Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет10/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85
 
бiздiң кәрi құдағиға ұқсап 

Түнерiп алған, 

Бұ неқылғаны? 

… Шалыс мiнез тарпаң ай 

Күледi ол да щалқалай. 

… Теңiзбен шандып тастадық 

Тентiреп көшкен құмдарды. 

…Көлеңукелер шырмалып қап қоғаға, 

Көмек күтiп қол бұлғайды алыстан. 

… Бақты аралап баяу ғана жүредi, 

Жел бүгiнде суып бiткен бәрiнен… 
Ақын ассоциациямен ойлау деңгейi жоғары: алдымен бейнелi сурет 
пайда болып, сол суреттiң сөзге көшiрiлетiнi байқалады.
…Ұмтылып көкке бұлтты ембек болып көрiк тау, 

Мұңдана қапты миуасын жерге төгiп бау. 

…Жас дәурен-жапыраққа тұнған тамшы,
 

Ол ертең кетедi ұшып ақ бу болып. 
Есенғалы ақын поэзиясында ой

сезiм

окиға
-
сурет желiсi үзiлссiз 
жалғасып отырады. Аталған төрт
құбылысты бiр арнада тоғыстыру
-
сирек 
кездесетiн шеберлiк. Ақыңның көптеген өлеңдерi окиғаға немесе кейiпкерлер
диалогына құрылған. Бiрақ бұл өлеңнiң сыршыл табиғатына селкеу түсiрген 
емес:
Қазғанның салқын тандары,
 
Қараша талды билеттi. 
 
Сары шал дүние салғалы 
 
Сары тазыдан күй кеттi. 

Итаяқ етiп қауақты. 
 
Iн қозып алды жерден бұл. 
 
Не қылсын обал, сауапты.

Көкайыл келiн. 
 
Көр кеуде ұл? 
 
Кесектеп қуды, 
 
«кет» дедi, 
 
Ит жайлы ненi бiледi ел? 
 
Сары тазы қырға беттедi, 
 
Сары шал жатқан қыр едi ол. 
«Есенғали Раушанов поэзиясына дайындығы жоқ оқырманды қапелiмде 
айран
-
асыр түсiретiн тосын ойлар, тың көркемдiк шешiмдер тән». Ақынның 
қисында ойлау деңгейi қайран қалдырарлық: ол түйiндеген шешiмдер көбiне
-
көп шығарма мазмұнымен қабыса бермейтiн әсер қалдырады. Бiрақ аңдаған 
жанға мұның өзi жүйелi, жалғаспалы, үйлемсi ойлаудың табиғи салдары 
екенi, автордың өзi бейнелеп отырған құбылыстардың астарымен қоса 


20 
ақырғы нәтижесiн түйсiне бiлгендiктен, оқырман ойынан оқ бойы озық 
тұратыны аңғарылады. Ассоциациялық деңгейдi ойлау, әлемдi тұтастықта 
қабылдау, сергек сезiмталдық астаса келiп, ақынынң көркемдiк әлемiн 
биiктете түседi. Жоғарыда үзiндiсi келтiрiлген өлеңдi автор әдеттегiдей 
тосын да заңды шешiммен аяқтайды: 
 

«Сен кiмсiң?»-дейдi 

сұрйды Ар 

Тазының әлсiз үнiмен 

Кеудемдi менiң бiр ойлар 

Шығады тырнап түнiмен…
Ақынның әлбiр өлеңiне терең астарлылық тән. Ой мен сезiмдi қатар 
ұстап, заман тынысын, Адам болмысын жүрегiмен сезiнетiн шығармашылық 
иесi үшiн басқаша болуы де емес. Есенғали ақынның ерекшелiгi
-
астарының 
өзi алғаусыз келетiнiнде:
Уай, қайдан бiлейiн, 

қинай бердiң менi үдай, 

Оты селдiр болса да,

Ссоры қалың өңiр-ай… 
Орынсыз күрделiк, жылтырақ жасандылық Есенғали поэзиясына мүлде 
жат. Керiсiнше қарапайым, таза, табиғи қисын келедi ақын өлеңдерiнде:
 
…Күз келдi деп немене. 
Қурай акету керек пе? 
 
 
…Жынды көбелек дейдi оны. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет