ҚАРАҚАЛПАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ НӨКІС МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ БАСТАУЫШ ТӘЛІМ ФАКУЛЬТЕТІ БАСТАУЫШ ТӘЛІМ ТӘЛІМ БАҒДАРЫНЫҢ 3-И КУРС СТУДЕНТІ САДУАКАСОВА ИНДИРА ҒАБИТ ҚЫЗЫНЫҢ "АНА ТІЛІН ОҚЫТУ МЕТОДИКАСЫ "ПӘНІНЕН КУРС ЖҰМЫСЫ ТАҚЫРЫП: САУАТ АШУ САБАҚТАРЫНДАҒЫ СӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ: Г.ЗАРИМБЕТОВА
НӨКІС – 2023
Тақырып Сауат ашу сабақтарындағы сөздік жұмысы Қазіргі әдістемелерде сөздік жұмыс сөздік құрамды тиімді игеруді қамтамасыз ететін мақсатқа бағытталған педагогикалық әрекет ретінде қарастырылады. Сөздік қорды дамыту сапалы сөздердің жинақталуы, оларды қоғамдық жағдайларда қолдана білуін қалыптастыру ретінде түсіндіріледі. Сөздің басты ерекшелігі оның лексикалық және грамматикалық мәндерінің бірлігі болып табылады. Бала сөздің мәнін, ол сөз тіркестерінде, сөйлемдерде, байланысқан әңгімелеуде қолданылғанда ғана игереді. Сондықтан сөздік қорды қалыптастыру балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытумен тығыз өзара байланысан түрде жүру керек. Балалардың лексиканы игеру ерекшеліктерін және сөйлеу табиғатын талдай келе, мектепке дейінгілермен сөздік жұмыстың екі аспектісін бөледі: 1. Ол балалардың танымдық әрекетін дамытумен байланысты және заттық байланыс пен қарым-қатынас логикасында жүзеге асады. Тіл дамыту әдістемесінде бұл аспект алдымен Е.И.Тихеева, М.М.Конина, Л.А.Пеньевская және т.б. еңбектерінде көрсетілген. 2. Сөзді лексика жүйесінің бірлігі ретінде игеру, оның басқа лексикалық бірліктермен байланыстарын білдіреді. Мұнда басты көңіл бөлінеді: балаларды көп мағыналы сөздермен таныстыру, нақты мағынасы бойынша антоним, синоним сөздерді қолдану және т.б. Бұл бағыт бойынша С.А.Сохина, О.С.Ушакова және т.б. еңбектерінде тоқталған. Сөздік қорды дамыту – мектепке даярлаудың негізгі факторларының бірі. Жеткілікті лексикалық қорларды игермеген бала мектепте өз ойын білдіру үшін қажетті сөздерді таба алмай қиналады. Мектепке дейінгі мекемеде сөздік жұмыстың ерекшелігі, ол балалармен жүргізілетін барлық тәрбиелік-білімділік жұмыстармен тығыз байланысты. Сөздік қорды байыту қоршаған ортамен таныстыруда, балалар әрекетінің барлық түрлерінде, күнделікті өмірде, қарым-қатынаста жүреді. Сонымен тілдің және сөйлеудің қажетті бірлігі ретінде сөздің ролі, баланың психикалық дамуында оның мәні балабақшада балалардың тілін дамыту бойынша жалпы жұмыстар жүйесінде сөздік жұмыстың орнын анықтайды. Балалардың сөздік қорын дамыту, грамматикалық дағдыларды қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айта білуге қабілеттерін дамыту – осылардың барлығы байланыстырып сөйлеуге үйретудің алғышарттары болып табылады.Бағдарламада көрсетілгендей негізгі мақсат- балалардың өз бетінше байланыстырып сөйлеу болғандықтан, бұл кезеңде мектепке даярлық тобындағы балалардың өз бетінше әңгімелесе алуға, үш-төрт сөйлемнен сипаттама әңгімелер құрастыруды үйрене бастайды. Балалардың өздңігінен байланыстырып сөйлеуі олардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырады. Бала бастапқы кезде бір-екі сөз арқылы өз ойларын жеткізбек болады. Ым-ишаратпен, бет әлпетін өзгерту, қолымен әр-түрлі қозғалыстар жасау олардың белгілі бір түсініктерді жеткізу шаралары іспетте болады. Академик Л.В.Щербаның анықтауы бойынша, балалардың екі сөздің басын құрап ойын білдіруі бастапқы байланыстырып сөйлеу қабілеті түрінде көрінеді. Ондай сөйлемдер синтагмалар деп аталады. Жекелеген грамматикалық дағдылар қалыптасқаннан кейін балалар әр-түрлі ситуативті жағдайлар туралы қысқа сипаттама әңгімелер құрастыра бастайды. Қазақ тіліне оқытудың соңғы кезеңінде мектепке даярлық тобына балалар мынадай сөйлем дағдыларын игеру тиіс: 1. Өздеріне қаратыла айтылған сөзді толық түсіну. 2. Бір немес бірнеше адамдарға толық өзінің ұсынысын айта білу. 3. Өтініш, алғыс айтудың сыпайы түрлерін қолдана білу. 4. Жекелеген заттарға сипаттама беру. 5. Өз әрекеттерін немесе жолдастарының жасап отырған жұмыс туралы сипаттау. 6. Өзі және жанұясы туралы әңгімелей білу. 7. Жыл мезгілдерін сипаттай білу. Балаларға берілетін барлық тілдік материалдарды қорыта келіп төмендегідей әңгімелердің түрлерін ұсынуға болады. 1. Балабақша туралы сурет бойынша қарастыралатын әңгімелер: Мынау балабақша. Балабақшада балалар көп. Балабақша үлкен және әдемі. Мынау сөре. Сөреде ойыншықтар бар. Мынау доп. Мынау – қонжық, мынау қоян т.б. Біз бақшаға келдік. Анам екеуіміз сәбіз ектік. Болат ағаштарға су құйды.
Мынау аула. Аулада балалар келе жатыр. Гүлнәр қуыршақ әкеле жатыр. Маратта машина бар. Машинада қонжық отыр. Грамматикалық мағыналар сөз тудырушы морфемаларға және синтаксисте грамматикалық мағыналарға бөлінеді. Тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағыналарын білу аз. Сонымен бірге осы сөздердің арасындағы грамматикалық қатынастарды түсіну керек. Мысалы: бала лексикалық мағынаны яғни алма ағашын отырғызу сөздерінің тілдегі тысқары болмыспен ара қатынасын білуі мүмкін. Алайда алма ағашы отырғызылды немесе алма ағашын отырғызады деген сөйлемдердің құрамында жұмсалып тұрған грамматикалық мағыналарды білмейді. Егер балаға грамматикалық тұлғаның мағынасы түсініксіз болса, ол сөйлемдегіайтылғанойды да түсінбейді. Ана тілдің грамматикалық мағыналарды үйретудің қиындығы мынада: бұл мағынаны оқытушының өзі жете түсінбейді және оларды ана тілін табиғи қабылдау процесінде меңгеріп интуициялық жолмен қолданады. Грамматикалық мағыналарды меңгерудің өзі адамды ойлана білетін етеді. Ана тілдің грамматикалық мағынасын түсіну, жас жеткіншекке ақыл кіру және оның даму процесі болып табылады. Бұл процесс санадан тыс жүретінін алайда, егер бұл процесі нашар оқытылуы арқылы бәсеңдетілетін болса баланың ақыл ойының өсуі шектеліп қалады. Балалар алдын – ала аздаған сөз мөлшерін үйренбейінше дыбыстарды және сөйлем интонацияларының ерекшеліктерін білмейінше грамматикалық жаттығулар жүргізу мүмкін емес. Балалардың тілін грамматикалық формалармен байыту. Олардың сөздік қорын молайту мен фонетикалық дағдыларын дамыту процесінде жүреді. Тәрбиеші балалармен сөзбе – сөз қарым – қатынас жасағанда сабақ үстінде баланың әр сөзді анықтап, дұрыс дыбыстап айтуын бақылап, түзетіп отыру қажет. Әсіресе зат ретінде сөздер мен іс – қимылды білдіретін етістік сөздерді өзара байланыстыра сөйлеу, үлгі көрсетіп, баланың сөйлем құрап айта алуына бағдар беріп жаттықтыру қажет. Мысалы: бала сурет салып отыр, қыз доппен ойнады деген сөйлемдегі затты білдіреді және қимылды білдіретін сөздерді тапқызу. Қалай байланысып тұрғанын түсіндіреді. Коллективтік әңгіме құрап айтуға үйретеді. Бірыңғай жай мүшелі сөйлем түрінде сөйлеуге үйретуден бастаған жөн. Заттың қасиетін, оқиғаның себебін, өткен мезгілін білдіретін сұрақтарға жауап беруге үйрету. Оны Қашан? Қайда? Неліктен? Не себепті? Сұрақтарын қойып, оған жауап алу арқылы үйрету керек. Көрсетіліп отырылған 2 – 3 жасар баланың тілі өте тез дамиды. 3 жасар баланың сөздік қоры 1300 – 1500 сөзге жетеді. 4 жасар баланың сөздік қоры 2 есе көбейеді. Естиярлар тобында қазақ тілінің грамматикалық құрылысын меңгеру күнделікті өмірде, үлкендермен сөйлесу кезінде іске асады. Балалар сөйлемдегі сөздерді көбінесе жалғау, жұрнақсыз айтады. Сондықтан тәрбиешілер тіл дамыту сабақтарында жеке сөздерді жіктік, септік, тәуелді жалғауларында қолдануды, түбір сөздерден сөз тудыру тәсілдерін үйретіп отыруға міндетті.
Сондай–ақ қазақ тілінде өз алдына жеке мағынаға ие болмайтын басқа сөздерге қосылып көмекші мағына атқаратын сөздерді үйрету қажет. Бұл үшін түрлі ойыншықтарды, қажетті заттарды әртүрлі жағдайға орналастырып, балалардан сұрау қажет. Бала Қайда? деген сұраққа заттың орналасқан орнын сөзбен айтады. Мұнымен қатар “жасырылған затты тап”, “орныңды тап” деген ойынды өткізуге болады.
Балалардың сөздік қорын дамыту ерекшелігі жеткілікті, толық физиологияда, психологияда, психолингвистикада оқытылған. Мектепке дейінгі мекеменің бағдарламасы бойынша бір-бірімен сабақтас өтілетін тәрбие жұмысында баланың ой-өрісін, дүние танымын, сөйлеу тілін дамытуға баса көңіл бөлінеді. Бұл мәселені кешенді тәрбие жұмыстарының барлық саласында үзіліссіз жүзеге асырып отыру көзделіп, бағдарламада «Тіл халық қазынасы» атты тақырыпппен берілді. Балалардың сөздік қорын ауызша сөйлеу тілін ждамыту жұмыстары осы тақырып төңірегінде бір топтан екінші топқа өткен сайын сатылап күрделеніп отырады. Баланың тақырыптарға сәйкес жүзеге асады. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді үйретіп, сөз мәнісін айта білуге, оны күнделікті өмірде қарым-қатынас, дербес іс-әрекет кезінде орынды пайдалана білуге үйретіледі.
Тіл дамыту жұмысы- күрделі де шығармашылық процесс. Бала тілінің дамытуда басты назар аударылатын – олардың орындаған жаттығуларының мазмұндығы, жүйелілігі, анықтығы, мәнерлілігі, тазалығы, өрнектей түрлендіре алушылығы және грамматикалық, орфографиялық қатесіздігі. Көптеген зерттеулерге қарағанда нашар оқитын балалардың көпшілігінің тілдері нашар дамыған, ойларын дұрыс жеткізе алмайды. Керісінше, тілі жақсы дамыған бала ойын да дәл, шебер жеткізеді, оқуды да ойдағыдай меңгереді, олардың табиғат пен қоғамдағы күрделі байланыстарды дұрыс тану мүмкіндігі де соғырлұм мол болады. Балалар тілі үлкендермен және басқа балалармен қарым- қатынас жасау барысында, сөйлеу әрекеті арқылы меңгереді.
Сауат ашуға даярлық тобындағы тіл дамыту сабағы мен қазақ тілі сабағының негізгі мақсаты негізінен балалардың сөздік қорын дамыту. Серуен кездерінде түрлі заттың нақты атын, іс-әрекетін, сан-сапасын, көлемін, формасын, түр-түсін білдіретін сөздерді әр-түрлі грамматикалық тұлғада (жекеше, көпше түрде жіктеп, тәуелдеп, септеп) қолдана білу.
42 дыбыс үйретіліп, ауызша дыбыс, әріп туралы ұғымдар меңгеріледі. Үйренген дыбыстар қатысатын сөз ойластыру, оған дыбыстық талдау жасау, дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрастыру бағытында жаттығулар жүргізіледі. Сөздердің көп мағынал ыжәне бір-біріне ұқсас, жақын мағыналы болатынын ұғындырып, сөйлеу, сөйлеу кезінде орынды қолданып, ол сөздердіғ, мағыналас сөздерді дәл тауып, таңдап алуға, әдеби шығармаларда кездесетін бейнелі сөздерді тауып айтуға үйрету. Осылардың барлығы мынадай бағытта жүзеге асады:
Ауызекі сөйлеу мәдениеттілігі. Онда сөйлеп отырған адамды тыңдау, өзіне қойылған сұраққа түсініп, ойланып жауап беру. Баланы айтылу қиын р,л,с,м,щ,б,в,п,ц,ф т.б. дыбыстарды дұрыс айтып үйренуге жаттықтыру.
Грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлеуге үйрету. Онда ауызша сөйлеуге үйрету. Заттың атын білдіретін сөздер. Заттың іс-әрекетін, қимылын, заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді мөлшерін білдіретін сөздерді көмекші мағынаны білдіретін сөздерді ажырата білуге, сөйлемді сөзге талдау тәсілдеріне үйрету. Диалог, монолог түрінде сөйлеуге үйрету. Синоним сөздерді және көркемдегіш, бейнелеуіш сөздерді білдіру.
Сөйлем, сөз, буын туралы ұғымдарды меңгерту. Бұл ретте ауызша байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Берілетін білім дағдылары: оқыған шағын ертегіні, әңгімелерді түсініп, жүйелі түрде, оқиға жүйесін бұзбай, қайталмай, сөз қалдырмай, орын ауыстырмай әңгімелеуге дағдыландыру. Мазмұнды әңгіме құрап айта білу. Сол мазмұнға ұқсас оқиға жөнінде өздігінен әңгімелеп беріп сурет мазмұнын толықтырып айтуға үйрету. Өзіне бұрыннан таныс, күнделікті өмірде көріп-біліп, қолданып жүрген заттарға (үй жануарлары мен құстар, гүл ағаштар т.б.) сипаттама беру.
Төртіншіден ертегі, әңгіме, тақпақтарды сахналау. Осы тұрғыдан жаңадан меңгертілген сөздерді, бейнелі сөздерді, бейнелі сөздер мен сөз тіркестерін қолдана білуге үйрету.
Сауат ашу кезеңіндегі бадалардың сөздік қорын дамытудың екі жағы бар: сөздік қордың сандық өсуі және оның сапалы дамуы. Қысқаша тоқталар болсақ:
Сөздің сандық өсуі: Мектепке дейінгі шақ - сөздік қорды байытудың кезеңі. Алғашқы сөзді бала 1жастың аяғында айтады. Қазіргі отандық әдістемелерде бір жасқа 10-12 сөз норма деп санайды. Бір жарым жастан кейін белсенді сөздік қордың дамуы тез жүреді, екі жастың соңында ол 300-400 сөзді құрайды, ал үш жасында 1500 сөзге жетеді. Төрт жасында сөздің саны 1900ға жетеді, Бес жасында 2000-2500, алты-жеті жасында 3500-4000 сөзге жетеді.
Сөздің сапалы дамуы: А.А.Потебняның пікірінше балалардың алғашқы сөзінің мағынасында зат, әрекет емес сезімдік образ бар деген. Бала 10-11 айында сөздің дыбыстық жағына ғана емес, оның мағынасына да сезінеді. Алғашында бала үшін сөз нақты заттық бірлік негізінде болады (Үнемі ақ доппен ойнайтын балаға, өзіне таныс ақ және таныс емес үлкен түрлі түсті допты береді. «Доп қайда» деген сұраққа бала тек ақ допты көрсетеді). Біртіндеп жалпылау қабілетінің дамуымен ол берілген категорияның барлық заттарын белгілеп, айыра бастайды.
Сөздің мәнін игеру негізінде заттың қызметтік белгісі жатыр. Балалар сөздің ауыспалы мағынасын жылдам игермейді. Алғашында негізгі мағынасын игеру жүреді. Қалай болса солай сөздің ауыспалы мағынасын қолдану балаларда таңқалушылық, келіспеушілік тудырады («Ол әтешпен ұйықтауға жатты» деген сөйлемді естігенде бала «Жоқ, ол шұқиды» деп жауап береді).
Сөздің мағыналық мазмұнын белгілеу 6-7 жаста әлем, өмір жайында жаңа білімдерді игерумен байланысты. Алғашында бала сезінбей өз тіліндегі метафоралады қолданады. Мектепке дейінгілердің сөздік қоры өздері ойлап тапқан сөздермен байиды.
Балабақшада сөздік жұмыстың мазмұны мен міндеттері
Әдістемеде төрт негізгі міндетті бөліп көрсеткен:
1. Балалардың бұрыннан таныс емес сөздерді, олардың лексикондарына бар сөздердің жаңа мағынасын- игеруі, жаңа сөздермен сөздікқорды молайту.Сөздік қорды молайту алдымен жалпы қолданатын лексмка негізінде жүреді (заттардың, белгелердің, әрекеттің, процестің және т.б.атауы).
2. Сөздік қорды бекіту және анықтау. Балалар көп жағдайда заттың нақты атауын білмейді. Сондықтан белгілі сөзді тереңірек түсіну қажет, оларды шынайы өмір объектілерімен сәйкестілік негізінде толықтыру, жалпы қолданыстағы сөздерді қолдану іскерлігін дамыту.
3. Сөздік қоды белсендіру. Балалардың игерген сөздері екі категорияға бөлінеді: пассивті сөздік қор (бала түсінеді, байланыстырады бірвқ қолданбайтын сөздер) және белсенді (активті) сөздер (бала түсініп қана қоймай, оны белсенді, саналы түрде қоладанады). Балалармен жұмыста жаңа сөз балалардың белсенді сөздік қорына енгенін қадағалау керек. Ол оның тілінде бекітіліп, қайта жаңғыртылған кезде ғана жүреді.
4. Балалардың тілінде әдеби емес сөздерді алшақтату. (жаргондар және т.б.). Бөтен ортада болғанда жаман.
Жоғарыда аталған міндеттер өзара байланысқан және сәйкес терминологияны қолданбай-ақ практикалық деңгейде шешіледі.
Сауат ашу кезеңінде сөздік жұмыстың мазмұны сөздік қордың құрылуымен анықталады.
Алғашында балалар тұрмыстық сөздерді игереді: дене, бет бөліктерінің атаулары; ойыншық, ыдыс, жиһаз, киім, тамақ, ғимараттар атауы;
Табиғат құбылыстарына байланысты сөздер: өлі табиғат құбылыстарының, өсімдік, жануарлар атауы;
Жалпы сөздер: қоғамдық өмірдегі құбылыстарды білдіретін сөздер (адамдардың еңбегі, туған жер, ұлттық мерекелер, әскер және т.б.).
Эмоционалды-бағалаулексикасы: эмоцияны, сезімді (батыр, адал, қуанышты), заттардың сапалы бағасын білдіретін сөздер (жақсы, жаман, ғажап).
Уақытты, кеңістікті, санды білдіретін сөздер.
Мектепке дейінгі әр түрлі топта сөздік жұмыс мазмұны бірнеше бағыт бойынша қиындатылады. В.И.Логинова 3 түрлі бвғытты бөліп көрсетті:
· біртіндеп жоғарлайтын заттар мен құбылыстарды таныстыру негізінде сөздік қорды кеңейту;
· қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар жайында білімдерін кеңейту негізінде сөздерді меңгеру;
· нақты белгісі бойынша заттарды айыру және жалпылау негізінде қарапайым түсініктерді білдіретін сөздерді енгізу.
Сауат ашу кезеңінде сөздік жұмыс алдымен аномасиологиялық аспект (объектінің атауына назар аударылады – Бұл қалай аталады?) негізінде жүргізіледі. Осымен қатар семасиологиялық аспект (назар сөздің өзіне аударылады – Мына сөз нені білдіреді?) бойынша жүргізіледі.
Сөздік жұмыс принциптері:
-ойлау, қабылдау, қиялдың дамуымен сөздік қорды дамытудың бірлігі;
- қоршаған ортаны белсенді тануға сүйену;
- біртіндеп дамыған балалардың ойлау әрекеттерімен, қоршаған ортаны тану мүмкіндіктерімен сөздік жұмыс мазмұнының байланыстылығы;
- байланыстырып сөйлеуінің дамуымен, сөйлеудің фонетикалық және грамматикалық қалыптасуымен өзара байланысындағы сөздік жұмыстың барлық міндеттерін шешу.
Сөздік жұмыстың әдістері мен тәсілдері:
Әдістің екі тобы бар: балалар сөзінің мазмұнын толықтыру әдісі (қоршаған әлеммен таныстыру және сөздік қорды байыту әдісі); сөздік қорды белсендіруге және бекітуге бағытталған әдістер.
Әдістердің бірінші тобына: заттарды қарау және зерттеу, бақылау, балабақша ғимаратын қарау, мақсатты саяхат, толық таныс емес суретті қарау, көркем шығарманы оқу, кино, бейнефильмдер көру енеді.
Негізінен, сөздік қорды белсендіруде басты орынды ойын алады. Сюжетті-рольдік ойындарда тұрмыстық тақырыптарда, тұрмыстық сөздер, ал өндірістік тақырыптағы ойындарда – кәсіби лексика, құрылыс ойындарында – заттардың кеңістікте орналасуын және сапасын, қасиетін білідіретін сөздер белсендіріледі.
Сөздік жұмыс бағдарламаның басқа бөлімдері бойынша барлық сабақтарда жүргізіледі. Мысалы: бейнелеу өнері сабағында балалар заттардың, жабдықтардың, материалдардың, олардың қасиеттерінің атауын игереді. Мысалы: «Балалар егер дөңгелек шарға таяқшаларды жапсырса, қандай зат болар еді?», немесе, «Егер саздан жасалған таяқшаны майыстырса, не шығар еді?» Егер балалар жауап беруге киналатын болса, онда тәрбиеші өзі түсіндіріп, шыққан заттарды көрсетеді. Болмаса бұрын саздан жасалған фигураларды көрсетеді.
Саздан өздігінше мүсін жасауды былайша ұйымдастыруға да болады. Тәрбиеші: «Балалар, менде шарик және таяқша бар. Ал сылдырмақ жасау үшін не істеуім керек?»дейді. Немесе әрбір балаға екі-екіден шарик пен таяқшалар береді де: Осылар арқылы бір ойыншық жасаңдар!» деп тапсырма береді. Балалар өз беттерінше заттардың мүсінін жасап жатқанда тәрбиеші оларға сұрақтар қойып, кеңес беріп отырады. Дұрыс шешім қабылдауларына жәрдемдеседі. Қорыта айтқанда, әр-түрлі тісілдермен әдістерді меңгеру балаларға саздан мүсін жасауға өз сенімдерін арттырады.
Тәрбиеші сабақ кезінде заттың формасы калай жасалғандығы, композициясы, іс-әрекеті, пропорциясы қалай берілгендігі жөнінде әрбір баланыњ қимыл-қозғалысын қадағалап отырады. Тәрбиеші балаларды өзінің сұрақтарымен, кеңесімен тақырыпты қызықты да, дұрыс шешуге бағыттайды. Егер бала ойнап жүрген мысық балаларын балшықтан жасаймын деп оларды қозғалмайтын жағдайда жасап қойса, тәрбиеші балаларға: «Ойланшы, ойнап жүрген мысық балаларына ұқсау үшін мүсінге не істеу керек?»— деп ойландыратын сұрактар қояды.
Егер бала қиналатын болса, ересек адам сұрақты анықтап қояды: «Ойланшы, бір-бірімен ойнап жүрген мысық балаларының аяқтары калай болады?» Мұндай сұрақтар балаларға тура кеңес бермейді, бірақ оларды сабақ үстінде бейне жайында, ойлауға мәжбүр етеді. Заттың түрін, пропорциясын балалар дұрыс келтіре алмай қиналатын болса, онда балалармен жекелей жұмысқа көшу керек. Балаға ойыншық суретті көрсетіп, осылар жайында оның ойын білу керек. Тіпті, болмаған жағдайда оѓан басқа балшық кесегіне жабыстыру әдісін көрсету керек.
Сөздік қорды дамыту әдістемесінің жалпы сұрақтары
Сонымен, сөздік қорды дамыту әрекеттің әр түрлі түрлерінде жүзеге асады. Мектепке дейінгі балалардың тілінің дамуы тек ғана сабақтарда ғана қадағаланбай сонымен қатар режимдік сәттер, серуендер барысында үлкендер мен балалармен қарым-қатынасы процессінде, тәрбиешінің басқа сабақтарында бекіту жұмысы түрінде өту керек. Ал сөйлеу икемдері мен дағдыларды бекітуінің тиімді жолдарының бірі – сазды және дене тәрбиесі бойынша өтетін сабақтар, яғни балалар әртүрлі ертеңгіліктерге, ойын-сауықтарға қатысып, өлең айтып, тақпақтарын оқиды, қазақ тілінде қысқаша сахна - бейнелерді көрсетеді, қазақ халқының ұлттық аспаптарымен танысып (жетіген, домбыра, қобыз, асатаяқ, дауылпаз), олардың үндерін айыруға үйренеді. Қазақ тілін меңгеру процессін белсендіруі үшін, тәрбиелік мағынасы бар және сөйлеу икемдері мен дағдыларын қалыптастыратын әртүрлі қарым-қатынастардың ахуалдарын ұйымдастыра білу керек. Бұл бағытта мұғалім мен тәрбиешінің, мұғалім мен мектепке дейінгі мекеме қабырғасында қызмет атқаратын басқа мамандар арасында өзара әрекет болуы жөн.
Оқытудың гуманизация процессі сабақта қолданатын оқу жұмысын ұйымдастыруының иілмелі формаларын ізденісін, ойлау стереотиптерін меңгеруін алдын-ала болжайды. Бұндай формалардың бірі – шағын топтарда жұмыс істеу. Танымдық белсендіктің тәсілдерін зерттеу мектепке дейінгі баланың шағын топта жұмыс істеу барысында өз білімдерін серіктерінің білімдерімен салыстырып жүретінін көрсетті. Шағын топта құрылған жағымды жағдай балалардың белсендігін жоғарылатады, ал мұғалім өз жұмысының тиімділігі мен әр баланың және де өзіндік кемшіліктерін көрнекі көріп, оларды жүйелеп жояды. Жұмыс тәжі-рибесі бірлесіп оқыған жеңіл және тиімді екенін көрсетті. Мысалы: балалар тобы екі жартылай топқа 7-8 адамға бөлінеді. Әр жартылай топ жалпы тақырыптың бөліміне жататын бір тапсырма алады. Әр баланың жекеше жауаптары былай белгіленеді: әр жартылай топтың табыстығы әлде сәтсіздігі оның мүшесінің сәттік әлде сәттсіздік жауабына байланысты. Бұндай жағдай жартылай топтың барлық мүшелерін материалды игеру, түсінуінде бір-біріне көмекке келуге ынталандырады.
Оқыту бойынша қолданатын лексикалық тақырыптар ( «Отбасы», «Балабақша», «Қазақстан – менің туған өлкем», «Туған қалам», «Қазақстан табиғаты», «Көлік түрлері», «Халық салт-дәстүрлері», «Кәсіптер», т.б.) жеке тұлғаның дамуымен байланысты. Қазіргі сәттегі жеке тұлға – қоршаған әлеммен өзара әрекетке түсетін мектепке дейінгі бала. Лексикамен танысу аудирование арқылы өтеді. Қазақ тілі бойынша берілетін материалды табысты есте сақтау үшін озық оқытудың технологиясын қолданады.
Сауат ашуға дейінгі баланың психологиялық ерекшеліктері мен оның көрнекі-бейнелік ойлау қабілетін ескеріп, педагогтар баланы халық педагогиканың қайнар көзіне қатыстыру керек – салт-дәстүрлерімен сахналау арқылы таныстырып, олардың қойылуында ауызша халық шығармашылығын кең пайдалану жөн (мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ырымдар; Құрманғазы, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова сияқты ұлы сазгерлердің күйлерін тыңдау). Осындай сабақтарда балалар өздерінде Отан-шылдық, қайырымдылық, игілік сияқты рухани қасиеттерін тәрбиелейді. Педагог алдымен өз жұмысын дұрыс жоспарлап, бағыттаса, бұндай жан-жақты ұйымдасты-ру тілдік ортаға «батудың» себепшісі болып, мектепке дейінгі балалардың қазақ тіліне оқыту процессінің тиімділігін жоғарылатады. Және де 6 жастағы бала үшін тіл меңгеруі – еңбекшілдік, жігердің байсалды сынауы болып шығады. Ал бұл қасиеттер балада тек ғана жаңа - жаңа салынады. Сондықтан мектепке дейінгі бала педагогтардың психологиялық қолдауы мен көмегінде мұқтаж болады. Баланы қателік жасаса да, одан қорықпай, саспай, қайтадан сұрап, қайталауға үйрету және тәрбиелеу керек. Өкінішке орай мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет атқаратын қазақ тілі мұғалімдеріне мамандық бойынша білім алатын орын жоқтығының мәселесі тікелей тұр, яғни олардың арасындағы көбісі бұрыңғы тәрбиешілер, әлде мектеп профильдік қазақ тілі және қазақ әдебиеті мұғалімдері.
Мектепке дейінгі балалардың балалық шағының ерекшеліктерін алдын-ала ескеріп – олардың тез шаршағандығын, қозғалыс және эмоционалдық тиянақсыздығын – сабақ барысында іс-әрекеттің түрлерін жиі айырбастау жөн.
Бұған тапсырмалардың әр - түрлерін орындауы: диалог, ребус, сөзжұмбақтарды шешу; дидактикалық ойындар, логикалық ойындар, «Танысу», «Дүкенде», т.б. тақырыптарға қарай сұқбаттарға үйрету; сабақ соңында сурет салу; міндетті түрде комментарий беріп, бояу; буындарды әріптерден, буындардан сөз құру, дауысты дыбыстарды танып, оларды дауыссыз дыбыстардан айыру, геометриялық пішіндер мен түстерді танып айту; реттік, кері, тұра санауларды білу; тақпақ, өлеңдер, жаңылтпаштарды таза айтуға дағдыландыру.
Ойын – мектепке дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрі. Сондықтан, ойын арқылы қазақ тілінде сөйлеуге оқыту – маңызды әдіс. Ойынды сүйемелдеу факторлары – қызығушылық, әуестік, қуаныш сезімдері – оқыту процессін жеңілде-теді. Ойындар мектепке дейінгі баланың ауызша сөйлеу дағдылары мен икемдерін жетілдіруі үшін қолданады. Бұл себепке қарай, оқыту процессінде ойынды күрде-ліндіру барысында жүйелік, жеңілдік, көрнекілік принциптерін сақтауы қажет. Рөльдерде, ертегілерде ойнау балаларда әрдайым табыстық табады. К.Д. Ушинскийдің айтуынша «Бала табиғаты көрнекіліктерді талап етеді. Баланы белгісіз бес-алты сөзге үйретсеңіз, ұзақ және текке қиналасыз, ал егер суреттермен, көрнекіліктермен жиырма сөз үйретсеңіз, бала оңай – ақ меңгеріп алады». Балалар нақты ойлайды, сондықтан көру образы жақсы жадында сақтайды және есінде көпке дейін қалдырады.
Балалар ертегілік кейіпкерлерді, хайуанаттар мен құстарды бейнелеп, өздерінің шағын мәтіндерін жаттап, ертегілер бойынша қойылған театрланған көріністерге белсене қатысады. «Отбасы», «Балабақша», «Емхана», «Шаштараз», «Дүкен», «Қонақтар үшін дастархан жаямыз» атты сюжеттік-рольдік ойындар барысында балалар қоршаған әлемнен алған таныс бейнелерді көрсетіп, орындайды. Бұл мақсатта қимылды («Күміс алу», «Тақия тастамақ», «Орамал», т.б.), дидактикалық ( «Лото», «Лабиринт», «Домино», «Саңырау телефон», «Артық сан», «Оң жақта не бар, сол жақта не бар?», «Түстер», «Геометриялық пішіндер», «Мына заттарды бір сөзбен ата», сөздік «Ассоциациялар», «Не жүзеді ?, не батады ?», «Не артық?», «Жекеше - көпше», «Ұшады - ұшпайды», т.б.) ойындары кең қолданады. Сабақ барысында оқыту тиімділігін жоғарылататын сәттер: оқытудың әртүрлі тәсілдерін алмасуы, ойындық тапсырмалардағы нұсқаулар, көрсетулер, түсіндірулер. Мысалы, мұғалім «иттің» суретін әлде ойыншығын көрсетеді, ал балалар оны атап, не істейтінін айтады: «үреді», «күзетеді». Ересек топтағы балалар сөйлем құрайды.
Қандай тіл болмасын оның лексикалық байлығы мен оралымдылығы синонимдер арқылы көрінеді. Ал, қазақ тілі синоним сөздерге ең бай тілдің бірі болып табылады. Бастауыш сыныптарда синонимдер туралы ешқандай теориялық мәліметтер берілмейді, бірақ олармен жұмыс жүреді. Сөздік жұмыстарының ең маңызды бөліктерінің бірі – оқушылардың үйренген сөздерінің белсенділігін арттыру. Ол үшін сабақ сайын жүйелі түрде арнаулы тапсырмалар ойластырылып отыруы керек.
— Үйренген сөздерін кірістіріп сөз тіркестерін құрау;
— Үйренген сөздерін қатыстырып сөйлем құрау;
— Осы сөздерді қатыстырып мәтінге жақын әңгімелеу т.б.
Оқушы өзінің үйренген сөздерін ауызекі сөйлеу тілінде қолдана білсе, оның ақыл ойын дамытуға әсер етеді. Бұл жөнінде Л.Н.Толстой: «Балаға үйренген сөзін қолдана білуіне жағдай жасау керек, үйренген сөзін сөйлеу тілін өзінің ауызекі сөйлеуінде бір рет қолданса, ол өзінің жеке меншігіне айналады» — деп айтқан еді. Демек, сөзді орынды қолданып, оның мағынасын жетік білетін бала өз бетімен сөйлем құрап, оның мағынасын түсініп, сөйлеу тілінде шебер қолданатыны сөзсіз. Оқушыны өз ойын айта білумен бірге жаза білуге де дағдыландыру керек. Грамматиканы, синтаксисті жақсы меңгерген оқушы сөз тіркесін дұрыс біліп, сөйлем құрастыра алады. Мұғалім сөз тіркесін және сөйлемді құрату арқылы оқушыны тілдік фактілерді орынды қолдана білуге, әсіресе синонимдік қатарларды, сөзді талғап, таңдап қолдануға үйретеді. Сонда ғана баланың жазған мазмұндама, не шығармасы талапқа сай болады, 345 жазба тілі дамиды. Ауызша тіл кітап оқу, әңгімелеу арқылы көрінсе, жазбаша тіл дамыту мазмұндама, шығарма т.с. жазу жұмыстары арқылы іске асады. Бұл жұмыстардың қайсысы болсын, сөз арқылы оқушыны дәл ойлауға, үйретуге, оның творчестволық қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. Ауызша және жазбаша (мазмұндама, шығарма) жұмыстарын дидактикалық принципке сүйене отырып оқушылардың ойы мен тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Қазіргі заман талабы қазақ тілін жас ұрпаққа үйретудің тиімді әдістемесі жасалуын қажет етіп отырғаны белгілі. Өйткені, қазір қазақ тілінің қоғамдық қарым-қатынастың барлық саласында қолдану аясы кеңи түсуін қамтамасыз ету міндеті қойылуда. Ана тілінде дұрыс сөйлеп, сауатты жаза білу әр адамның азаматтық парызы болып саналады. Халқымыздың тарихи асыл мұрасы тілді болашақ ұрпаққа жеткізе, олардың сана-сезімдерін, дүниетанымын кеңейтіп, ой дәлдігіне сөз жүйелігіне, тіл тазалығына төсілдіру – аса игі іс. Мектептегі білім беру жүйесіне көз жіберсек, ана тілін оқытудағы басты мақсат – баланың ой-өрісіне, сөйлеу мәдениетіне үйретіп, шешен де шебер сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Сондықтан мәтінді талдауға байланысты жүргізілетін жұмыс түрлерін бір жақты ұйымдастырмай, оқушылардың сөйлеу, пікір алысу дағдыларын ұштай түсу мақсатын көздеп отырған жөн. Сөйлеу – физиологиялық та процесс. Бала мектепке дейін-ақ едәуір дәрежеде ана тілінде сөйлеу дағдыларын алады. Ал мектепте әдеби тілдің нормасы, грамматикалық синтаксистік заңдарымен танысады. Дұрыс жаза, сөйлей білу дағдыларын жетілдіріп тіл байлығын молайта түседі. Ал, тіл дамыту бірсыпыра ғылым өкілдерінің бірігіп шешуін талап ететін психологиялық, педагогикалық, лингвистикалық проблема. Тіл дамыту қазіргі мектептің оқу-тәрбие ісіндегі басты проблема – оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу, сөз байлығын арттыру, ойлауын дамыту т.б. қамтиды. Баланың ойлауын жетілдіріп, тілін байыту жолдарының бірі – сөздік жұмысын жүргізу. Сөздік жұмысы мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдрды түсіндірумен ғана бітпейді. Ол жаңа ұғымдар жасау, заттың жаңа қасиеттерін табу т.с.с жұмыстармен тығыз байланысты. Мұндай жұмыстар оқушының ойын, тілін дамытады, эстетикалық талғамын арттырады. Тіл дамыту жұмыстары мынадай принциптерге негізделе жүргізіледі: Сөйлеумен ойлаудың бірлігі принципі Ауызекі сөйлеу мен жазба тілінің бір-бірімен байланыстылық принципі.
Грамматика, орфография, пунктуация және әдебиетпен байланыстыра жүргізу принципі. 346 Сөздік жұмысын үнемі бір қалыпта жүргізуден оқушы жалығады. Сол себепті оны мүмкін болғанынша, түрлендіріп отырған жөн. Осы мақсат тұрғысынан жүргізілген жаттығу жұмысының бірінде көркем мәтінде кездескен мағынасы түсініксіз сөздерді оқушыларға бірде олардың синонимдері арқылы түсіндірсек, енді бірде қарсы мәнді сөздерді ойластырамыз. Мұндай жаттығу жұмыстары түрленіп қана қоймайды, бұл тапсырманы орындау нәтижесінде тіліміздегі сөздердің жақын мағыналы және қарама-қарсы мәнді болып келетінін таниды. Сөйтіп, олар білімнің жаңа бір басқышына көтеріледі. Сондай-ақ затты табиғи жағдайда бақылау, экскурсия, суреттерді және анықтама беру арқылы, морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы сөздердің мағынасын түсіндіруге болады. Сонымен бірге тіліміздегі архаизм, неологизм, жергілікті сөздерге де арнайы жаттығулар жүргізуге болады. Мұндай жұмыстар оқушының ойлауын дамытып, орынды сөйлей білуге үйретеді, сөздігін жаңа ұғымдармен молайтып, логикалық ойлауын жетілдіре түседі. Оқу сабағында мәтінді дұрыс қабылдау үшін сөздік жұмысын жүргізбейінше, мақсатқа жету мүмкін емес. Сондықтан сөздік жұмысы сабақтың өн бойынан орын алу керек.
Бастауыш сынып оқушысының сөйлеу әрекетінің белсенділігі оның сөз байлығына тікелей қатысты. Әдістемеші-ғалым С. Рахметова оқушылардың сөздік қорын дамытудың төмендегідей бағыттарын көрсетіп берді: а) жаңа сөздер үйрету және осы үйренген сөздерінің, сондай-ақ балалардың бұрыннан сөздік қорында бар сөздердің мағыналарын үйрету; ә) көркем мәтіндегі бейнелі құралдарды үйрету; б) синонимдермен, омонимдермен жұмыс; в) антонимдермен жұмыс; г) көп мағыналы сөздермен жұмыс; д) қанатты, нақыл сөздермен жұмыс; е) мақал-мәтел, жаңылтпаштарды үйрету; ж) оқушылардың үйренген сөздерін қолдану белсенділігін арттыру [1, 25 б.].
Т. Әбдікәрімованың «Бастауыш класта текст арқылы тіл дамыту» диссертациялық еңбегінде оқушылардың сөздік қорын байыту текстегі түсініксіз сөздерді түсіндіру арқылы жүргізілетіндігін қарастырды. «Әр текст оқушыны оның сан алуан саласымен ғана таныстырып, білім беріп қоймайды. Сонымен байланысты сөздермен де таныстырады. Ол сөздердің біразы оқушыға таныс емес. Сөздерді оқушының сөздік қорына қосу, сөз байлығына айналдыру – жұмыстың негізгі міндеттерінің бірі», – деп атай отырып, оқушыларда бірінші сыныптан бастап сөздік жұмысын жүргізу керектігін, сонда олар жоғары сыныпқа барғанда өздерінің сөз байлығын молайтуға саналы қарай алатынын, сонымен қатар мектепте сөздік жұмысын жүргізу өте жақсы қалыптасса, ол адам кейінгі жоғары сыныптарда да сөздік жұмысын өздігінен жүргізе алатындығын, бұл оқушының сөз байлығын толықтырып, санасын қалыптастыратыны туралы ой қозғайды [2]. Бастауыш сынып мұғалімі сөздік жұмысын жүргізгенде бұл сөздердің активті не пассивті сөздікке енетіндігін есепке алуы қажет. Оқушылардың көптеген сөздердің мағыналарын, жұмсалу аясын жақсы түсініп, сөйлеген сөзінде, жазған жазуында еркін пайдалануын актив қор дейміз. Ал бірқатарымыз сөздерді пайдаланып тұрғанда мағынасын түсінеміз, бірақ ол сөздерді еркін пайдаланбаймыз, өйткені оларды жақсы білмейміз. Сондай еміс-еміс естілетін, жадыңа әбден ұяламаған, бірақ өзің шала білетін сөздерді пассив сөздік қор деп атаймыз [3, 98 б.]. Демек пассив сөздік қор қатысым әрекетінде сөздерді түсіну негізінде пайда болса, актив сөздік қор сол жинақталған сөздер көмегімен ойыңды, сезіміңді жеткізу негізінде құралған сөздер жиынтығы. Баланың белсенді сөздік қоры оның күнбе-күн пайдаланып жүрген сөздер есебінен құралады. Ал белсенді емес сөздік қорын белсенді қордың қоймасы деуге болады. Алайда, оқушының сөздігін үнемі толықтырып отырумен бірге, ол сөздік қордың оқушылардың сөйлеуінде атқаратын қызметіне де көңіл бөлу керек.
Қорытынды
Қорыта келгенде, сөздіктермен жұмыс тек оқулықтағы жаттығуларда берілген мағынасы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндірумен ғана бітпейді, сонымен қатар ол жаңа ұғымдар жасау, заттың жаңа қасиетін табу, жаңа көріністерді байқату сияқты жұмыстармен тығыз байланысты. Мұндай жұмыстар оқушылардың ойын, тілін байытады, эстетикалық талғамын арттырады. Мұндағы мұғалімнің мақсаты – оқушылардың сөздіктерден сөздің мағынасын біліп қана қоюға емес, сол сөздердің сөйлемдегі орын тәртібін меңгерту бағытында жұмыс жүргізу, сөйлеу әрекетінде белсенді пайдалануына жағдай жасау керек. Әдіскер-ғалым С. Рахметова: «Сөздік жұмысы сөйлем құрау үшін де, байланыстырып сөйлеу үшін де негіз болады, ал әңгіме айтуға дайындық жасау сөз бен сөйлемсіз іске асуы мүмкін емес», – деп көрсетеді [1, 25 б.]. Сондықтaн дa қaзaқ тiлi сaбaқтaрындa сөздіктермен жұмыс бaлaның сөздiк қорының көлемiн ұлғaйтуды ғaнa емес, бaлaның ұғынуынa қиындық келтiретiн сөздi сөйлеу әрекетiнде белсендi пaйдaлaнуынa бaғыттaлып жүргiзiлгенi дұрыс. Сөздіктерден aлғaн бiлiмдерi iс жүзiнде оқушылaрдың өзiндiк жұмыстaрындa және қaрым-қaтынaсындa пaйдaлaнылaды. Сөздiктердi пaйдaлaнa отырып, сөздiң бiрнеше мaғынaсы болaтындығын, бiр мaғынaны бiрнеше сөз aрқылы беруге болaтындығын сөздердiң қaрaмa-қaрсы мaғынaлы болып келетiндiгiн т.с.с. бaйқaтылып, ондa қaлыптaсқaн бiлiктер мен дaғдылaрын, лексикa ғылымының теориялық зaңдылықтaрынa сaй күнделiктi қaрым-қaтынaс кезiнде қолдaну нәтижесiнде жүзеге aсырылaды. Сонымен лингвистикалық сөздіктермен жұмыс бaлaның сөздік қорының молaйып, оның сөйлеу мәдениетiнiң, оқу бiлiктерi мен дaғдылaрының қaлыптaсуынa және оны күнделiктi сөйлеу әрекетiнде қолдaнулaрынa ықпaл етедi.
Пайдаланған әдебиеттер:
Рaхметқызы С. Бaстaуыш сыныптaрдa оқушылaрдың тілін ұстaрту. -A.: Рaуaн, 1997. – 141 б.
Әбдікәрімовa Т. Бaстaуыш клaстaрдa текст aрқылы aуызшa тіл дaмыту // Пед. ғыл. кaнд. дисс. – Aлмaты, 1993. – 165 б.
Бaлaқaев М., Серғaлиев М. Қaзaқ тілінің мәдениеті. – Aлмaты: ZИЯТ PRESS, 2006. – 140 б
Омарова, Г. Ж. Сөздіктерді пайдалануда бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекетін дамыту мүмкіндіктері /
Г. Ж. Омарова. — Текст : непосредственный // Молодой ученый. — 2019. — № 18.1 (256.1). — С. 12-13. — URL: https://moluch.ru/archive/256/58712/ (дата обращения: 01.05.2023).
Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – Алматы 2005.
Бектуров Ш.Қ. Қазақ тілі. Лексика. Фонетика. Морфология. Синтаксис. Алматы Атамұра 2006.
Достарыңызбен бөлісу: |