? 

3.  Абай  неліктен  осы  көріністерді  «Жеке  батыр  майданына» теңейді? 

4.  Аңшылық  адамға  қандай  көңіл-күй,  əсер  береді,  оны  ақын  қалай  

көрсеткен? 

5. «Көкіректе  жамандық  еш  ниет  жоқ, 

             Аң    болады    кеңесің    құс    салғанда…»    деген    тармақтарды    қалай  

түсінесіңдер? 

Осы    тектес    сұрақтар    мен    тапсырмалар    бере    отырып,    оқушыларға  

Абай  шығармаларынан  кең  ұғымды  қалыптастыру  мүмкіндігі  мол. 



 

50 


 

 

«Шоқпардай  кекілі  бар  қамыс  құлақ»  өлеңін  оқыр  алдында  да осы  



тектес    сұрақ-тапсырмалар,    дайындық    жұмыстары      міндетті    түрде  

жүргізілуі  қажет.  Аттың  көшпелі  ел  тірлігіндегі  алатын  орны  туралы,  

тұрмыстық    қажеттілігі    мен    сұлулық      символы    ретіндегі    оған    деген  

сүйіспеншілік,  олардың  ауыз  əдебиетінде,  əн,  өлең  жырлардағы,  көркем  

шығармалардағы    көрінісі    туралы    айтқан    абзал.    Аттың    дене    мүшесі  

туралы  алдын  ала  мəлімет  беру  міндетті.  

Лирикалық    шығарманы    сабақта    тым    ұсақтап    талдап,  көркемдік  

құнын    төмендетпей,  оқушыға    тұтас    ұғыммен    қабылдату    өте    маңызды.  

Сондықтан    лирикалық    шығарманың    көркем    образын,  оның    көркем  

табиғатымен    оқушыны    бірте-бірте    таныстыру    керек.    Балалардың    жас  

ерекшелігін    ескере    отырып,    мұғалім    мəтінді    талдап    түсіндіруде    ойын  

элементін  кіргізу – өте  тиімді. Осылайша, ұлы ақынның өлмес туындылары 

жас ұрпақтың кеудесіне ұялай берері даусыз. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

51 


 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 



 

Қазақ  əдебиетінің  бəйтерегі  Абайдың  шығармашылығы  бала 

бақшасындағы  тəлім  алып  жатқан  бүлдіршіндерден  бастап,  жоғарғы  оқу 

орындарында білім алып жатқан студенттердің де таным мен тəрбие алатын, 

эстетикалық талғамын өсіріп, көркемдікке жақындататын, əдебиетті түсінуге 

жол 


көрсететін 

жарқын 


жұлдыз 

болып 


табылады. 

Ақынның 


шығармаларының мəні мен маңызы, көркемдік əлемімізді байытатын жемісі 

жыл  өткен  сайын  айқындала  түсуде.  Мұны  біз  күнделікті  тұрмысымыздан, 

Абайға, оның асыл мұрасына болған халықтың ықыласынан көріп те, танып 

та келеміз. 

Əлбетте,  асыл  жауһардай  көркем  мұралар  бар  да,  оларды 

халқымыздың  əсіресе,  жастарымыздың  рухани  қажетіне  жаратуда, 

пайдалануда  қолданылатын  əдіс-тəсілдер  бар,  яғни  оларды  жас  ұрпақ 

жүрегіне  ұялатудың,  оған  деген  шексіз  сүйіспеншілігін  дамытудың 

əдістемелік құралы болады.  

Біз  өзіміздің  мамандық  жұмысымызда  ұлы  ақынның  лирикалық 

туындыларын  5-8  сыныптарда  оқытудың  мəні  мен  маңызына  жəне  оқыту 

барысында қолданылатын əдістемелік мəселелерге тоқталып өттік. Əдістеме, 

яғни бұрынғыша айтқанда оқыту методикасы ғайыптан пайда болмайды, ол 

озат  мұғалімдердің  іс-тəжірибелеріне  сүйене  отырып,  педагогика 

ғылымының  жетістіктерін  басшылыққа  ала  отырып  қалыптасады  жəне 

өркендейді.  Осы  тұрғыдан  қарағанда  Абай  лирикасы  мектептерде  оқытыла 

бастағанына  жүз  жылға  шамалас  уақыт  өтсе  де,  əр  заман,  дəуір,  ұлттық 

идеологияны  басшылыққа  ала  отырып,  оның  жаңаша  əдістемесін  жасап 

шығады. 

Абай  шығармаларын  оқытуда  кешегі  кеңестік  дəуірде  қолданылған 

методикалық  əдіс-тəсілдердің  бірқатары  қазір  тиімсіз  болып  отыр.  Ақын 


 

52 


 

 

лирикасы  кеңестік  идеологияны  басшылыққа  ала  отырып  үйретілді,  оларды 



танытуда  бір  ғана  мəселе,  таптық  тұрғыдан  түсіндіру,  жастардың 

белсенділігінен  гөрі  дайын  материалдың  мазмұны  мен  идеясын  мұғалімнің 

нұсқауы яғни көрсетуі бойынша қабылдату – қазіргі білімге беріліп отырған 

талаптарға жауап бере алмайды. 

Қазіргі  талап  –  оқушы  тек  үйренуші  ғана  емес-  талдаушы, 

аналитикалық  пікірлеуші,  бағалаушы  жəне  оқыған,  түсінгенін  тұрмыста 

жүзеге  асырушы  да  болуы  шарт.  Олай  болса,  қазіргі  методикада  оқушыны 

ізденуге,  ситуацияларды  өзі  тудырып,  оны  дұрыс  шешуге,  əрбір  тақырыпқа 

сын көзбен қарап, өзінше баға беруге баулу, дағдыландыру қажеттігі айқын 

байқалуда. 

Методикадағы 

жаңа 


педагогикалық 

технологияны 

Абай 

шығармаларын өтуде қалайша, қандай жолдармен қолдануға болатындығына 



біз жұмысымызда тиісті дəрежеде көңіл аудардық деп есептейміз. 

Абай – сан алуан тақырыпқа қалам тартқан ақын. Ол поэзияның адам 

өмірінде, қоғамдық тұрмыста алатын орнын əдебиетімізде бірінші рет нақты 

дəлелдеп  берді.  Қазақ  əдебиетінде  тұңғыш  рет  сыншыл  реализмді  енгізу 

бақытына  ие  болды.  Жазба  əдебиетіміздің  негізін  қалады.  Осындай 

ұлылықтарын  алдымен  мектеп  оқушыларына  мұғалім  құры  əңгімелеп  қана 

түсіндіруге  əрекет  етпей,  оның  лирикасы,  өлеңдерін  талдау,  анализ  жасау 

арқылы таныту – қазіргі оқудың ең басты мақсаты болып табылады. 

5-8-сыныптарда  Абайдың  бағдарламаға  енген  өлеңдерін  танытумен 

бірге  ақынның  оқулықта  жоқ,  бірақ    үйренуге  титісті  шығармаларын  да 

оқушыларға  таныстырып,  оларды  сыныптан  тыс    оқуды,  талдап  түсінетін 

дəрежеге ерісуді қамтамасыз ету – əрбір оқытушының негізгі міндеті болып 

есептеледі.  Дегенмен,  біз  көбінесе  Абайдың  бағдарламада  көрсетілген, 

оқулықтарға  енген  өлеңдерін  оқытудың  əдістемелік  жағына  көбірек 

тоқталдық. 


 

53 


 

 

Абай  қазақ  əдебиетіндегі  жаңа  құбылыс  болғаны  белгілі.  Оның 



шығармаларында  сол  кездегі  қазақ  тұрмысы,  елдің  экономикасы  мен 

мəдениеті,  салты  мен  дəстүрі,  қазақ  адамдарының  психологиясы  т.б.  айқын 

суреткерлікпен берілген. Осы қырларын түсіндіру мұғалімнен үлкен ізденісті 

талап етеді. 

 Абайдың  5-8  сыныптарда  көбірек  оқытылатын  өлеңдері  –  табиғат 

лирикасы  болып  келеді.  Біріншіден,  Абайға  дейін  қазақ  əдебиетінде  нағыз 

пейзаждық  лирика  болған  жоқ,  табиғат  суреті  дəл  Абай  өлеңдеріндегідей 

идеялық-көркемдік  тұрғыдан  шебер  суреттелетін  шығарманы  біз  кездестіре 

алмаймыз.  Сондықтан  да  Абайдың  табиғат  лирикасын  оқушыларға  дұрыс 

таныту,  əдеби  жанрдың  –  пейзаждық  лирика  деген  түрін  таныту  болып 

табылады.  

Əсіресе,  ақын  –  бұл  тақырыптағы  өлеңдерінде  табиғатты  жалаң 

суреттеуші  емес,  оны  халық  тұрмысымен,  өмірімен  байланыста,  бірлікте 

алып  қараушы.  Оның  табиғат  туралы  өлеңдерінен  ауыл  суреті,  жастар  мен 

жасамыстар, мал мен мал бағушы шаруалар, аң мен құстар т.т. тіршілігі жан-

жақты толық көрініс тапқан. 

Қазіргі  методика  ғылымы  –  күн  сайын  жаңарып,  жетіліп  келуде. 

Ғылымның өзге салалардағы жетіскендіктері – оларды мектеп оқушыларына 

танытуда да қажет. Соған орай, оқытудың ақпараттық технология түрлері де 

–  инновация,  интеграциялық,  проблемалық  т.с.с.  мектеп  тұрмысына  жақын 

ене  бастады.  Бұл  жетіскендіктер  Абай  лирикасын  5-8  сынып  оқушыларына 

үйрету процесінде де пайдаланылады.  

Дегенмен,  көбінесе,  Абай  шығармаларын  оқытуда  Абайтану 

ғылымының  жетіскендіктерін  алдымен  басшылыққа  алып  отыру  шарт. 

Қазіргі Абайтанушылар: Д.Омаров, Ғ.Есім, М.Мырзахметов, Қ.Бұғыбаева т.б. 

ұлы  ақынның  мұрасын  зерттеу  жұмыстарында  бірқатар  табыстарға  еріскен. 



 

54 


 

 

Міне,  осы  зерттеушілер  еңбектерін  əрбір  мұғалім  толық  білуі  жəне  оларды 



пайдаланып отыруы шарт деп есептейміз. 

Қазіргі мектеп оқушылары ақпараттарға өте бай, олар күніне көптеген 

ақпараттарды қабылдау мүмкіншілігіне ие. Заман талабына сай оқытушы да 

абайтанудағы  болып  жатқан  жаңалықтардан  толық  хабардар  болып, 

отырмаса,  қазіргі  оқушылардың  талап  дəрежесінен  шыға  алмай  қалуы 

ықтимал.  

Біз  мамандық  жұмысымызда  Абай  лирикасын  сатылап  оқыту 

мəселесіне  де  көңіл  бөліп  отырдық.  Мысалы,  5  сыныптағы  «Қыс»  өлеңін 

оқытудағы  əдістеме,  8  сыныптағы  «Қараша  желтоқсанмен  сол  бір-екі  ай» 

өлеңін  оқытуда  оқушылар  үшін  толық  жарайды  деп  есептеуге  болмайды. 

Біріншіден,  5  сынып  оқушысының  жас  ерекшелігі,  түсінігі  8  сыныптағы 

баламен бірдей емес. Екіншіден, «Қыс» өлеңінде қыстың суреті – ақ сақалды 

шал, бұрқ-сарқ еткен боран т.б. берілсе, «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі 

ай»  өлеңінде  қоғамдық-əлеуметтік  тұрмыс,  бай  мен  кедей  арасындағы 

əлеуметтік  қайшылық  тереңдеп  барады.  Мұнда  оқушыларды  ойландыру, 

тексті  байыптап  оқып,  оның  əр  жолында  не  мəселелер  берілгендігін  анық 

танып отыру талап етіледі. 

Біз  Абайдың  лирикалық  шығармаларын  5-8  сыныптарда  оқып  үйрену 

əдістемесі  бойынша  жазылған  мамандық  жұмысымызда  мынадай 

тұжырымдарға келдік:  

1.

 

Абайдың  лирикалық  шығармаларын  оқытуда  текспен  жұмыс  істеу, 



ондағы əрбір қатарды байыптап танып, байсалды түсініп отыру 

2.

 



Қазіргі методикадағы жаңалықтардың ең тиімділерін ғана пайдалану 

3.

 



Абай лирикасын оқытуда сөздік жұмыстарын жүйелі жүргізіп отыру 

4.

 



Лирикалық 

шығармаларды 

оқытуда 

теориялық 

ұғымдарды 

қалыптастыру,  мысалы,  пейзаждық  лирика,  элегия  (Əбіш  туралы  өлеңдер), 

сатира, дидактика (Ғылым таппай мақтанба) 


 

55 


 

 

5.



 

Абай  шығармашылығын  оқыту  барысында  Абайтанушылардың 

еңбектерінен (соңғы шыққандары) пайдалану, кітаптарды көрсету 

6.

 



Абайдың  табиғат  лирикасын  оқытуда  –  қазіргі  ақындардың  табиғат 

лирикасымен салыстыру 

7.

 

Абай өлеңдеріндегі түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіріп отыру 



8.

 

Көрнекіліктерден  (таблица,  схема,  иллюстрация,  плакаттар  т.т.), 



техникалық құралдардан  тиімді пайдаланып бару 

9.

 



Абай  өлеңдерін  талдауда  оқушыларды  іздендіру  мақсатымен  бір 

біріне сұрақтар қойғызу 

10.

 

 Абай 



өлеңдерін  түсініп  жəне  мəнерлеп  оқу  дағдыларын 

қалыптастырып бару 

11.

 

 Абай  туралы  көркем  шығармаларды  (Абайдың  жастық  шағы)  оқуға 



тапсырма беру 

12.


 

 Абай лирикасы бойынша пікір сайысын көбірек жүргізу, оқушыға өз 

пікірін айтуда еркіндік беру 

13.


 

 Оқушылардың 

эстетикалық  талғамын  қалыптастыруда  Абай 

лирикасын жүйелі пайдаланып отыру. 

Қорыта  айтқанда,  ұлы  Абайдың  лирикалық  шығармаларын  5-8  сынып 

оқушыларына  үйрету  барысында  ең  қажетті  сыналған  əдістемелерді 

пайдаланып,  оларды  əрбір  сабақта  жаңалап,  жетілдіріп  отыру,  əрбір 

тақырыпты  өтуге  творчестволықпен  қатынас  жасау  бүгінгі  күннің  ең  зəру 

мəселесі болып табылады.  Себебі жастарымыздың дүние танымына, дүниеге 

көзқарасын  қалыптасыруда,  олардың  заман  дəрежесіндегі  азамат  болып 

өсуінде,  биік  интеллектуальдылыққа,  «толық,  кəміл  инсан»  болып 

жетілісуінде, олардың бойындағы эстетикалық талғамының ұштала түсуінде 

ұлы Абайдың шығармалары бірден бір рухани азық болып табылады. 

 

 


 

56 


 

 

ПАЙДАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР 



 

1. Каримов И. А  Юксак маънавият енгилмас  куч. Тошкент. 2008  

2. Əділханов Т. Абай  өлеңдерінің білімдік, тəрбиелік  мəні.  Қазақ  тілі  мен  

əдебиеті.  1994  

3. Бадырақов  Қ. Жоғары  кластарда  қазақ  əдебиетінен тапсырмалар жүйесі. 

Алматы. 1987  

4. Бейсенбаева А. Пəнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру. 

Алматы. 1995  

5. Бөкейханов  Ə.  Абай  Құнанбаев.  Абайды  оқы, таңырқа. А.  1993  

6. Есенжолова А. Абай шығармаларын  оқытудың тиімді əдістемелері.  Қазақ  

тілі  мен əдебиеті. 1993 ж.  

7. Жұмалиев  Қ. Əдебиет теориясы. Алматы. 1969 

8. Қабылов  Ə. Өлеңмен  ойын  өрілсе.  Қазақ тілі  мен  əдебиеті. 1993. №9 

9. Қанафин А. Қансонарда  бүркітші  шығады  аңға  өлеңін  оқыту. Қазақстан  

мектебі.  1977  №2 

10.  Қирабаев. С. Мектеп  жəне  қазақ əдебиеті. Алматы. 1979 

11. Қоңыратбаев Ə. Əдебиетті  оқыту  методикасы. Алматы. 1990 

12. Мұқаева  К. Абайдың  лирикасын  оқыту. Қазақстан  мектебі. 1973. №11. 

13.  Нығметұлы А.  Өнер  сабақтастығындағы  интеграциялық сабақ. Қазақ  

тілі мен əдебиеті.  1995  №4. 

14.  Тухлиев Б.  Адабиётни  уқитиш методикаси.  Тошкент.  2004 

15. www Ziyo net 

16. http: // www // uraini // ru 

 

 



 

 


 

57 


 

 

 



 

Мазмұны 


 

Автордың аннотациясы……………………………………………………4-6 

І  Кіріспе ……………………………………………………………………7-11  

   


І   тарау 

Абай шығармаларының тəрбиелік үлгісі 

1  Абай шығармаларын оқытудың педагогикалық жəне психологиялық 

негіздері……………………………………………………………………….12-20 

2  Өнер, білім, ғылым тақырыбындағы Абай өлеңдерін оқыту…………..21-28 

ІІ тарау 

Абайдың  табиғат  лирикасын  оқыту 

1 Абайдың «Күз» өлеңін əңгіме-сұхбат түрінде оқыту………………….29-36 

2 Абайдың «Күз» жəне «Қыс» өлеңдерін оқытуда Веен диаграммасынан 

пайдалану……………………………………………………………………37-57   

 

III. Қорытынды………………………………………………………………58-62 



 

IV Пайдаланылған  əдебиеттер……………………………………………….63 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет