57
қайдан туатынын Сар мен Шәріп өзара байыптау арқасында шын сүгендіктен
туатын шығар деп ойлап «Жоқ, қызғаныш сенбеулен туады. Адал махаббат
иелері біріне
-
бірі шын сенеді, бірін
-
бірі құрметтейді, сыйлайды. Мұндай
асыл достар арасында ешқандай қызғаныш болу қисыны жоқ.»
-
деп түйеді
Шәріп.
Соңғы жылдардағы әңгімелер Тахауи Ахтановты жақсы бір қырынан
танытты. Жазушы әңгімелерінен танылатын жақсы бір қасиет
-
жазушының
мәдениеті. Бүгінгі жазушы
-
халық ақылшысы
-
биік мәдениетті кісі болуы
шарт. Сонда ғана ол қазіргі білімдар қауымға ғана енгізе алады. Тахауи
әңгімелерінің тақырыбы мен идеясын, оны өрбітудегі өнері мен өрісінен
интеллект
-
парасат мәдениеті аңғарылатынын көреміз.
Т.Ахтанов әңгімелерінен аңғарылатын тағы бір сипат
-
нәрлі, нәзік
психологизм. Ол адам бейнесін жасауда бірден адамның ішкі психологиялық
иіріміне сүңгіп, характерді сол ішкі сыр мен сезім тұрғысынан келіп ашады,
көркем тұлға жасау, мүсіндеу биігіне геройдың жан диалектикасының
бойымен өрлемек болады. Жазушының «Алғашқы ән» атты әңгімесінде
мынадай бір пейзаж бар. «Ертеңгі күннің қиғаш сәулесі өзеннің арғы
бетіндегі бозды адырды қызғылт
-
сарғыш ұғыласына малып, балғын жұмсақ
реңк беріп тұр…» Жанды табиғат пен жансыз табиғат бұл тұста да әсем
астатқан.
Шағын проза туралы сөз еткенілгенде Тәкен Әлімқұловтың есімі
аталмай қалмайды. Жазушы әңгімелері түгелдей дерлік жол үстіндегі
қақпақыл әзілмен, негізгі кейіпкердің шабыт үстіндегі ойлану сәтімен
басталады да келесі жайлармен заңды жалғасып отырады. Мәселен кімде
-
кім
Махамбет өліміне енжар қарамайтыны рас. «Қараой» әңгімесінде сол заман
шындығын көз алдымызға әкеледі. Әрине, Махамбет өлімі тарихтан да
жақсы мәлім. Жазушы ұлы адам бейнесін бар шындығымен бейнелейді.
Әдетте, ақын аңғырт, албырт аңқау келеді.Сол сияқты жаумен жағаласқан
батыр көбінесе қапылыста қаза табады. Ел қадірлейтін адамдардың бұл екі
түрінің өзара ұқсастығы
–
ақкөңілділігі, бала мінезділігі.
Т.Әлімқұлов әңгімелерінде салыстыру, теңеудің, метафораның сан алуан
түрлері бар. Суреткер сөз арасында өз оқушысы тарихи адамдардың жақсы
қасиеттерінен хабардар етіп отырады.
Әңгіме жанрында өзіндік өрнегі бар жазушының бірі
-
Достарыңызбен бөлісу: