Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет42/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85
Yмiтiмдi бiлмеймiн неге үзбеймiн, 
Аласұрған тынымсыз теңiздеймiн. 
Жым-жырт. сұрғылт күндерден жабыққанда, 
Сәулелердiң iшiнен сенi iздеймiн

Бұл шумақтан әйел жанының нәзiк тебiренiсiн сезiнесiң. Меңсұлудың 
жыр жолдарынан сүйiспеншiлiктiң ыстық демi соғып, болашаққа бұйырмаған 
бақыттың ащы лебi еседi. 
Романды тұтас оқып шыққанда
жазушының шеберлiк талантына, ой 
тереңдiгiне сүйсiнуге болады. Романда адамның қуанышы мен мұңы, 
шаттығы мен өкiнiшi жатыр. Шығармадағы оқиға желiсi шиыршық ата 
тартысқа жетелей келiп, шешiмiн өзiңе қалдырады. Бұл да шебер жазушының 
қолдана бiлетiн әдемi тәсiлi. Қаламгердiң тiлiде шұрайлы. Қоғам, өмiр, 
табиғат құбылыстарын адам тағдырымен сабақтастыра суреттей бiледi. 
Шығғрма сонысымен де құнды.
Жазушы 
– 
Шаяхмет Құсайынұлының «Жолбарыс жүрек» роман 
дилогиясы деректi шығармадан гөрi көркем туындыға көбiрек келiп тұр. 
Жазушының басты табысы композиция құра бiлетiн дер едiк. Егер орнымен 
қолдана бiлсе, тiл байлығы жеткiлiктi. 
Мақсат Тәж
-
Мұраттың Төлен Қаупынбаевтың, Нұрдәулет Ақыштың, 
Сәрсен Бек Сахабаттың кiтабы және бiр тұлғаның өмiр тарихына арналған 
дүниелер екен. Мысалы, Нұрдәулет белгiлi әншi сазгер Алтынбек 
Қоразбаевтың өмiрi мен шығармашылық өнерiнiң кейбiр кезеңiн мейлiнше 
әсерлi сұлу сезiмге толтыра келiстi суреттесе, Сәрсен өзiнiң Төреғұлдың 
Нәзiрi атты кiтабының жанрын «Ғұмырнамалық дастан» деп атап, көрнектi 


79 
мемлекет және қоғам қайраткерi, ғалым
-
ағартушы, тұңғыш кәсiби дипломат 
өмiрiнiң түрлi бұралаңды кезеңiн Жан
-
жақты сөз етедi. 
Ал Төлен Қаупынбаевтың «Қыран тағдыр» атты «Жарық жұлдыз туралы 
жырына» ғалым Шоқан Уәлихановтың Жетiсу өңiрiндегi iзденiстерi 
ұшырасып, араласқан адамдардың өмiрi әңгiме арқауына айналған. 
Жазушының п iзденгенi көрiнiп тұр. 
Сондай
-
ақ, Серiк Әбдiрайымұлының «Бес мүшел белесiнде» атты 
шығармасы арнайы сөз етудi қажет ететiн салмақты кiтаптың бiрi. 
Жоғарыда деректi прозаға деген талап мүлде өзгергендiгiн ескердiк. Бұл 
шарт әсiресе, алдымен тарихи танымға өзiнiң тереңдiгiмен ықпал ете алатын , 
сол арқылы қоғамның дамуына себi тиетiн философиялық категория 
негiзiнде ұлттық тәуелсiздiктiң қамын жейтiн ерекше мәндегi шығармаға ғана 
тән талап. Ондай шығарма әп дегеннен қалың бұқараға түсiнiктi бола да 
қоймас, тiптi оны кез келген оқушының оқып, пайдаға жаратуы да екiталай 
шығар, бiрақ ұлттың өзiн зиялы санайтын кез келген кiсiсi ондай шығарманы 
бiр емес, бiрнеше қайтара оқуы мiндеттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет