58
Ендігі бір әңгіме
–
«Ақсай мен Көксай»
мұнда да соғыс жылдарындағы
ауыл өмірінің хал
-
жағдайы сөз болады. Ежелден ауылы іргелес, қойы қоралас
отыратын, құда
-
жекжат болып араласып кеткен қырғыздар мен қазхақтардың
қиын
-
қыстау жылдары бір біріне сүйеу болып, қол ұшын беруі әңгіменің
ерекше атап өтер қасиеттерінің бірі. Қазақ Арзы ана мен қырғыз Нұралы
сияқты қарттардың екі елдің бірлігін сақтап, ауылға бас
-
көз болуы мейлінше
табиғи қалпымен суреттелген. Әңгімеде
сол бір ауыр кезеңдегі ауыл
адамдарының тағдыры арқылы соғыс кезінің типтік өмір шындықтары
реалистік көркем шындыққа айналған. Мұндағы кейіпкерлерді сыртқы іс
-
әрекеттерімен, дара характерлерімен ғана емес,
ішкі бейнесі
–
жан дүниесі
арқылы да санаңда сақтап қаласың. Әсіресе, Арзы ана осындай сом образ
дәрежесіне көтерілген. Осы бір қарапайым қарт ананың қимыл
-
қарекетінен,
шкі жан
-
дүниесінен ұлттық сипат қана емес, ел қамын ойлайтын абзал
аналарға тән қасиеттер көрінеді. Ананың соғысқа
кеткен Орха мен Ноха
сияқты балаларын ойлап мазасыздануы, оларға деген сағынышы мен
жүрегінде маздаған
махаббат оты барлық аналарға ортақ нәрселер. Жоқтан
бар жасап,
жалғыз сиырының майын жинап, базарға апарып, содан түскен
тиын
-
тебенге астық сатып алып, тағы басқа заттарын айырбастап,
тапқандарын талшық етіп күн көріп жатады Арзы аналар..
Сонымен қатар,
қырғыз Нұралы қарт та қашан да қажып жүрген жүдеу елге қамқор. Қазақ,
қырғыз балаларынықң барлығы да өз балаларындай. Арзы анамен қырғыз
аулына барған Барысханда Нұралы қарт алдына алып отырып, емірене
елжіреп, бауырына басып өз баласындай басынан сипайды.
Осындай
көріністердің бәрінен қатар жатқан Ақсай мен Көксайдай ағайындас екі елдің
арасындағы сондай бір жылы достық, шынайы бауырмалдық, қарым
-
қатынас
сезіліп тұрады.
Шерхан әңгімелерінің қай қайсысын алсақ та салиқалы, салмақты ойға
құрылған, өзіндік ерекшелігі айқын, оқырман жүрегіне
жылы ұялайтын
дүниелер. Жазушының қандай тақырыпқа жазылған әңгімесін алсақ та,
өмірде боллатын жағдайлардың, көпшіліктің көкейінде жүрген
шындықтардың шын шеберлікпен, нәзік дәлдікпен суреттелгенін айтар едік.
Кейіпкер жан
-
дүниесіне жіті үңіле білетін психолог жазушы
Достарыңызбен бөлісу: