Өзбекстан Республикасы Мектепке дейінгі және мектеп білімі министрлігі


Оқу практикасын өткізуге қойылатын негізгі мақсаты мен міндеттері



бет2/9
Дата14.10.2023
өлшемі167,5 Kb.
#114332
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Оқу практикасын өткізуге қойылатын негізгі мақсаты мен міндеттері



1.1. Оқу практикасының мақсаты мен міндеттері
Қазақ диалектологиясы курсы бойынша білім алушы студенттердің алған теориялық білім дағдыларын, олардың кəсіби теориялық біліктіліктерін жетілдіру;
Білім алушы студенттердің тіл біліміндегі диалектизмдер, олардың жаңа ғылыми сипаттары мен бағыттары туралы тілдік материалдар негізінде білімділік, сауаттылық дерекқорларын байытып, тəжірибелік тұрғыда мəліметтер беру;
Қазақ тілі құрамындағы говорларда байқалатын диалектілік ерекшеліктердің тіл құрылысының салалары (фонетика, лексика, грамматика) бойынша негізгі белгілерін айырып, меңгеру;
Студенттер өзі туылып өскен ауылының, ауданының əр жерлеріндегі жергілікті сөйлеу ерекшеліктерін, түрлі диалектілік мəні бар халық тіліндегі материалдарды қағаз бетіне түсіріп, тың тілдік деректерді жинап, оларды талдауға, сөздіктер түзуге дағдыландыру;
Жергілікті диалектілік ерекшеліктерді тəжірибе жүзінде дұрыс байқап одан дəлелді тілдік талдаулар, қорытындылар жасау;
Ел, халық арасынан жиналған түрлі диалектілік тілдік материалдар арқылы, халқымыздың, ұлтымыздың салт-дəстүрі, ауыз əдебиеті үлгілерінен, өмір тіршілігі, этнографиялық-мəдениетінен, тұрмысынан, сөз шеберлігі мен сөз өнері сияқты т.б. халқымыздың зор тілдік құндылықтарынан хабардар ету. Диалектологиялық тəжірибеден жинақталған деректер мен тілдік материалдарды сұрыптап, жүйелеп, олардың картотекасын, дерекнамалық қорын жасап, қалыптастыру;
Халық тілінен жинақталған жергілікті ерекшеліктерді сұрыптап, оларды сөйлете білу, диалектологиялық талдаулар жасау;
Білім алушылардың халық тіліндегі жергілікті сөз асылдары мен сөз маржандарын терең меңгеріп, тілдік, сөздік қорларын байытып, барынша таза да, табиғи əдеби тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
Жекелеген диалектизмдердің туындау, сақталу тарихын ажырату жəне диалектизмдерді жинақтау, жию, реттеу, сұрыптау, қорытындылар жасауға дағдылану т.б.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет