83
иланасыз. Хан мен Гүлжайна сияқты типтер болмаса, өмiрдiң қызығы мен
сиқыры, жұмбағы мен құпиясы әлдеқайда аз болар едi.
«Аққұс» повесiнде ырың
-
жырың болған жанұя мүшелерiнiң қарым
-
қатынасы Ермек атты баланың көзiмен берiледi. Өмiрлiк шындық екенi және
рас. Оспан тәрiздi адамдардың ең соңында өзiн
-
өзi жеңе бiлгенiне нанасың.
Өзi туралы шындықты бiлiп қойған Ермектiң туып
-
өскен ауылына
қашатынын, әжесiнiң мейiр
-
шуағын өмiрден ұдайы iздеп жүретiнiн
түсiнгендей боласың.
Жинақтағы ең сүбелi, ең шырайлы дүние
–
«Ақпанның ақырғы күнi»
атты повесть. Мұнда Ұлан, Ләйла, Айдар тәрiздi үш сыныптастың, кейiннен
еңбек долы бiр колхозда тҮйiскен заманы бiр құрдастардың тыныс
-
тiршiлiгi
шынайы түрде бейнеленедi. Адамдар бойындағы iзгi әрi қаскөй қасиеттердiң
тамыр жайған мәйегi сын сағаттарда қандай тұрғыда өрiс табады немесе
мүлдем өшiп тынады? Повесть былай қарағанда дәстүрлi үштiк арасындағы
тартысқа құрылғандай көрiнуi мүмкiн. Сөйте тұра, тосын жағдайда
-
ақпанның ақырғы күнiнде адамдар бойындағы қаскөй нышандар, iс
-
әрекеттер iзгiлiк алдында жер болып жығылады.
Ұлан
–
қайтпас, қайсар жан. Жетiмдiктiң тақсiретiн тартқан адамның тек
өз күшiне ғана сенетiндiгi өмiрлiк шындық. Өйткенi, оның сүйенерi жоқ. Бар
тiрегi
-
өзiн
-
өзi жiгерлендiру, өзiн
-
өзi шыңдау. Айдар
–
кекшiл, өлермен, «бит
iшiне қан құяр ебi бар» пысық, ферма меңгерушiсi. Жасында өлең жазған.
Бiрақ ол сезiмдi өшiрiп алған. Әсершiлдiктiң арты әлемiшке, жеңiл табысқа
жетуге қызығуға ұмтылумен бiрге тұншығып
та қалған. Сұлулыққа iңкәрлiк
бетi қызылдың соңына түсумен, сонны қанағат тұтумен аяқталған. Айдардың
мықтылығы
–
дәулетiнде, осалдығы
-
өмiрден опық жеп адасқандығында.
Бала кезiндегi махаббаты
–
Ләйладан айрылуы осының дәлелi. Өмiр күрделi,
өмiр шындығы
да
–
күрделi. ёланды көзiне iлмейтiн, Айдар десе iшкен асын
жерге қоятын Ләйланың тағдыры да күрделi. Алғашқы махаббатын да
қимайды, оған деген көңiлi де суымаған. Бiрақ, өзi тауып қосылған ёланның
көзiне де шөп салғысы келмейдi. Баққожа Мұқаев осының бәрiн шиыршық
арттыра отырып суреттейдi, бiрақ шектен аспайды. автор өз кейiпкерлерi
жанының нәзiк иiрiмдерiне зорлық жасамайды. Адамдардың ситуацияны
немесе ситуациялардың адамды билеген тұстағы психологиялық реңктерге,
иiрiмдерге зер салады.Бұған «Ақпанның ақырғы күнi» повесi айғақ. Адалдық,
адамгершiлiк, азаматтық жауапкершiлiк сыны олардың өзiн де, өзгелердi де
қатал сыннан өткiзедi.
Ұлан, Айдар, Ләйла, Баубек болмыстарындағы қарама
-
қайшылықтар
өзара сабақтас жәйттер, тамырлас нышандар. Бiржақты, бiртектi
әсiрелеу
немесе қаралау жоқ. Бұлардың қай
-
қайсысы болмасын «адамға тән нәрсенiң
бәрi де маған жат емес» дейтiн, күрделiлiгi басым кейiпкерлер.
Жалпы алғанда Баққожа Мұқаев күнi бүгiнге дейiн жиырмаға жуық
прозалық кiтаптар мен оннан астам драмалардың авторы. Бұлардың баршасы
әдебиет пен театр сынының назарынан тыс қалмаған, өз бағаларын алған.
Достарыңызбен бөлісу: