12
деген сөз, ол өз оқырманының ойынан шықты деген сөз.
Олай болса, ақын
бақытының ең биiк щырқауы сол екендiгiне көзiң жетедi.
Қуды көктем қысыңды,
Көрiп көңiл құштарын,
Күнге төрiн ұсынды.
Мен де қалам ұштадым.
Қарсыласқан ақ қарды,
Қалмасын деп аспан бос,
Қара терге түсiрдi.
Жапты көктем құстарын.
Арналарға су келдi,
Көктем жылдың құсындай
Ағаш бiткен бүрлендi.
Сұлумын деп сызылмай,
Жерге жайып көкмайса,
Ете бiлдi iсiмен,
Ғашықтарға гүл бердi.
Жазын жайсаң, күзiң бай, -
деп қарапайым ғана ойыңнан шығып жатады. Былай алып қарағанда
онша асып бара жатқаны да шамалы сияқты. Ал зерделей үңiлсек, ақынның
қарапайым сөз қолданысынан
тiрi табиғаттың жаңғырып, жанданып
тұрғанына көзiң жетедi. Ақынның осы тақылеттес
жырлары байқағанға
молынан көрiнедi. Бiрақ әрқайсысы өз тартымдылығымен көңiл бұрғызады.
Бiз бiр сәт ақынның сүйiспеншiлiкке деген бағасын көрейiк:
Өткен жоқ уақыт кiрпiк қаққан құрлы,
Достарыңызбен бөлісу: