Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет28/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85
Тоқаш Бердияровтың
«Есіктің алды көк терек»
 
атты поэмасы. Ақын поэмасы лирико
-
публицистикалық сипатымен дараланатын шығармалардың санатына 
қосылады. Поэмадағы ақынның мұраты, тілегі, ойы, сезімі, халықтың рухани 
тіршілігімен тікелей қатысып, табиғи жарасым тауып үндесіп тұр. 
Бейбітшілікке үндеген қуатты пафос, жігерлі өлең шумақтары
-
шығарманың 
саяси идеялық мазмұнын салмақтандыра түскен.
Поэмада ақын кешегі өткен тарихқа да көз жүгіртіп, шолып өтеді. 
Гитлершіл фашистердің адамзатқа қарсы қанды қырғынын, Американ 
империализмінің Хиросимадағы жыртқыштық ойранын ашына еске алады. 
Қазіргі империалистердің ядролық, нейтрон қаруларына қарсы халықтың 
шексіз ашу
-
ызасын төге отырып, бейбітшілік үшін жан аямай күресуге 
шақырады. Ақын поэмасында аз сөзге көп мағына беруге ұмтылған. 
Ракеталарды тот бассын, даланың гүлдері жайқалып, көк теректер көбейіп, 
ну орман көкке өрлей өссін деп тебіренгендігі, ақынның асыл ойлары ап
-
анық. Ол 
– 
қарапайым, бірақ мағыналы, терең ой түйе отырып, халық, ел 
арманын табиғат суреттері арқылы әсем өрнектеу.
Жалпы, Тоқаш Бердияров поэзияда бар ескі сүрлеулерден бойын 
барынша аулақ ұстап, жырдың жаңа өрнектерін табуға еңбектенетін ақын. 
Осы поэмасында да ақынның өзіндік жаңа теңеу, эпитеттері бірден көзге 
жарқырап түсе кетеді. Мәселен, бүгінгі қанатты ракеталар
-
тоңмойын дүлей 
піл тектес, Хиросимаға түскен бомба
-
атомдық әліппе, нейтрон бомбасы

у 
сәуле, адамзатты мәңгілік арқалап жүрсе де, жер
-
ана шаршамас, деген сияқты 
т.б. метафора, теңеу, образды бейнелер ұлттық поэзиядағы Тоқаш Бердияров 
әкелген соны өрнектер.
«Есіктің алды көк терек»

қазіргі
халық өмірінің көкейкесті мәселесін 
тебірене де төгіле толғаған поэма. Дүниежүзілік апатқа қарсы, бейбітшілік 
үшін күреске үндейтін жалынды пафоспен суарылған жігерлі шығарма. Ол 
поэзияның бүгінгі өмірмен тығыз бірлігін, өміршеңдігін, әлеуметтік 
тынысын, саяси актуалдығын дәелдейтін поэмалардың бірі.


51 
Экология проблемасы
-
қазіргі адамзат қауымын қатты толғандырып 
отырған дүниежүзілік ірі проблемаға айналғаны баршаға аян. Айналадағы 
табиғатты анамыздай аялап, оны сақтау, қорғауға бар күш
-
жігерді жұмсап, 
қолда бар мүмкіндікті сарқа пайдалануға ұмтылу
-
біздің еліміздегі бүгінгі 
күннің түбегейлі міндеті болып отыр. Қазақстанды мекендейтін жұртты 
алаңдатып, күн тәртібінде шұғыл шешуін күтіп отырған күрделі де қиын 
проблемалар да аз емес. Атақты Арал теңізі, Балқаш көлі, Сырдарияның 
бүгінгі аянышты халі кім
-
кімнің де жүрегін сыздатып, қабырғасына қатты 
батып отырғаны аян. Міне, осындай табиғат пен адам арасындағы 
проблемалық қайшылықтарға айрықша назар аударып отырған ақындар 
өздерінің үлкенді
-
кішілі шығармаларында азаматтық позициясын жақсы 
танытып келеді. Бүгінгі таңдағы халық өміріндегі өзекжарды, аса маңызды 
мәселені толғаған қазіргі қазақ поэмаларының көрнектісі де көріктісі

ақын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет