Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі


тақырып. 1-сыныптағы жазу."Жазу дәптерін" пайдалану тәртібі



бет19/97
Дата05.06.2023
өлшемі0,55 Mb.
#98990
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   97
Байланысты:
ана тілі оқулық

тақырып. 1-сыныптағы жазу."Жазу дәптерін" пайдалану тәртібі


    1. Жазу дәптеріне қаламмен жаздырту.

    2. Дәптердің сыртын толтыру.

    3. Әр жазу жҧмысының аралығына кҥн, ай аттарын жазбау.

    4. Әр жазу сабағында жҥргізілетін жазу жҧмысының кӛлемі не жҧмыс мӛлшері дәптердің жиек сызығына созылған қызыл дӛңгелек /о/ белгілерінің аралығы екенін аңғарту.

    5. Әрбір жаңа әріпке байланысты берілген суреттерге әңгіме қҧрастырып және оның дыбыстық, буындық қҧрамын кӛрсететін сызбамен жҧмыс жҥргізу.

    6. Әр әріптің жазба тҥрінің кіші және бас әріптерімен толық таныстыру барысында олардың ӛзара байланысына, жалғасуына назар аудару. Әріптің қҧрамы қанша элементтен тҧратыны кӛрсетілген жолға жазғызбау, ашық қалдырту.

    7. Тік тӛртбҧрыш ішінде берілген заттар ҥлгісінің ҥстінен жҥргізу.

    8. Жазу жолының басында қара тҥспен әріптің жазу ҥлгісі кӛрсетілгенін, ал қызыл тҥспен берілген ҥлгілер, бастырып жазуға арналғанын ескерту.

Бірінші сыныптағы жазу сабағын жҥргізудің ҥлгісі


Сабақтың басында мҧғалім балалардан қалам, қарындаштарын партанық қаламға арналған ҧясына қоюларын талап етеді. Содан соң олардың тыныш отырып, мҧғалімнің айтқан сӛзіне зейін қойып тыңдауы қажет екені ескертіледі. Соңынан: "Қазір біз жазу жазып ҥйренеміз. Біз жазуды неге жазамыз?" - деп сҧрайды. Балалардың кӛпшілігі: "Дәптерге" - деп, жауап береді. "Тақтаға" -деп, жауап бергендері болса, оны да мақҧлдау керек. Осыдан кейін сырты кҥні бҧрын толтырылған дӛптерді таратып, онымен таныстыра бастайды. Ішкі, сыртқы беттеріне назар аудартады. Дәптердің ішкі бетінде не барын, не жазылғанын, нені кәріп тҧрғандарын сҧрайды. Дәптердің бетінде жазу жазатын сызық және одан басқа кӛл-беу сызылған сызықтар бар екені тҥсіндіріледі. Бҧл сызықтар тҥзу, әрі жіңішке сызылған. Оны біз аса ҧқыптылықпен қарасақ, дәптер бетіндегі жолдарды кӛреміз. Кәне, қарайық! Міне, бірінші сызық, міне, екіншісі, т.с.с. жазу жолдары. Бір бетте қанша жазу жолы барын санап шығыңдар" - деп, санатып шығу керек. Бҧдан кейін мҧғалім жазу кезіндегі ережені /қаламды, қарындашты ҧстау/ қалай орындау керектігі тҥсіндіріледі. Қалам-қарындаштарды ҧштау ҥлкендер кӛмегімен алдын ала дайындалып қойылады.

    1. Қаламды оң қолмен ҧстайды. "Оң қолдарың қайда?" Олар оң қолын кӛрсетеді. Қаламды оң қолдарына алуды, оны ҧстауды тҥсіндіріп, әрі нақты тҥрде кӛрсетеді. Қаламды ҧстап тҧрған ҥш саусақ жазу барысында жылжып отыратынын, ал соңғы саусақ алақанға сәл бҥгіліп тҧратынын айтып тҥсіндіреді. Қаламды қатты қысып ҧстамау керектігі, жазғанда батырмай жеңіл, кҥш тҥсірмей жазу қажеттілігі ескертіледі. "Егер қаламды дҧрыс ҧстаған болсаңдар, сҧқ саусақты қалам ҥстінен жоғары кӛтергенде, қалам тҥспей, қалған екі саусақ /бас бармақ пен ортаңғы саусақ/ оны ҧстап тҧра алады", - дейді.

Оқушыларды сабақты әрі қарай жҥргізуге дайындап болған соң мҧғалім: "Кәне, дәптердің бірінші жазу бетінде не бар, қандай жолдар мен сызықтарды кәріп тҧрсыңдар?" - дейді. - Ненің суретін кәріп тҧрсыңдар,
осы сызықтардың ҥстінен қарындашпен жҥргізе аласыңдар ма" - деп сҧрайды. Содан соң сурет сызығында-ғы кӛлбеу және тік сызықтардың ҥстінен бастырып жаздыртады.
Бҧдан кейін жазу жолына жазып ҥйрену жаттығулары жҥргізіледі: екі кӛлбеу сызықты тҥйістіріп жазу, жол ішінде жазу. Жол басындағы қара тҥстің ҥлгі екендігі, ал қызыл тҥспен сол ҥлгіні бастырып жазу қажеттігі тҥсіндіріледі. Қаламды қалай қарай бағыттап жазу қҧс тілімен /стрелкамен/ кӛрсетілгені ескеріледі. Әрбір жазу бӛліктерінің /элементтерінің/ ара қашықтығы кӛзбен мӛлшерлеп, тең қашықтықта жазуға дағдыландырылады.
Жазу сабағының арасында балалардың жазу қимылын ҧзақ уақыт жасай алмайтындығы ескеріліп және саусақтың бҧлшық еттері талғандықтан, міндетті тҥрде сергіту минуттарын жҥргізіп отыру жҥктеледі.
Осы бірінші сабақта жоғары сызық, тӛменгі сызық, жазу жолы, жоғары сызықтан бастау, тӛменгі сызықтан бастау, жоғары кӛтерілу, тӛмен тҥсу, сызықңа жазу, сызық арасына жазу, сызық ортасынан бастау, т.с.с. тҥсініктер мен ҧғымдар таныстырылады да, келесі сабақтарда олар бекітіліп одан әрі жаңа ҧғымдармен толықтырылып отырады.
Сабақ аяғында балалардың жазу жҧмыстарына ауызша баға беріліп, қорытынды жасалады.
Ҥйге жазуға тапсырма берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет