Қағанат тәжi дедiк Хантәңiрдi,
Iргеде асау Құлан қаңтарылды.
Сүткент, Шаш сүттей ұйып жарлығына.
26
Бала боп Баласағұн аңтарылды.
Бас ұрып тұрған, басмыл бұл табынды,
Саудаға Самарқаннан жұрт ағылды.
Ыңыранып, керуен тартып, Ұрым, Тибет,
Елпiлдеп елi салды Тұрпан, Үндi.
Бiр
-
бiрiмен жiксiз жалғасып, үздiксiз ұштасып жататын «Жыландар
жыры», «Майхана», «Күлтегiн мен қаған», «Ғайша мен Мұхаммед
пайғамбар» секiлдi туынды бөлiмдерiнде көне дәуiр көрiнiстерi қайта
жаңғыртылып жырланған, сол көне сiлемдер астарында бүгiнгi күннiң
шындығы да, заманалармен замандас мәңгiлiк шындық та көрiнiс тапқан.
Шығармадағы бөлiнiстердiң өзiн бiршама шартты, кейiпкерлер арасындағы
диалогтардың мәнiн айқындай түсу, сол арқылы әсерлiлiктi күшейту үшiн
жасалған әдiс ретiнде қабылдауға болады. «Жыландар жыры» деген бөлiм
аты поэмада үш
рет қайталанады. Сөз арасында «Автордан» деген атпен
берiлген ақынның ой
-
шегiнiстерiнiң де келесi бөлiмдермен ара
-
жiгi
ажыратылмай, тұтаса өрiлiп, жатады. Мұның бәрi поэманың дәстүрлi
эпикалық арнаға
–
батырлар жыры стилiне ойысқанын аңғартады. Iшкi
бөлiмдер батырлар жырындағы алма
-
кезек баяндалып жататын оқиғаларды
еске түсiрсе, автор шегiнiстерi жырдағы «әлқиссалармен» үндеседi.
Жекелеген монологтар драмалық туындылардың ерекшелiктерiн еске салады.
Поэма композициясында елеулi орын алған детальдардың бiрi
–
айтыс.
Айтыс сахнасы алдында автор тарапынан кiрiспе сөз берiледi: «Жапон халқы
үшiн әу баста Фудзиямен тауының маңызы қандай болса, түркiлер үшiн
айтыс сондай едi. Ел кейiн «айтыс ұсақтап кеттi» десiп жүрдi. Ұсақтап кеткен
айтыс па, әлде ақындар ма?». Ақын қаламына тән осы тектес жеңiл юмор мен
астарлы мысқыл туындының әр тұсынан
-
ақ көрiнiс берiп отырады. Поэмада
айтыс әрi баяндау бiрсарындылығын өзгертiп, сюжет құрылымын
жандандыратын көркемдiк әдiс ретiнде, әрi көне түркi дәуiрiнен тамыр
тартқан далалық дәстүрдiң
-
ақиқатқа апарар сөз сайысының көркем көрiнiсi
ретiнде кiрiстiрiлген. Ғайша мен Қағанның айтысы дәстүрлi сөз қағыстыруға
көбiрек ұқсаса, Күлтегiн мен Қағанның, Ғайша мен Мұхаммед пайғамбардың
диалог
-
айтыстары
–
сырласу мәнерiндегi сөз сайысы. Соңғысында монолог
iспеттi толғаулардың аралас келуi айтыс өлеңiнiң арнасын кеңейтiп, айтылар
ойды алғаусыз ақтару мақсатында автор қолданған өзiндiк әдiстi аңғартады.
«Сөз қаңтару» деп аталатын эпилогқа ақын «Жыландар жырының»
үзiндiн эпиграф етiп алған: «Адамзат ойының нашар дамығаны сонда
–
олар
тек болған соғыстардың ғана тарихын жазады, ал болмай қалған соғыстар
қаншама? Олар туралы бiз бiлмеймiз». Бұл эпиграфтың да белгiлi бiр
туындыдан алған үздiк ой емес, ақын шығармашылығына тән ой
-
түйiн екенi
анық. «Сөз қаңтарудан» кейiн поэманың жазылу мерзiмi мен мекенiне
қатысты автор тарапынан «Жылан жылы Сарыөзекте, Аралда, Семейде,
Қызылордада, Алматыда қағазға түстi» деген сөздер қосылған. Айтылған
жайттардан аңғарылатындай, өлең мен қара сөз аралас стилде жазылған
туындының сыртқы композициясы тудыратын ассоциациялар түгелдей
дерлiк түркiлiк түпнегiзге жетелейдi.
27
Iшкi композиция мәселелерiне көшелiк. Поэманың басты кейiпкерi
ретiнде ақын таңдаған Ғайша
–
бибi тұлғасы әдебиетшiлердiң тарихшылар
мен деректанушылардың назарын көптен аударып келедi. Қарахан әулетi
билеушiлерiнiң бiрi Әулие ата
-
Қарахан есiмiмен тiкелей
байланыстырылатын Айша бибi ғұмырына қатысты бiрқатар зерттеулер
жарық көрдi. Ал бiр
-
бiрiнен аздаған айырмашылықтары бар Айша бибi
жайлы аңыздардың ортақ желiсi мынадай:
Самарқант төңiрегiн мекендеген Зеңгi ата шайыхтың Айша атты жалғыз
қызы болыпты. Ерке сұлу Тараз өңiрiнiң келген билеушi әулеттен шыққан
Қарахан есiмдi батырмен көңiл қосады. Жалғыз қызының таңдауы ойынан
шықпаған әке екi жастың махаббатына разы болмайды. Жауынгершiлiк
кезiнде, ұлы шайқас алдында тұрған Қарахан Айшаны өзiмен бiрге алып келе
алмаған соң, екi жас келер күзде Тараз жерiнде жолығатын болып серттеседi.
Айша тәуекел етiп, жiгiттi өзi iздеп бармақ болады. Уәделi кез жеткенде тiлiн
алмайды, атқа қонған Айшаға наразы болған әкесi: «Алты дариядан өтсең де
жетiншiсiнен өтпе! Көздеген жерiңе жетсең де, тiлегiңе жетпе!» деп терiс
батасын бередi. Қыз бұған да қарайламай, қасына өзiн бала күннен
тәрбиелеген Бабаджа хатунды ертiп, алыс Таразға жол тартады. Арада талай
күндер өтiп, елден ел, жерден жер асып, Тараз қаласына жақындап, соңғы
өзенге келгенде жолаушылар жуынып
-
шайынып алмаққа аттан түседi. Айша
арудың өмiрiн қиған оқыс оқиға осы жерде болады: киiмiн ауыстырмақ
болып, қалыңдық киiмiн қолға алған қызға сәукеле iшiнен шыққан улы
жылан атылып, шағып алады. Денесiне жылан уы тарап, әлсiрей бастаған қыз
Бабаджа хатунды Тараздағы Қараханға хабар беруге аттандырады. Жанына
ерткен нөкерлерiмен жiгiт келiп жеткнде қыз өлiм халiнде жатады. Қыздың
демi үзiлуге таянғанын түсiнген жiгiт ақыретттiк жар болуға серттескен
сұлумен ақтық сәтте некесiн қиып үлгiредi. Пайғамбар әулетiнен шыққан
Қарахан патшаға некелi жар болған Айша есiмiмен «бибi» атауы осы кезден
бастап қосылған екен. Арманда өткен арудың қабiрiнiң үстiне Қарахан
сәулеттi күмбез салғызады. Қыздың тәрбиешiсi Бабаджа хатун өмiрiнiң
соңына дейiн Айша қабiрiнiң шырақшысы болған деседi. Бабаджа хатун
қайтыс болғаннан кейiн оның басына да сағана тұрғызылады. Ал өзiне
арналған күмбездi Айша
-
бибi қабiрi көрiнiп тұратындай тұсқа салуды
Қарахан тiрiсiнде аманат еткен екен. Ғасырлар дауылынан аман жеткен үш
сағана сыры кетсе, сыны кетпеген күйi қазiргi күнi де Тараз жерiнде бой
түзеп тұр. Ұзақ жылдар ел басқарған патша өмiрiнiң соңғы кезеңiнде тақ пен
тәжден бас кешiп, тақуалықпен ғұмыр кешiптi. Айша бибi кесенесiне
Қарахан өз қолымен жазған делiнетiн бәйiттiң бүгiнде: «Күз едi көктi бұлт
торлаған» деген жалғыз жолы ғана сақталған…
Ел жадында сақталған аңыз осылай дейдi. Аңыздың ендiгi бiр
нұсқаларында «Айша Зеңгi атаның (Айқожа ишан) өгей қызы, яғни оның
әйелi Әмбар анаың алғашқы ерi Сүлеймен Бақырғаниден туған қыз болатын»
делiнедi. Ал Қарахан әулетi шежiресiнде Айша бибiнi Ысқақ бабтың қызы
деп көрсетедi. Аңыздағы Қарахан әулиенi тарихи тұлғалар
–
Сатұқ Боғра
ханмен, Шах Махмұдпен, Ахмед бин Алимен шендестiретiн болжамдар бар.
28
Аңыз түбi ақиқат екенiне зерттеушi ғалымдар да ден қойған тәрiздi: Айша
бибi аңызынан тыс сенiмдi тарихи дерек әзiргi ғылыми айналымға түсе
қойған жоқ. Дегенмен жекелеген зерттеушiлер аңыздағы Зеңгi атаның, Әмбар
анамен Айша қыздың iс
-
әрекетiн, мiнез
-
құлығы мұсылман әулиесiнiң, оның
адал жарымен көргендi перзентiнiң болмысына сай келиейтiнiн айтып, Айша
бибiнiң Зеңгi атаның қызы екенiне дәлел боларлық аңыздан өзге сенiмдi
дерек жоқтығын, сондықтан екеуiнiң өмiр сүрген кезеңi бiр
-
бiрiнен алшақ
болуы мүмкiн екендiгiн алға тартуда. Бұл тақырыпта әлi де зерттелуге тиiс
мәселелер едәуiр.
Ақын Есенғали Раушанов сомдаған айша бибi бейнесi
–
аңыздағыдан
өзгеше арнада өрбiген, тың идеяның жүгiн көтерiп тұрған ғұмыры
–
тартысқа, санасы қайшылыққа толы күрескер тұлға. Поэмадағы Ғайшаның
күрделi болмысын тап басып танудың оқырман үшiн жеңiл жүк
болмайтынын ескергендей автор бас кейiпкерiнiң сана сергелдеңiн өз сөзiмен
тарта
түсiндiрген.
Күрелi де кең өрiстi, бай мазмұнды поэма ақынның ұзақ жылғы iргелi
iзденiстерiнiң жемiсi екенi даусыз. Оқиға ұйымдастыру шеберлiгi, баяндау
-
суреттей ерекшелiгi, лирикалық поэмаларға тән сыршыджығы, қайталанбас
композициялық құрылымы. Идеялық
мазмұнының көнермес құндылықтарға
негiзделуi жөнiнен «Ғайша бибi» поэмасы қазақ поэзиясының үздiк үлгiдегi
бiрегей туындысы ретiндегi лайықты орнын алуға тиiс. «Ғайша бибi»
драмалық дастаны
–
жаңа бiр ағымды бастап берген құбылыс туынды,
-
деген
белгiлi ақын Е.Дүйсенбайұлының анықтамасы осы орайда орынды.
Қазақ әдебиетiнде көрнектi орын алатын Е.Раушанов шығармашылығы
тек поэзиямен шектелмейдi. Соңғы жылдарда мерзiмдi баспасөзде автордың
«Нұрдан жаралған» атты романы жарық көрдi. Журналистерге берген
сұхбатында ақынның «Прозаны мен қай кезде де жазатынмын. Менiң талай
әңгiме, повестерiм, бiр
-
екi романным жарық көрдi. Бiрақ олардың бәрiн
бүркеншiк атпен жарияладым» дегенi мәлiм болғанымен, оқырманға өз
атымен таныс болған бiрден
-
бiрпрозалық туындысы аталған роман ғана.
Өлеңдерiндегiтәрiздi ақын романында да өзгеше өрнек бар. Қара сөзге тән
көркемдiк қолданыстарға көп бой ұра қоймаған автор туындыда шаррты
образдарды жиi пайдаланып, кейiпкер психологиясын тереңдетеашуға бейiм.
Бiр тұтас шығармашылықтың бiр
-
бiрiмен бiте қайнасып жатқан бөлiктерi
болып табылатын ақын өлеңдерi мен романнында үндес сарында едәуiр.
«Бұд жерде топан су болмаған» дейдi тұнып тұрған тыныштыққа,
сұлулыққа сүйiнген «Нұрдан жаралғанның» кейiпкерi. «Топан су мұнда
болмаған
-
дейдi ол
-
айнала үрзада дүние, үр ерiн гүлдер үлбегей»
-
бұл
акынның «Нұх пайғамбардың кемесi» атты өлеңiнiң. «Көктемде Алматының
үстiнде тек қана перiштелер ұшып жүредi, кейде олар қонатын жер таба
алмай қиналатыны рас, бiрақ алысқа ұзамайды» деген жолдар бар
романында. «Перiштелер жүредi ұшып аспанда, Қонатын жер таба алмай»
-
ақын өлеңдерiнде де осындай жолдар кездеседi. Романдағы Едiл
-
ана аңызы
ақынның бiр кездерi баспасөзде үзiнделерi жарияланып, аяқталмай қалған
«Аспанға көшiп кеткен ел» атты поэмасы еске алады. Аңыздың жекелеген
29
сарынды ақын өлеңдерiнде көрiнiс тапса, базбiр желiлерi «айша
-
бибi»
поэмасында таратыла жырланған. «Нұрдан жаралғаннның» кейiпкерi теңiз
жағасында тұрып төмендегiше толғанады: «Құстар мен перiштелер биiкте
жүредi. Алла тағаланың ғадiлдiгiне мың да бiр құлдық. Самға ұшар қанатты
адамға бермей, құсқа бергенiн айтсайшы. айыптан тайып маған қос қанат
бiре қалса ше? Жоқ, мен оны бәрiбiр құстарға сыйлар едiм. Аспан
-
құстар
мен перiштелерге ғана лайық мекен».
Өз замандастары тарапынан орынды бағаланған Есенғали Раушановтың
кең өрiстi, бай мазмүнды шығармашылығы әдебиеттанулық және
философиялық түрғыдағы бiрқатар зерттеулердiң арқауына айналып үлгердi.
Дегенмен қазақ әдебиетiнiң тарихында елеулi орны бар тұлғаның ақындық
әлемi жайлы айтылар негiзгi сөз әлiде болашақ еншiсiне қалып отыр. Ақын
шығармашылығына арналған шолу мақаламызды ақын Қадыр Мырзаәлiнiң
төмендегi тұжырымдарымен аяқтау орынды тәрiздi: «ХХ ғасырдың 80
жылдарында бастап, күнi бүгiнге дейiн қазақ өлеңiне толқын
–
толқын боп
жамырай келiп жатқан жас лириктерге толайым қозғау салып, соңынан
шәкiрт ерткен, өз мектебiн ашқан шайырлар бiзден көп емес. Қазақ
поэзиясының классигi Есенғали Раушанов сол аз шоғырдан
–
санаулылар
санатынан. Бұл орайда оны мәдениетi зор ұлттықақын деуге болады… Ақын
Е. Раушанов шығармаларының қай
-
қайсысы да қазақ поэзиясының шын
мәнiндегi алтын қазынасы деуге аузым барады».
Ендiгi кезекте поэзия жанрында жазылған жинақтардың бiрi Әдiбай
Табылдиевтiң «Өнеге өрiмдерi» мен Арғынбай Бекбосын ақынның «Фәнилiк
драма» атты жыр жинақтары. Мысалы, Әдiбай ақынның қарапайым әдемi
шумақтардан кейiн ақын өзiнiң айтар ұғымын ширата алмай қалатын тұстары
жетерлiк екен. Оның үстiне жеке шумақтары не санмен, не жұлдызшамен
белгiленбей, ұзын өресi мың жарым шумақтың шұбалып жатқанын көремiз.
Ал екiншi жинақ «Фәнилiк драманың» жөнi бөлек. Автор бұл жолға өзiн
-
өзi әбден шыңдап, шымырлап алып келген сияқты. Бұл да мың жарым
шумақ, үш дәптерден тұрады. Оның үстiне ақын алдымен Омар Хайямның
рубаяттарын аударып,, соның iшкi астарына
зер сала құпиясын ашқан
сияқты. Және онысы өз жемiсiн толық берген деуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |