52
деген жолдары тек өткеннің ғана емес, қазір де
аз ұлттарды жұтып қоюға
дап
-
дайын боп, аранын ашып отырған шовинист
-
империалистерге айтылған
қарғыс даусындай, азаттыққа ұмтылған ұлттардың жауынгерлік жігерлі
ұранындай естіледі.
«Қызыл кітап» поэмасының идеялық мазмұны терең. Ол адалдықты
жоғалтпай сақтап, ізгі гуманистік қасиетке ұмтылдыратын туынды.
Зорлыққа,
зомбылыққа, әділетсіздікке, теңсіздікке қарсы, әсіресе,
халықаралық империализмнің отаршылдық жауыз саясатына қарсы әрбір
адал ниетті азаматты белсенді күреске шақыратын дастан.
Бұндай
шығармалардың жалын атқан идеясы көкірегі ояу әр адамның жүрегіне жол
тауып, күрескерлікке, биік гуманизмге, патриоттыққа, ешбір ұлтты
алаламайтын интернационализм рухында тәрбиелейтініне шүбә жоқ. «Қызыл
кітап» поэмасының идеялық, саяси мәнінің құндылығы да осында.
Соңғы жылдарда қазақ поэмаларының
идеялық мазмұны тереңдеп,
көркемдік сапасы жақсара түсті… Ақырында поэма жанрының дәстүрлі
мүмкіндіктерін молынан пайдаланумен қатар, соны, көркем ізденістер жасау
жолында да батыл барлау жасалды.
Кейінгі жылдардағы қазақ ақындары поэмаларының басым көпшілігін
өз замандастарының өмірін бейнелеуге арналды. Бұл эпикалық поэзиядағы
заңды құбылыс.
Қазіргі тақырыпқа жазылған поэмалар арасында жұртшылық назарын
аударған Қ.Бекхожиннің «Тұрлаулы тағдыр», Т.Жароковтың «Тасқынға
тосқын», М.Әлімбаевтың «Құрыш қазақ», А.Шамкеновтың «Жайлау таңы»,
Ғ.Қайырбековтың «Жер астындағы жұлдыздар», Қ.Мұқышевтың «Өкініш»,
З.Шүкіровтың «Аня», Қ.Ыдырысовтың «Әке жолы», т.б. поэмаларда соны
сюжет, жаңа көркемдік бояулармен ұлттық
поэзияның бейнелеу арсеналы
молыға түсті. Бұл тұста қазақтың эпик ақындары өз замандастарының кең
тынысты жарқын өмірін жырлау жолында поэма жанрының
мүмкіншіліктерін мейлінше толықтырып, өздерінің
ақындық шеберліктерін
жетілдіре түсуге күш жұмсады.
Замандастар туралы жазылған елеулі туындының бірі
–
Достарыңызбен бөлісу: