Өзбекстан республикасы жоғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева



Pdf көрінісі
бет66/85
Дата13.10.2024
өлшемі1,27 Mb.
#147956
түріУчебное пособие
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   85
Бiр адамға
 
Бiр үйде жиюлы екен қазына мал,
Көрсеттi бәрiн бiзге ақсақал шал:
«Бұрынғы атамызға сыйға берген,
Бiздерде мынадай бар, мынадай бар!...»
Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр
-
ай, қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырмақ, тенге алыпты!
Суреттер және көрдiм жүзi жарқын,
Ойладым: «Оңдырған
-
ау баққан халқым!»
Соншама құны толық болды түйме,
Артында қалдырмас па жақсы даңқын?!


139 
Дедiм мен: «құтты болсын шекпенiңiз,
Артқыға қандай егiн еккенiңiз?
Жусақ та денемiзден
кетер емес
Сондағы тұқым шашып сепкенiңiз».
Көргенде күмiс кесе, алтын аяқ,
Бiр сөздi тамағыма қойдым таяп:
«Қай момынның малы бар бұл аяқта?»
Демейiнше болмады, қарап жай
-
ақ!
Отырдым, көрсем жекiп тастар ма деп,
Шал айтты: «Көрiңiздер, жасқанба!» 

деп

Кесенi қолыма алып қарай бердiм,
«Iшiнде нақақ көзден жас бар ма?» 

деп.
Шәкiрт ойы
 
Қараңғы қазақ көгiне Надандық теңiзi тартылар.
Өрмелеп шығып, күн болам! Орны отайып, көгерер,
Қараңғылықтың көгiне, Қызығын жайлап ел көрер.
Күн болмағанда, кiм болам? Тұрмыс, тағдыр 
– 
бiрi де,
Мұздаған елдiң жүрегiн Бұл мақсаттан бұра алмас,
Жылытуға мен кiрермiн! ҚаҺарман Рүстем, Әли де,
Еңбек, бейнет тарауы,
Бұрам деп жолда тұра алмас.
Рақатқа сарқылар.
Сыланған жардың 

күлiсi,
Қыздырып күннiң қарауы,
Алдандырмас бiр iсi. 

Сұлтанмахмұт Торайғыров 
Мен кiм?
 
Арыстанмын, айбатыма кiм шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кiм тұрар?
Көкте 
– 
бұлт, жерде 
– 
желмiн гулеген,
Жер еркесi 
– 
желдiң жөнiн кiм сұрар?
Көкте 
– 
күнмiн, көпке нұрым шашамын,
Көңiлге алсам, қазiр ғарышқа асамын,
Шетi, түбi жоқ теңiзбiн қаракөк,
Ерiгемiн 
– 
толқып, шалқып, тасамын.
Жалынмын мен, келме жақын

жанарсың,
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
Күл болсын көк, жемiрiлсiн жер, уайым жоқ,
Көз қырымен күлiп қана қарармын...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет