Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы білім министрлігі



бет36/97
Дата05.06.2023
өлшемі0,55 Mb.
#98990
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97

Жұмбақтар:


Бейбіт ӛмір нышаны,
Самғап кӛкке ҧшады. (Кӛгершін). Кӛктемде қҧстар қайтқанда,
Ең алдымен келетін, Ӛзіміз кҥтіп алатын, Ҧя жасап беретін.
Бҧл қандай қҧс, балалар? (Қараторғай).

    • Балалар, ӛздерің де жҧмбақтар білетін шығарсыздар. Соларды ортаға салып, бәріміз бірлесіп шешейік (Балалардың жҧмбақтары).

Сӛзжұмбаұ "Құстар"


  1. Қыз есімімен аталатын қҧс.

  2. Қҧстар мекені.

  3. Ӛзі ҧсақ, ӛзі сақ

Шықылықтап тҧрмайды Қҧйрығы ҧзын, ӛзі ала Бҧл қандай қҧс балалар?

  1. Орман еншісі.

  2. Қҧс тӛресі.

  3. Қыста қыстап қалатын қҧс.



Жауаптары:


  1. Қарлығаш.

  2. Ҧя.

  3. Сауысқан.

  4. Тоқылдақ.

  5. Аққу.

  6. Қарға.

    • Балалардан осы сабақтан тҥсінгендерін сҧрау және соған жауап алу. Сабақты қорытындылап, тағы да тәрбие сағатын ӛткізуді айту, алдағы уақытта саяхатқа шығуды ескерту:

    • Оқушылармен қоштасу.

"Орманға серуен" сабағы


Сабақтың мақсаты: Жыл бойы ӛткен тақырыптарды қайталай отырып, оны ойын тҥрінде бекіту. Сабақты қоршаған ортамен дамыту. Оқушылардың байланыстыра сӛйлем қҧрап және Кӛркем жаза білу әдетін әрі қарай қалыптастыру. Сӛйлем тҥрлерін, сӛз топтарын, олардың ережелеріне оқушылардың қалай меңгергенін тексеру. Оқушыларды табиғатқа сҥюге тәрбиелеу.
Кӛрнекіліктер, қима суреттер, плакаттар.
Қолданылатын әдістемелік тәсілдер сҧрақ-жауап, кӛрсету, тҥсіндіру әдістері.

Сабақтың барысы


Мҧғалім: - Балалар, бҥгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Себебі, біз бҥгін орманға серуенге барамыз. Серуенге баруға дайынбыз ба?

    • Дайынбыз!

Мҧғалім: - Кеттік ендеше! Мында назар аударыңыздар, бізді орманнан ызыңдаған аралар қарсы алады (Аралардың суретін кӛрсетеді). Кәне, бәрің де осы араларға қҧсап ызыңдап алдарыңыздағы кітаптарыңызды ашып, оқи қойыңыздар.
(Балалар біркелкі дауыспен дауыстап, алдарындағы балаларға арналған әдеби кітаптарын ашып оқи бастайды. Осылай оқыту әдісі әрқашанда әр сабақтың кіріспе бӛлімінде қолданылып отырылады, 2-3 минут).
Мҧғалім: - Жарайды, ӛте жақсы. Енді дәптерлеріңді ашып, тақтадағы бҥгінгі ай, кҥн аттарын, мына жаңылтпашты ӛсем етіп кӛшіріп, жазып ала қойыңдар. Жазуымыз кӛркем, әдемі болу ҥшін денемізді тік ҧстаймыз. Шынтағымыз парта ҥстінде жатсын, дәптерді сәл қиғаштап қоямыз.
(Ӛзім кӛрсетіп, кейін парта аралап қадағалаймын). Жаңылтпаш: Бал араға, балға
Бара ала ма бала?
(Дауыстап оқылып, жаңылтпаш жатталады, тез жаттаған оқушы бағаланады).
Мҧғалім: - Қараңыздар, балалар біздің араларымыздың омартасына бал аюы бал ҧрлауға келіпті.
(Суретте аю ағаштың қуысындағы балға әрмелеп келеді, аралар оны жан- жағынан талауда).
Мҧғалім: - Балалар, біз осы сурет бойынша сӛйлемдер қҧруымыз керек.
Қане, кім айтады, сӛйлемнің неше тҥрі бар?
("Сӛйлемнің ҥш тҥрі бар. Олар: лепті сӛйлем, хабарлы сӛйлем, сҧраулы сӛйлем"- деген жауап алынады).
Мҧғалім: - Ӛте дҧрыс. Енді сендер осы суретке қарап бір сҧраулы, бір лепті, бір хабарлы сӛйлем қҧрауларың керек.
(Тақтаға кезекпен ҥш бала шығарылып, ҥш сӛйлем жазады. Қалған балалар дәптерлеріне орындайды).
Мҧғалім: - Серуенімізді жалғастырамыз. Біз орманнан гҥлдер теріп алған едік. Енді осы гҥлдермен ойын ойнайық.
(Балаларға гҥлдер таратылады, "Сары гҥл - зат есім, қызыл гҥл - сан есім, кӛк гҥл - сын есім, жапырақ -етістік" екені тақтаға жазылады).
Мҧғалім: - "Жасыл шӛп жайқалды" (Сӛйлем оқылды).
Оқушылар кӛк, сары гҥлді және жапырақты жоғары кӛтеріп кӛрсетеді.
Ӛйткені: жасыл - (қандай?) - сын есім (кӛк гҥл) шӛп - (не?) - зат есім (сары гҥл). жайқалды - (неғылды?) - етістік (жапырақ).
Мҧғалім: - Орманда біз серуендедік. Келе жатсақ, мынадай әдемі елік пен тырна кездесті. Бҧл жануарлар біздерге бірдене айтқысы келді. Бірақ, олар адамша сӛйлей алмағандыңтан, сӛздері байланыспай тҧр. Біздер осы аңдардың не айтқысы келгенін біліп тақтаға буынға бӛліп жазып, дауысты және дауыссыз дыбыстарға талдау керек. Кәне, кім айтады? Қалай дҧрыс болады?
(Елік суретінің астында: біл, туған, табиғатын, қорғай, жердің. Дҧрысы: "Туған жердің табиғатын қорғай біл".
Тырна суреті астында: қайырымды, әрқашанда, қоршаған, бол, ортаға. Дҧрысы: "Қоршаған ортаға әрқашан да қайырымды бол"). Сӛйлемдер тақтаға жазылып, талданады.
Мҧғалім: - Балалар, енді мына ағашқа назар аударыңдаршы, ӛзі бір таңғажайып ағаш екен. Алмалары да жай алма емес-ау деймін ӛзі?! Сандар жазылыпты. Жақындап кәрейік. Шынымен дінінде конверт тҧр екен. Қазір Бҧл хатты оқимын. "Мен сиқырлы ағашпын. Менің алмала-рымдағы сандар бойынша сҧрақтарыма жауап берген оқушыларға алғысымды айтып, алмаларымды жеуге рқҧсат етемін".
Сұрақтар:

  1. Зат есім дегеніміз не? Мысал келтір. (Жауап алынып, №1 алманы алып теріс айналдырып қоямыз, артында "ж" әріпі бар).

  2. Сын есім дегеніміз не? Ережесін айт, мысал келтір. (№ 2 алманық артында "а" әріпі бар).

  3. Сан есім дегеніміз не? (№ 3 алманық артында "р" әріпі бар)

  4. Етістік дегеніміз не? (№ 4 алманық артында "а" әрпібар).

  5. Тәуелдік жалғаулары дегеніміз не? (№5 алманық артында "й" әріпі бар).

  6. Хабарлы сӛйлем дегеніміз не? Мысал келтір. (№ 6 алма-ның артында "с" әріпі бар).

  7. Сҧраулы сейлем қалай жасалады? Мысал келтір. (№ 7 алманық артыңда "ы" әріпі бар).

  8. Лепті сӛйлем қалай жасалады? (№8 алманық артында "н" әріпі бар).

  9. Бастауыш дегеніміз не? (№9 алманың артында "д" әріпі бар).

  10. Баяндауыш дегеніміз не? (№10алманың артында "а" әріпі бар). 11.Тҧрлаусыз мҥшелер қалай жасалады? (№11 алманың артында "р" әріпі

бар).
12.(Әр сҧрақ бойынша жауап дҧрыс болса, алмалар нӛмір реті бойынша ашылып: "Жарайсыңдар"деген сӛз шығады).
Мҧғалім: - Алма ӛте дәмді екен, ағашқа рахмет айтайық.
Міне, қызық! Ҥйдегі жануарларға не болған?! Адасып жҥрген әрқайсысын ӛз орнына орналастыру керек. Сиырдын суреті, қасында "қаңқылдады"деген сез. Аттың суретінің қасындағы қима қағазда "шықылықтады"деген сез. Ҥйректің суретінін қасында "мӛңіреді"деген сӛз. Ӛтеш суретінің қасында "кісінеді"деген сӛз. Балалар тақтаға шығып қима қағазбен жазылған сӛздерді алып, ӛз орындарына қояды. Бастауышы мен баяндауышын табады. Сӛйтіп, балалар бҧл тапсырманы да дҧрыс орындап шықты.
Қорытынды: Сабақ аяқталып, қорытындыланды. Берген жауаптарына қарай оқушылар білімі бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет