62
ауыл прозасының белсенді де табанды шебері болса, сол ауыл өмірінің
ішінде көбіне
-
көп жастардың әрекеті, солардың ой санасындағы
жаңашылдық қызықтырады жазушыны.
Шығармадағы тартыс дегеніміз кейіпкердің әр қимылы, әр сөзі арқылы
көзге ұрып тұруға тиіс емес. Жазушы өзінің ойы мен пайымын жеткізу үшін
оқиғаға қатысушыларды төбелестірмеді деу қате. С.Мұратбековтың «Менің
құрдастарым» әңгімесінде мынадай диалог бар: «Нұрлан оқуға кетті
-
деді
әлден уақытта қапаланған көңілмен.
-
Оқығаны дұрыс қой…»
Бұл жолы да апам менің жауабымды ұнатпады. Көп уақыт үнсіз отырды.
Бір кезде терезе алдынан жүгіре басып қарындасым өтті де, екі иінінен
алқына дем алып үстімізге кірді. Тіптен біз күткендей емес. Балғын жүзінде
қуаныш ойнап тұр. Келген бойда апамды қапсыра құшақтап, бір айналдырып
билеп шықты…
Апам ыңғайланып әлдене айтпақ болып еді, бірақ Әлима ырық бермеді.
-
Апа, апатай, керегі жоқ ештеңе айтпаңызшы…Сіз қалай десеңіз де мен
оған сенемін…
Ауылға қазірге үйленбеген жас жігіт күйеуінен ажырасқан келіншек
Әсилаға іңкәр. (Қысқы кеш).
…-
Әсила мен сені ғана сүйемін ғой.
-
Енді қайт дейсің, сүйе бер…
-
Әсила, менің табысым Жүністен кем болмайды.
-
Әй, Жолбай, осы сөздерді мен сенен естіп тұрмын ба,
-
деп Әсила кейіс
үнмен оеы тыя тастайтды.
–
Жоқ, Жолбай олай демеші. Оның пысықтығы
менің жаныма тиетін. Енді түсіндің бе?
Әңгіме жанрының көркемдік дамуына елеулі үлес қосқан Сайын
Мұратбеков
-
өмір құбылыстарын бейнелей де суреткерлік шеберлігін
танытқан қаламгер. Бүгінгі ауыл өмірі, қарапайым еңбек адамдарының
тұрмыс
-
тіршілігі, қуаныш
-
реніші Сайын әңгімелерінің өзекті арқауы. Автор
қарапайым кейіпкердің басында болатын әр қилы психологиялық сезім
сипаттарын, тебіреністерін аса бір дәлдікпен нәзік суреттеп береді. Оның
«Қылау», «Үскірік», «Күсен
-
Күсеке», «Отау үй», «Ұлтуған», т.б. әңгімелері
бұл айтқандарымызға толық дәлел бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: