Аунайсың ба мәз, болып күлесiң бе.
Үкiлi әлем- өзiңнiң ұлесiнде.
Құлыншақ ем мен-дағы бiр кездерi,
Өйткенi анам тiр едi.
Бiлесiң бе?
…Шапқылай бер әзiрге керме көрмейдi,
Керме бiр күн тартылып көлденеңдей.
…Езiлесiң,
iздейсiң…
Сосын барып,
Кетесiң ғой қатты боп сен де мендей…
Ақын егiздеулерiнiң құрылымы қарапайымдау түрлерiнде де таңсық
теңеу, тойсын ой жатыр: «Жетiпсiреп жауыр құнан қарайды, Жетi адамды
түгелдеймiн мен сорлы..», «…Тынған болды ғой самал бүгiнде, Сынған
болды ғой күмiс пияла…», «Не ойлап тұр
-
түнсiз бұл ғалам, Мен де iштей
шырмауыққа шырмалап
».
Дала ғибратын жырына дарыта бiлген автор өлеңдерiнде мақал
-
мәтелдердi өзгеррпей немесе өңдеп пайдалану жиi кездеседi. Айтылар ойдың,
18
жеткiзiлер сезiмнiң ықшамдығы мен дәлдiгiне аталмыш әдiс өз септiгiн
тигiзген:
Жетi атаңды үйретейiн, көкешiм,
Жетi жұрттың қамын жер ме екенсiң?
... «Көппен көрген- улы той»,
Немесi ұлы оның?
… Жүргiзбек түгiл ол алдына алмай күйесң,
«Мал иесiне тартады» дейдi ол көгерiп.
Е.Раушанов поэзиясының бейнелiк жүйесi табиғат құбылыстарына
көбiрек негiзделуiмен ерекшеленедi.
Жел образы Мағжан ақын
щығармашылығынан кейiнгi жаңа поэтикалық биiктiкке Есенғалы поэзиясы
арқылы көтерiлдi деуге болады. Мағжан бейнелеген «жел»
-
«еркiн, ерке бiр
бала», тынымсыз қозғалыстың таңғажайып символы. Есенғали өлеңдерiндегi
жел
-
бiрде нәзiк қайыңды аяусыз қорлайтын томырлық, дүлей, «тұғыр
неме», есер күш болса, бiрде баянсыздан баз кешкен бейбақтың жалғыз
жұбанышы, жетiм көнiл, жүдеу ғашық д
Болып бейнеленедi.
Сен жылағанда,
Бәйек боп тiл қатқан кiм?
Жел едi!
Көз жасыңды құрғатқан кiм?
Жел едi!
Жел едi ғой жұбатуға асықкан.
Ол да өзiңдей жетiм едi себебiм
Немесе
…Ылғи тосын келедi ол құйындатып.
Асты-үстiне шығарып, кең қораны
…Қорсыласқан болады нәзiк бұтақ,
Қарсылығын тыңдай ма тұғыр немее
Ақын шығармашылығына «жел» ұғымның дара образ ретiнде
тұлғалануының себебi осы құбылыстың барлық қасиетi
-
қырларының
толығымен ашылып, жетiк суреттелуiнiң нәтижесi екенi даусыз. Ал оған
алғышарт болған жайттар
-
автордың образды түрде ойлау ерекшелiгi,
түйсiну тереңдiгi, кабылдау нәзiктiгi.
Табиғат құбылыстарының образ дәрежесiне көтерiлуiнде кейiптеудiң
маңызы ерекше. Бұл әсiресе түн бейнесiн даралауда айқын аңғарылады:
…Мәңсiз қара ат мiнген түн менi iздеп жүр,
Менi iздеп сай құлдап, тепсеңдi өрлеп.
…Кара шашын жел жайып ағады түн,
Ағады түн ағаштар арасында.
Немесе:
Дүние ғажап мына,
Түннiң жасы көп аңты, аз ақты ма?
Бiз көрмейiк ол көрген ұяттарды.
Бiз көрмейiк ол көрген азапты да.
19
Ақын бейнелеуiнде кез келген құбылыстар мен дерексiз ұғымдар
табиғатына лайық теңеуiн тауып, өзiне тән мiнез дарып, жанданып шыға
келедi:
… Тау
Достарыңызбен бөлісу: |