Жазушы Жұматай Шаштайұлының 2004 жылы «Жалын»
баспасынан «Жаңғырық» атты жаңа романы жарық көрдi.
Жазушының
аз жазса да саз жазатын сырбаздығы, сiрә, сөз өнерiне өнер құдыретiне деген
үлкен жауапкершiлiктен, адал да таза махаббатттан өрбiп жатса керек.
Ең бастысы, жазушының оқушысына танытар өзiндiк әлемi бар, айтар
ойы бар, көрсетер көркемдiк уақыты мен кеңiстiгi бар. Ешкiмге ұқсамайтын
кесек кейiпкерлерi бар, олардың әркiмдi ойға салар, тұңғиық мұңға батырар
тосын тағдыры бар.
Қаламгердiң әдебиет әлемiндегi өзiндiк өрнегi, дара қолтаңбасы,
стильдiк ерекшелiгi бiздiңше
–
кейiпкердiң iшкi әлемiне сырттай бақылау
арқылы барлау жасауы, яғни «мен» де емес, «сен» де емес, кәдiмгi дәстүрлi
«олды», (үшiншi жақты)
–
классикалық стильдi пiр тұтынуы дер едiк.
Көркемдiк уақыт пен кеңiстiктi, ондағы өмiр кешкен адам тағдырын еркiн
игеруге мүмкiндiгi мол үшiншi жақпен айтылатын ойлар.
Белгiлi жазушының «Жаңғырық» деген романында да осы ақиқат,
кәдiмгi бәрiмiз көрiп, куә болып жүрген қарапайым өмiрдегi шынайы
шындық тағы алдымыздан шығады. Бүкiл қоғамымыз, қазақ
елi
тоталитарлық кезеңде бастан кешкен тарихи оқиғалар, бастан өткерген өмiр
белестерi өзiнiң бар бояуымен, табиғи болмыс
-
бiтiмiмен көрiнедi. Бiр
шаңырақ астындағы үш Адам тағдыры бейне бiр қазiргi қазақ қоғамындағы
үш тап өкiлiнiң өмiр тарихын көркем кстелейтiндей. Мәселен, жас журналист
Бегiмбет тоталитарлық сана ықпалынан жаңа арыла бастаған қазақ
зиялыларының жаңа өкiлi болса, Мәскеудiң кинорежиссерлiк оқуын
тауысқан әпкесi Нұрғаныш өз өзегiнен жерiген, өз ұлтын менсiнбейтiн, оның
тек кемшiлiгiн көргiш
маргиналдың нақ өзi. Қалада туып
-
өссе де қазақы
мiнез, тектiлiгiнен айрылмаған мiнездi де тұлғасы кесек шешесi
–
Назбүбi
оқымаса да өзiндiк ойы бар, таза табиғи болмысты ту етiп ұстаған кешегi
ұрпақтың бүгiнгi жұрнағы. Осы үш кейiпкердiң тағдыры, санасы, танымы,
көзқарасы т.б. арасындағы қайшылық, кереғар пiкiр, мiнез
-
болмыс, бүгiнгi
80
қазақ ұлтының бастан кешiп отырған тағдырын бедерлейдi. Қазақ халқының
тұрмыс
-
салты, қадiр
-
қасиетi, далалық пен қалалықтар арасындағы
психологиялық түзiлiстер, олар бастан кешiп отырған ұлттық фактор
шығарманың сюжетiн шиеленiстiрiп, оқиғаның мазмұн
-
мәнiн, рухани
құндылығын арттырып отырғандый. Шығармадағы оқиға композициясының
тосынқурылуы, дала мен қала тiршiдiгiнiң параллелдi түрде қосамжарласа
бейнеленуi арқылы қазiргi қазақтардың жан әлемiндегi екiұдай сезiмдi, қақ
жарылған қос құндылықты мансұқтаған, жаратылыс бiр болғанымен,
мақсаты екi түрлi сезiмдiк құбылыстарды суреттейдi. Қалалықтардың өмiрi
қызық, бiлiмi жоғары болғанымен, олар далалықтарда сақталған ата дәстүр,
тектiк белгi кесек мiнез, тарихи болмыстың мәңгiлiк маңызын, ұлттық
рухтың биiктiгiн мансұқтайды. Қазақты ұлт ретiнде сақтайтын алтын оқ әлi
де болса ауыл, ондағы қаймағы бұзылмаған ана тек ата дәстүр екендiгiн
автор ата кәсiптiң ауыр бейнетiн кешсе де, өзiң табиғи болмысынан ажырай
қоймаған адамдар тағдыры, олардың азапты қасiретi, тұрмысы арқылы
суреттейдi. Кейiпкерлер тағдыры екi сюжеттiк желiмен
–
алма
-
кезекбаяндалып отырады. Бұл әдебиеттану ғылымында «жарыспалы
композиция» деп аталады. Романдағы дала өмiрi, ата кәсiптi мұрат тұтқан
ауыл адамдарының ауыр бейнетi тұрмысы, қандай қиыншылықтан да
мойымайтын қайсарлығы эпикалық дәстүрдi ұстанган авторлық
психологиялық баяндау барысында берiлсе, қалалықтардың рухани
әлемiндегi және iс
-
әрекеттердегi қайшылықтары көбiнде ой қақтығыстары,
iшкi диалогтар негiзiнде жүзеге асырылады. Екi сюжеттiк желi де адам
тағдыры, оның тарихы, оның рухани әлемiндегi кескiлескен күрес үстiнде
көрiнiп, әр таптың, яғни дала мен қала тұрғындарының қайшылыққа толы
өмiр тағдыры өздерiнше шешiлiп жатады. Әрбiр кейiпкердiң тағдыры
шығарманың соңына дейiн күрделене дамып, iшкi жандүниесiнiң қатпарлары
қалыңдап, көркем бораздар ерекшелене, сомдала түседi.
Қаламгердiң дара қолтаңбасы
–
сөз өнерiнiң көркемдiк сапасына ден
қойып, сонны шеберлiкпен меңгергенiнен, авторлық психологиялық
баяндаудың, яғни кейiпкердiң рухани әлемiн сыртқы симптомдар арқылы
ажарлай бейнелеуден айқын көрiнедi. Адам тағдырының тылсым сырларына,
кейiпкерiнiң iшкi жан әлемiндегi неше алуан сезiмдiк
-
эмоциялық
құбылыстарды айнытпай беретiн сыртқы ишара белгiлердi бейнелеуге, жеке
санадағы психологиялық процестердi көрсетуге ерекше мән бередi.
Кейiпкерлерiнiң рухани
-
психологиялық өмiрiн өзiне тән көркем бейнелеу
құралдарымен баяндау жазушының дербес қаламгерлiк жүйесiнiң жүрек
демiн байқатады. Оның үстiне сол авторлық психологиялық талдау көркем
характердiң ерекше сомдалуына шешушi рөл атқарады. Жазушы жеке адам
тағдыры арқылы бүкiл бiр ұлттың мәселесiн қозғайды.
Қаламгер бұл романында бұрындары ашық айтыла бермейтiн, айтсақ та
астарлай жеткiзетiн тоталитарлық жүйенiң зардабын жете зерделеуге, оның
ұрпақтар санасына салған зiл
-
заласын, жетпiс жыл бойы жүрекке салған
салмағын тәуелсiздiктi ту ете отырып, салиқалы тұрде айтуға тырысып
баққан. Романның өзi «Қиыр жайлап, шет қонған
қазақтарды Америка
81
үндiстерiнен, Австралия аборигендерiнен айырмасы жоқ деп санайтындар әлi
жазаға тартылады»,
-
деген жолдардан басталуының өзi бұл туындының өзге
шығармалардан өзгеше екенi байқалады. Автор Сансызбай арқылы ауылда
ата кәсiптiң ауыр бейнетiн белшесiнен кешсе де, өзiнiң табиғи тектiлiгiнен,
қайсарлығынан, ар
-
намысын арзан қылыққа айырбастай қоймайтын өрлiгiнiң
өмiршеңдiгiн өнеге етедi. Нағыз қазақ мiнез, тектiлiк, рухтың мықтылығы
романда осы Сансызбай бейнесi арқылы сомдалған. Романда соңына дейiн
өмiрде әлi де кездесетiн солақай көзқарас айтылып отырады. Бұл қазiргi
тәуелсiздiк жылдарында елдiгiмiздiң, еркiндiгiмiздiң нәтижесiнде осындай
шығармаға ой талқы боларлық тақырыпқа айналғандығын көрсетсе керек.
Жазушы Баққожа Мұқаевтың
Достарыңызбен бөлісу: |