34
«Жалғыз қайың», «Көңiлдi отыр мұң басып», «Мұстафа Өзтүрiк», «Қиял
билеп еркiмдi», «Қауымдастық», «Көтерiп көлеңкемдi…» атты өлеңдерi бар.
Ендеше солардан мысалдар келтiрейiк.
«Жандарға қызығамын анасы бар»
атты өлеңiнен үзiндi.
Жандарға қызығамын Анасы бар,
Ананың орны дәйiм дара тұрар!
Ерте кеткен Анашым еске түссе,
Көңiлiм толқын атып аласұрар.
..Ой тетiк, жүрiс ширақ сексенiнде,
Күн түсiп отырған жоқ көп келiнге…
Жүзiнен асыл Ана нұр тамады,
Қандай болды десеңшi,
Көктемiнде?!
Әкелiп дүниеге қанша бала,
«Жолында осылардың жан садаға..»-
Деп өсiрген кешегi ұл-қыздары.
Аттанып кеттi бүгiн,
Сан-салаға!.
Адамға келмейдi ғой бақыт тегiн,
Өшпейдi, көкейдегi ғашық сезiм.
Ананы алақанда аялаған,
Күң мен құлың секiлдi
Уақыт сенiң!..
Осы жырлардың қай
-
қайсысын алсақ та, осындай жұмсақ ерке наз
жолдардың қоршауында қалып отырасың. Сонымен сөзiмiздiң басында
айтқанымыздай, қарапайым лебiздiң ыстық құшағына енгендей боласың.
Осы екi ақын қыздың жырларындағы айырмашылықты олардың
жырларынан
-
ақ байқауға болады.
Әрбiр шоң таланттың әрқашан ұлттық ырыс, ұлттық қазына болып
келетiнi ежелден
мәлiм. Мұнда осынау мәңгiлiк ақиқаттың теңдесi жоқ
формуласын, соның өмiрiшең бiр Шынар
-
Шырайын көрнектi ақын
–
Достарыңызбен бөлісу: